Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыКлассный час «Әліппе, саған мың алғыс!»

Классный час «Әліппе, саған мың алғыс!»

Скачать материал

 

Смагулова Марал Ельтаевна

№5 гимназия

бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Тәрбие сағаты: «Қош бол, сүйікті Әліппе!»

 Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс нәтижесіне жетуге дағдыландыру.

Көрнекіліктері: «Қош бол, сүйікті Әліппем!» тақырыбы, әріптер, шарлар. Әліппе, Ана тілі оқулықтарының макеті.  Мақал-мәтелдер. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық!» өлеңі, Ы. Алтынсариннің портреті.

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды «хан баласындай нық , бидің баласындай тік» сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу – бүгінгі біздің ұстаздардың, ата-аналардың міндеті. Соның бір көрінісі бүгінгі өткелі отырған «Қош бол, сүйікті  Әліппем!» ертеңгілігін көріп тамашалаңыздар!

Ертегі Ерте,ерте,ертеде,

Ешкі жүні бөртеде

Қырғауыл жүні ұзын екен

Баяғыда орманда екі үй болыпты біреуі көк біреуі қызыл .Көк үйде дауыссыз дыбыстар ,қызыл  үйде  дауысты  дыбыстар  тұрыпты

- Жазда,ыстық шілдеде Әліппе өмірге келіп, а-а-а- деп алғашқы жылап, ал депті..Одан кейін біраз уақыттан кейін тісі шыққанда ә-ә-ә-депті,б-б-б –басын бұрыпты, бер-депті.Тәй-тәй басып ата,апа депті. Сөйтіп, ержетіп өсіп,ол да қазір ата болыпты.Енді қазір атамыздың 15 қызы, 25ұлы, 2 немересі бар екен.

.Олардың  атасы  Әліпби  деген  дана болыпты. Осы  екі  үйдің  қызыл  үйшіктегі  әріптері  көңілді  тұрыпты.  Ал  көк  үйдегі әріптері үнсіз өмір сүріпті.

Бұны көрген   «Әліпби»  Мен  осы  екі  үйдегі  әріптерді  арластырсам  не  болады  екен? Деп ойланып, араластырса  ғажайып  бір  жайға куә болыпты. Әріптер сөйлей жөнеліпті. Осылайша  әріптерден сөз  сөйлем пайда болыпты.

 

 

 

Біржан  

1.Ассалаумалейкум  , халайық!

Адина

2. Армысыздар құрметті қонақтар: Бүгін  біз шексіз  қуаныштымыз.Себебі алғаш сауатымызды ашқан ,жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.

Біржан

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз  , ұстаздар, ата- аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Адина

Шаттанамын , мен бүгін шаттанамын,

Әріп сырын түсіндім , мақтанамын.

Әріп сырын үйреткен Әліппем де ,

Түстей болып  міне бүгін артта қалды.

1-оқушы: Ақбаян

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң,

Әліппеміз қоштаспақ!

Ой білімі жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш, балдырған,

Құтты болсын, тойларың!

2-оқушы: Жибек

Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

3-оқушы: Арайлым

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

4-оқушы: Арслан

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық!

Ортаға үлкен әже шығып шашу шашады.

Ән: «Әліппе»

 

Біржан  

-Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.

Адина

- Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. Соның ішінде сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге мұғаліміміздің көмегімен дағдыланудамыз.

Мұғалім: Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен:
Болашаққа жол ашар –

Ол сүйікті - Әліппе!

Ол сүйікті - Әліппе!

 

олай болса,  той иесі Әліппемізді ортаға  шақырайық.

Бәрі: Әліппе,Әліппе,Әліппе

Әліппе:

Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата- аналар.

Құттықтаймын,саусыңдар ма.

Бүлдіршіндер,балдырғандар?

Менің атым Әліппе.

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Бауыржан да,Мәлік те.

Болашаққа жол бастап,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажайыптың

Әліпбиін меңгерген

Келешегі Қазақтың

Басталады сендерден. 

5-оқушы: Жамиля

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

 

6-оқушы:Нұрхан

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп де,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйретті оны Әліппе.

7-оқушы: Жания

Әсем ою-өрнекпен

Көмкерілген әліппем!

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем

8-оқушы:Жанэль

Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүрміз,

Рахмет саған Әліппе.

9-оқушы: Ильяс

Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

10-оқушы:Әділет

Ең алғаш алғанымда Әліппемді

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді.

Ұстазым оның кілтін алып берді.

11-оқушы:Багдат

Қымбатты менің Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

12-оқушы:Сати

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым атасы.

Әліппеден басталған

Даналардың данасы.

13-оқушы:Нұржас

Іші толған әріпке-

Мынау әйбат Әліппе

Барлық ілім- білімнің,

Әжесі осы – Әліппе.

14-оқушы: Қ.Рамазан

Әліппем, менің әліппем,                          

«А» деген басты әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

15-оқушы: Томирис

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе,

Ақыл берді мұғалім. 

«Жұмбақтар әлеміне саяхат» ана аталар жұмбақтар жасырады оқушылар оны шешеді.

Балалар! Менің жұмбағым  бар  кәне кім тез ойланып шеше алады екен?

1.Алтын сандығым ашылды,

   Ішінен күміс шашылды.              (жұлдыз)

2.Бір   үйдің  қырық баласы бар ,

   Сөзге шорқақ  екі данасы бар.    (40 әріп,2 таңба)

3.Ақ  қағазға  сан  қайталаған

   Жазудан  еш  шаршамаған.    (дәптер беті, қалам)

4.Бүлдірсең  дәптерді ,

   Кетірем , тап мені .   (өшіргіш)

 

Аю:

-Бұл қай жер? Ештеңе түсінсем бұйырмасын!  Мыналар не,әріптер ме? Бұл не деген жазу екен? Қап, оқи алмаған қандай жаман!

Түлкі:

Сәлеметсің бе аю!

Аю:

Сәлеметсің бе түлкі!

Түлкі :

-Сен бұл жерде не істеп жүрсің?

Аю:

- Оқи алсам мына жазуларды оқығым келеді.

Түлкі :

- Кел аю, екеуміз бірге оқиық , мен де оқығым келеді.

Қоян : Сәлеметсіңдер ме достар!

Екеуі:

Сәлеметсің бе қоян!

Қоян:

-Айтыңдаршы екеуіңіз не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Екеуі: Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр.

Қоян:

А, олай болса бірге оқиық , мен де оқығым келеді.

Екеуі:

Кел онда, оқысақ оқиық.

Тиін:

-Сәлеметсіңдер ме достарым!

Үшеуі:

Сәлеметсің бе тиін!

Тиін:

Барлығың мында жиналыпсыңдар , не істемек ойларың бар?

Үшеуі:

Мына жазуды оқымақ ойымыз бар.

Тиін:

Онда  бірігіп оқиық.

Үшеуі:

Оқысақ оқиық!

Тышқан:

-Сәлеметсіңдер ме достарым!

Төртеуі:

-Сәлеметсің бе Тышқан досымыз!

Тышқан:

-Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Төртеуі:

Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар.

Тышқан:

- «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дейді , бірге оқиық!

Төртеуі:

Оқысақ оқиық!

Аю:

-Менің ойымша бұл- «бал» деген  жазу

Түлкі:

-Ал,менің ойымша бұл- «Та- уық» деген  жазу.

Қоян:

-Ал,менің ойымша бұл- «Сә- біз» деген  жазу.

Тиын:

-Жоқ, жоқ бұл – «жаң-ғақ» деген жазу

Тышқан:

-Не деген көп жазу , бұл қандай сөз болды екен  а?

Әліппе:

-Неге дауласып жатырсыңдар достарым? Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма?

-Балалар ,сендер Әліппені оқып бітірдіңдер, олай болса аңдарға  оқып көмектесейік.

Балалар:

Мек- теп.

Аңдар:

Мектеп? Мектеп деген не?

Әліппе:

-«Мектеп» деген- балалалар оқып ,білім алатын  үй. Қазір сендер мектепте тұрсыңдар.Бүгін 1 «А» сыныбында алғаш кітабы Әліппемен қоштасу салтанаты өтуде. Мектептен неге үйренуге болатынын балалардың әнінен білесіңдер.

Ән: « Қоңырау»

16-оқушы: Мадияр

Бұрқыраған білімнің

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том- том болған кітаптың

Басы болған әліппем.

17-оқушы: Алим

Әліппем менің,  әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштың мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Әліппем менің, әліппем,

«А» деген бас әріппен

Сөз құрап жаза аламыз

Тақылдап таңба танып мен.

18-оқушы: Абдусалам

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Бестік болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз

Өнер – білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз

19-оқушы: Малика

Білімнің қайнар бұлағы.

Өнердің жарық шырағы ,

Тұрағы өзің мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.

20-оқушы: Қ.Мансұр

Өнерге ортақ тәрбиең,

Бір сеннен қуат аламын.

Мектебім -мәңгі бапкерім,

Таудай ғой менің талабым.

21-оқушы: Әділет

Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәулеңді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

Ана тілінің тапсырмалары

1 -тапсырма.

Мына сөздің барлығына ортақ әріпті  табыңыздар?

Жүзім, қарбыз, пияз

 2- тапсырма  Мына сөздердегі қалдырылған әріптерді табыңыздар

  Сағ._т                            т ._лкі

 ._өрік                          ү ._рек

3-тапсырма

-      Кім маған  оқу, білім жайлы мақал айтып берер екен?

Оқу -білім бұлағы

Білім өмір шырағы

 

Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

Оқу инемен құдық қазғандай

Кітап алтын қазына

4-тапсырма

«Қазақстан» сөзінен қандай сөздер жасауға болады?

 

Әліппе:

-Жарайсыңдар  балалар! Құрметтеріңе рахмет. Енді меннен алған білімдеріңді «Ана тілі» пәнімен ұштайсыңдар.Міне менің досым, Ана тілінің өзі де келіп қалыпты,қарсы алыңдар!

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар:

Сәлеметсіз бе Ана тілі!

Ана тілі:

Мен Ана тілі оқулығы боламын. Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.Ақын- жазушылардың шығармаларын, ертегілерді ынта қойып оқыңдар.Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.

Бәрі:Оқимыз, оқимыз.

Ана тілі:

Ал балалар, осы Әліппеден сауаттарыңды ашып, оқу мен жазуға үйреткен кім?

21-оқушы: М.Рамазан

Барша жұртқа сыйлаған,

Ілім- білім мұратын.

Өмірдегі сыйлы адам,

Бес әріптен тұратын.

Әліппе:

Жаны шуақ , мейірлі,

Ұстазды кім білмейді?

22-оқушы:Камила

- А-ны, айтқанда дауысымыз дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді

23-оқушы:Айшуақ

-Жүректерге сүйікті ең бір жақын,

«Абай» деп атамның жаздым атын.

Хатқа жазып ата-ана есімдерін,

Күнім бұл бірінші рет мақтанамын.

24-оқушы:Тілек

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз!

Ата-ана құанышқа ортақ боп

Сауатты боп шықты, міне балаңыз!

25-оқушы:Е.Сабина

Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықтап сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де,

Атын, затын, түрін де.

26-оқушы:Т.Сабина

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім

27-оқушы:Надира

Білімге жолды бастаған

Әліппем саған мың алғыс!

Оқы деп ұран тастаған,

Әліппем, саған мың алғыс!

Әліппе:

Бәрі жақсы , балалар: Енді мен сендермен қоштасайын..алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата- аналарыңызды тыңдаңдар.Менің досым Ана тілін ренжітпей оқыңдар, ұқыпты ұстаңдар, онымен дос болыңдар.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің,

Оқығандарың есте болсын.    

Күнделіктерің 5- ке толсын.

Ән: «Рахмет, саған Әліппе!»

Біржан

Қош бол құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Толқындатып сөйлеттің.

Адина

Қош бол сүйікті Әліппем.

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен.

 

Би «Мектеп полькасы»

Ән: «Балапан»

Би «Жаңа жыл»

Құттықтау сөз

Біржан:  – Бүгінгі той иелеріне жылы лебізін айтып құттықтау  сөз ата-анаға береміз.

Хор: «Мұғалім ол біздің»

Би «Барбарики»

 

Адина:

Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың!

 

Біржан:

Тойларымыз құтты болсын ата-ана!

Тойларымыз тойға ұласын ағайын!

 

Бірге: Келесі кездескенше сау, саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час «Әліппе, саған мың алғыс!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  Смагулова Марал Ельтаевна №5 гимназия бастауыш сынып мұғалімі     Тәрбие сағаты: «Қош бол, сүйікті Әліппе!»  Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс нәтижесіне жетуге дағдыландыру. Көрнекіліктері: «Қош бол, сүйікті Әліппем!» тақырыбы, әріптер, шарлар. Әліппе, Ана тілі оқулықтарының макеті.  Мақал-мәтелдер. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық!» өлеңі, Ы. Алтынсариннің портреті. -Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды «хан баласындай нық , бидің баласындай тік» сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу – бүгінгі біздің ұстаздардың, ата-аналардың міндеті. Соның бір көрінісі бүгінгі өткелі отырған «Қош бол, сүйікті  Әліппем!» ертеңгілігін көріп тамашалаңыздар! Ертегі Ерте,ерте,ертеде, Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні ұзын екен Баяғыда орманда екі үй болыпты біреуі көк біреуі қызыл .Көк үйде дауыссыз дыбыстар ,қызыл  үйде  дауысты  дыбыстар  тұрыпты -  Сәлеметсің бе түлкі! Түлкі : -Сен бұл жерде не істеп жүрсің? Аю: - Оқи алсам мына жазуларды оқығым келеді. Түлкі : - Кел аю, екеуміз бірге оқиық , мен де оқығым келеді. Қоян : Сәлеметсіңдер ме достар! Екеуі: Сәлеметсің бе қоян! Қоян: -Айтыңдаршы екеуіңіз не істеп жүрсіңдер бұл жерде? Екеуі: Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр. Қоян: А, олай болса бірге оқиық , мен де оқығым келеді. Екеуі: Кел онда, оқысақ оқиық. Тиін: -Сәлеметсіңдер ме достарым! Үшеуі: Сәлеметсің бе тиін! Тиін: Барлығың мында жиналыпсыңдар , не істемек ойларың бар? Үшеуі: Мына жазуды оқымақ ойымыз бар. Тиін: Онда  бірігіп оқиық. Үшеуі: Оқысақ оқиық! Тышқан: -Сәлеметсіңдер ме достарым! Төртеуі: -Сәлеметсің бе Тышқан досымыз! Тышқан: -Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде? Төртеуі: Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар. Тышқан: - «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дейді , бірге оқиық! Төртеуі: Оқысақ оқиық! Аю: -Менің ойымша бұл- «бал» деген  жазу Түлкі: -Ал,менің ойымша бұл- «Та- уық» деген  жазу. Қоян: -Ал,менің ойымша бұл- «Сә- біз» деген  жазу. Тиын: -Жоқ, жоқ бұл – «жаң-ғақ» деген жазу Тышқан: -Не деген көп жазу , бұл қандай сөз болды екен  а? Әліппе: -Неге дауласып жатырсыңдар достарым? Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма? -Балалар ,сендер Әліппені оқып бітірдіңдер, олай болса аңдарға  оқып көмектесейік. Балалар: Мек- теп. Аңдар: Мектеп? Мектеп деген не? Әліппе: -«Мектеп» деген- балалалар оқып ,білім алатын  үй. Қазір сендер мектепте тұрсыңдар.Бүгін 1 «А» сыныбында алғаш кітабы Әліппемен қоштасу салтанаты өтуде. Мектептен неге үйренуге болатынын балалардың әнінен білесіңдер. Ән: « Қоңырау» Ана тілінің тапсырмалары 1 -тапсырма. Мына сөздің барлығына ортақ әріпті  табыңыздар? Жүзім, қарбыз, пияз  2- тапсырма  Мына сөздердегі қалдырылған әріптерді табыңыздар   Сағ._т                            т ._лкі  ._өрік                          ү ._рек 3-тапсырма -      Кім маған  оқу, білім жайлы мақал айтып берер екен? Оқу -білім бұлағы Білім өмір шырағы   Оқусыз білім жоқ Білімсіз күнің жоқ Оқу инемен құдық қазғандай Кітап алтын қазына 4-тапсырма «Қазақстан» сөзінен қандай сөздер жасауға болады?   Әліппе: -Жарайсыңдар  балалар! Құрметтеріңе рахмет. Енді меннен алған білімдеріңді «Ана тілі» пәнімен ұштайсыңдар.Міне менің досым, Ана тілінің өзі де келіп қалыпты,қарсы алыңдар! Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе Ана тілі! Ана тілі: Мен Ана тілі оқулығы боламын. Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.Ақын- жазушылардың шығармаларын, ертегілерді ынта қойып оқыңдар.Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер. Бәрі:Оқимыз, оқимыз. Ана тілі: Ал балалар, осы Әліппеден сауаттарыңды ашып, оқу мен жазуға үйреткен кім?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 171 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.06.2014 1138
    • DOCX 5.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аубакирова Айнагуль Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28102
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 532 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе