Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Внеклассная работа:«Геометрия нені үйретеді?»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Математика

Внеклассная работа:«Геометрия нені үйретеді?»

библиотека
материалов

Сыныптан тыс жұмыс 7,8 сынып үшін.

Сабақ тақырыбы: Геометрия нені үйретеді ?


В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің

математика пәні мұғалімі

Бақытжанова Гүлшара Айдарбековна


Сабақ мақсаты : 1)Оқушыларға геометрия пәні нені зерттейтінін түсіндіру .

2) тарихи мағлұматтар айту , әртүрлі ойындар ойнау арқылы оқушылардың геометрия пәніне қызығушылығын ояту.

3) Алған білім дағдыларын есеп шығарғанда пайдалану.

Сабақ көрнекілігі : а) Геометриялық фигуралар суреті салынған плакаттар б) геометриялық фигуралардың аты жазылып ,бейнесі

кескінделген баскиімдер дайындалады в) сөзжұмбақ г) танграмдар

д) математикалық фигуралар, компьютер, интерактивті тақта

Сабақ барысы :

1 - жүргізуші : - « Геометрия нені үйретеді ? »- атты сабағымызды бастаймыз.

2- жүргізуші : - Ал достар қуанышпен жиынды бастайық.

1-жүр-ші : - Геометрия сырына саяхат жасалық.

2-жүр-ші : - Мәңги бақи есте қалар қызықты бір жиын болсын.

1- жүр-ші : - Геометрия қалай шықты

Бүгін сендер білесіңдер.

2- жүр-ші : - Геометрия еліне сапар шегіп

Араласып жүрсіңдер.

1- жүр-ші : - Бұл жерде сен танысасың.Архимедпен

Кемеңгер ол ,

Философ әрпінде өткен .

2- жүр- ші : - Кездесесің дәл сондай тағы да бір.

Ғылымменен жер жиһанға білім еккен.

1 –жүр-ші : - Евклид пен Пифагор айтқанын бұл

талаптанып білімге зейніңді бұр.

2-жүр-ші : - Таудан аққан өзендей сарқыратып

Ғылым жасап төбеден төкті олар нұр.

1-жүр-ші : - Судай тасып әр биік белден өткен

Дүниеге сан алуан өнер төккен

  • Білім алып бұлардың жолын қуған

Әрбір адам өмірде өрге басқан.

2-жүр-ші : - Математика - кең өрісті ғылым

Сіздерге геометрия ашады сырын.

Баяндама : Қысқаша , геометрияның даму тарихына тоқталайық . Геометриялық фигуралар жер өлшеуде , үйлер , ғимараттар ,жолдар , көпірлер салуға егін егетін жерді пайдалануға , каналдар қазуға т.б. көптеген қажеттіліктерге өлшеулер жүргізеді. Тері терсекпен айналысқан шеберге ,темір металдан әртүрлі бұйым жасаған ұстаға да , қысқасы ұсақ қолөнершілерге де геометриялық фигуралармен шұғылдануға тура келеді.Түрлі ғимараттарды , патша сарайлары мен ғимараттарды салған шеберге пирамиданың көлемі қандай болатынын , оның табанына қанша тас керектігін білу керек болған.Гректер бұл ғылымды жер өлшеу жөніндегі ғылым деген.

Асылай : - Геометрия - геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым.

Біз білетін

-нүкте

түзу

-кесінді

-сәуле

-бұрыш

-үшбұрыш

-төртбұрыш

-шеңбер

-дөңгелек – Бұлардың әрқайсысы

Хормен : Геометриялық фигуралар.

Жадыра : - Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін ,

бөлімін планиметрия деп атайды.

Құралай : - Планиметриядағы негізгі геометриялық фигуралар нүкте

және түзу.

Мирамбек : - Нүкте деп әрі қарай бөлшектенбейтін фигураны

айтамыз.

Айдар : - Түзу деп , шеті жоқ ұзындықты айтамыз.

Ертегі : -Нүкте түзу бойымен жүгіріп жүр.

«Шаршадым ма , әлі ұзақ жүгіремін бе ?» Түзудің шетіне

жете алар емеспін.

Оқушы : - Нүктежан , сен , түзудің шетіне шыға алмайсың .Сен

түзудің шеті жоғын білмейсің бе ?

Нүкте : - Онда мен келесі жаққа қарай жүремін.

Оқушы : - Ол жағы да шеті жоқ.

Нүкте : - Енді қайтем . Осылай шетсіз , шексіз жүре беремін бе ?

Оқушы : - Олай жүре бергің келмесе , қайшыны көмекке шақырайық

Нүкте : - Ура

Қайшы келіп түзуді қиып тастайды.

Нүкте : - Алақай түзудің шеті табылды.Енді екінші жағынан да ұш

шығарып берші.

Қайшы : - Жарайды.

Нүкте таң қалады.

Нүкте : - Менің түзуімнің бір жақ ұшы бар , екінші жағының да ұшы

бар.

Оқушы : - Бұл кесінді , - деді.Енді сен , нүкте ,түзудің кесіндісінің

бойында тұрсың.

Нүкте : - Түзу кесіндісі , түзу кесіндісі

Ля,Ля,Ля,Ля

Нүкте : - Маған бұ кесінді атауы ұнайды.Мен оны ұмытпаймын.сосын

маған кесіндінің бойында жүру ұнайды.Бірақ түзуді де

жақсы көрем.Бірақ ол жоқ.

Ал ана бөлікте олар да кесінді ме ?

Оқушы : -Жоқ .Олардың атауы бар.Олар сәуле деп аталады.

Нүкте : - Алақай , алақай .Мен олардың неге сәуле деп аталғанын

білемін.Себебі олар күн сәулесіне ұқсайды.

Нүкте : - Қайшы , өтінем сенен.Менің түзуімді қайтадан бар ете

көрші.

Көмекке циркуль мен сызғыш келді.Сызғыш әуелі бір сәу-

ле , содан соң екінші сәулені сызды да олардың ұштарын

тартып , бір – біріне қосты.Сонда түзу шықты.

Нүкте : - Жарайсың циркуль .Шебер екенсің .Циркуль сәулелерді

тартты.Сонда түзу болып шықты.

Нүкте : - Бұл түзу емес .

Бұл жерде түзу жүре алмайсың.

Бұл бұрыш . Нүкте таң қалды.

Оқушы : - Нүкте сен бұрыштың төбесінде тұрсың .Сенен

басталатын сәулелер бұрыш қабырғалары деп аталады.

Нүкте : - Сырғанауға жақсы екен. Бірақ менің тезірек сырғанағым

келеді.

Циркуль : - Болады , болады.

Нүкте : - Бұл өте тік.Мұндай биік сырғанақ керегі жоқ.Бұдан

құласам болмас

Циркуль бұрышты түрде қойды.

Нүкте : - Енді жақсы болды.

Жиенбек : - бұрыштарды салыстыруға болады. Екінші бұрыштың бір

қабырғасы бірінші бұрыштың қабырғаларының

арасымен өтеді. Бұл екінші бұрыш бірінші бұрыштан

кіші дегенді білдіреді.

Нүкте : - Сол бұрыштар кімге керек ?

Гүлмира : - Бәріне де керек. Жұмысшыға ,құрылысшыға , инженерге , .. т.б.

Еңлік : - шатыр бұрышы доғал болса , онда қыс бойы қар жиналады да үй шатыры сынып кетуі мүмкін.Демек қыста қар көп түсетін жерде шатырды сүйір бұрышты етіп жасаған дұрыс , себебі қар көп тұрмайды.

Қуанышбек : - Сызбада неше бұрыш бар ?

Рысбек : - Бір парақ қағаз ал . Оны бүкте . Қағазды жазып ұста . Енді басқаша бүкте . Қағазды қайтадан жаз.Карандашсыз , сызғышсыз бұрыш пайда болды.Осылай бүктеу арқылы сүйір , доғал ,тік бұрыш жаса.

Гүлбаршын : - Геометрия пәнінде ұшбұрыш деген ел болған .

Неше алуан түрімен .Бір ордаға жиылған.

Ерболат : - Шақырайық ортаға ұшбұрыш атаны

Бастасын сөз кезегін арқалы

Шыққан тегін бізге таныстырып

Беріп кетсін ұрпағына батаны.

Ару : - Қабырға үшеу ,бұрыш үшеу

Төбемізде үш-үштен

Біз атқарар жұмыс үшеу

Үш мәрте оған кіріс сен.

Айдар : Сүйір бұрышты ұшбұрыш:

Мен ұшбұрыш атаның баласының бірімін

Сиынған қасиетіме ,елімнің бір пірімін

Атапты мені , «Сүйір бұрышты » болсын деп

Теоремалар жүрсін үйір әр кез кеп

Қазбек : Тең қабырғалы үшбұрыш :

Маң-маң басқан аяқтарын тең басқан

Үш қабырғам әрқашанда қос-қостан

« Тең қабырғалы » үшбұрыш болып атандым

Бөлініп шыққалы мен о бастан.

Гүлмира : Доғал бұрышты ұшбұрыш :

Бір бұрышым доғал менің

Қадірлепті әйгілі елім

Шыққан тегім үшбұрыштан

Көріне білдім әр қырымнан

Асылай : Тең бүйірлі үшбұрыш :

Үш қабырғамның екеуі

Сәйкестенсе бір-бірімен

«Тең бүйірлі » үшбұрыш екендігі

Көрініп тұр ғой түрінен

Құралай : Тік бұрышты үшбұрыш :

Келсе егер сөз кезек

Болдым таныс елге ерек

Атапты елім еркелетіп

«Тік бұрышты » үшбұрыш деп

Қасиеттерім қаншама

Белгілі ғой баршаға

Зерттеп мені соншама

Арнады Пифагор бір теорема

Ару : - Менің екі қабырғам

Тік бұрыш жасап қиылысқан

Катет деп оларды атаған

Геометр Пифагор атам

Қарсы қарап тік бұрышқа

Жатыр үшінші қабырғам

Гипотенуза деп оған

Айдар тақты тағы атам

Бар менің жақын туысым

Атақшы «Египеттік үшбұрышым !»

Жәнібек : - Бұрыштарым қосындысы

180 - қа тең болады

Бір қабырғам ұзындығы

Қалған екеуі ұзындығының

Қосындысынан кем болады.

Еңлік : - - Біздерді іздеп ғалымдар

Ұзақ жылдар тер төкті

Пифагор ,Герон есімі

Шарлап кетті әлемді.

Жиенбек : - Пифагор атам данышпан

Өз теоремасын ашқанда

Жүз өгіз сойып той жасап

Бар байлығын шашқанда

Қуаныштан жүрегім

Жарылып кете жаздаған

Сырларым көп айтатын

Әлі ешкім жазбаған.

Көп жылдар сол теорема

Жүз өгіз боп аталған

Ауданымды тауып Геронжан

Озды бір кез қатардан

Жете алмайтын нүктеге

Меніменен жетті олар

Көп сөйлемей енді мен

Сөз бергенім жөн болар.

Ортаға төртбұрыштар шығады.

Дархан : - Мен төртбұрышпын

Көпбұрыштың бірімін

Үшбұрыштан болсамда жас

Бірақ одан ірімін.

Жадыра : - Ромб ,шаршы болып бөлінем

Математиканы білместерге

Құбыжық боп көрінем

Бар бұрышым тік болса

Тік төртбұрыш деп атаған.

Рысбек : - Қарама – қарсы қабырғам

Параллель әрі тең болса

Іргелес жатқан бұрыштар

Бірінен-бірі кем болса

Қосындысы бірақ та

180 -қа тең болса

Параллелограмм деп аталам.

Мирамбек : - Бұрыштарымды қоссаңыз

360 – қа тең болады

Бұл қасиетімді білмейтіндер

Басқаларға жем болады.

Шаршы атты бауырдың

Бар қабырға ,бұрышы

Бір-біріне тең болады.

Айдар : - Ромб атты бауырым

Бәрінен де сымбатты

Білімділер кеудеге

Тағады заттай қымбатты.

Еңлік : - Трапеция туыстың

Ашуы мүлде тым қатты

Параллелограмм атасын

Жартылай ғана тыңдапты

Сондықтан да қос табан

Параллель боп қалыпты

Қалған екі қабырға

Өздерінше орын алыпты

Сөйтсе де бұл бауырды

Тастамай адам далаға

Гүл егетін ыдыс қып

Сыйлаған екен балаға.

Айдана : - Мен – медиана

Кесіндіні қақ бөлем

Бұл міндетті ежелден

Ыждағаттап ап келем

Гүлмира : - Мен бұрышты берілген

Тең екіге бөлемін

Жаралғалы ғылымда

Биссектриса аталып келемін.

Асылай : - Өзім түскен қабырғаны

Тік бұрыш жасап қиямын

Үшбұрышқа ежелден

Биіктік атымен сиямын

Мирасбек : - Қыздардың қазақтың

Сәукеле деп киген

Клоундар да киеді

Көрермендер сүйген

Бекіту үшін тетікті

Алғашқы түрі өзгеріп

Қиық болып кетіпті ( Конус )

Құндыз : - Заманында Пушкиндер

Баскиім ғып киген

Кейіннен бұл дене

Техника еншісіне тиген

Тау болса да жүгіңіз

Қиналмастан тартады

Бұл цилиндр екенін

Қазір сізге айтамыз.

Жиенбек : - Біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Еңлік : - Біз осы геометрия жөнінде барлығын біліп алдық па ?

Жиенбек : - Әрине бәрін әлі біліп алған жоқпыз.

Геометрия өте үлкен салалы ғылым .

Сондықтан геометрияны көп оқу керек.

Еңлік : - Біз тағы да геометриямен шұғылданамыз ба ?

Жиенбек : - Әрине шұғылданамыз.

Хормен : - Математикадан таралған

Геометрия саласы

Фигураны зерттейтін

Ғылымдардың дарасы

Айналаң да үйіңде

Фигура толып қаптап жүр

Қасиетін солардың

Ұғып алып жаттап жүр.


Ақтөбе облысы

Алға қаласы








Краткое описание документа:

Сыныптан тыс жұмыс 7,8 сынып үшін. Сабақ тақырыбы:        Геометрия  нені  үйретеді ?   В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің                                   математика пәні мұғалімі    Бақытжанова Гүлшара Айдарбековна  Сабақ мақсаты : 1)Оқушыларға  геометрия пәні  нені  зерттейтінін  түсіндіру . 2) тарихи  мағлұматтар  айту , әртүрлі  ойындар  ойнау  арқылы  оқушылардың  геометрия пәніне қызығушылығын ояту. 3) Алған  білім  дағдыларын  есеп  шығарғанда  пайдалану. Сабақ  көрнекілігі : а) Геометриялық  фигуралар суреті  салынған  плакаттар  б) геометриялық  фигуралардың аты жазылып ,бейнесікескінделген баскиімдер дайындалады в) сөзжұмбақ  г) танграмдар д) математикалық  фигуралар, компьютер, интерактивті тақта Сабақ  барысы : 1  - жүргізуші : - « Геометрия нені  үйретеді  ? »- атты  сабағымызды бастаймыз. 2- жүргізуші : - Ал  достар  қуанышпен жиынды бастайық. 1-жүр-ші :      -  Геометрия сырына  саяхат  жасалық. 2-жүр-ші :      -  Мәңги бақи  есте  қалар қызықты  бір  жиын  болсын. 1- жүр-ші  :    -  Геометрия қалай шықты                            Бүгін сендер білесіңдер. 2- жүр-ші :     -  Геометрия еліне  сапар шегіп                             Араласып  жүрсіңдер. 1- жүр-ші  :    -  Бұл жерде  сен танысасың.Архимедпен                             Кемеңгер ол ,                               Философ  әрпінде өткен  . 2- жүр- ші :   -   Кездесесің дәл  сондай  тағы да  бір.                            Ғылымменен  жер   жиһанға  білім  еккен. 1 –жүр-ші :   -   Евклид  пен Пифагор  айтқанын бұл                            талаптанып білімге  зейніңді  бұр. 2-жүр-ші :    -   Таудан аққан  өзендей  сарқыратып                            Ғылым жасап  төбеден  төкті  олар  нұр. 1-жүр-ші :   -    Судай тасып әр биік  белден өткен                            Дүниеге  сан  алуан өнер  төккен -          Білім алып бұлардың жолын қуған        Әрбір адам  өмірде  өрге  басқан. 2-жүр-ші :   -     Математика  - кең  өрісті  ғылым                            Сіздерге  геометрия    ашады сырын. Баяндама  :  Қысқаша  ,  геометрияның  даму  тарихына  тоқталайық . Геометриялық  фигуралар жер  өлшеуде , үйлер , ғимараттар ,жолдар , көпірлер салуға  егін  егетін  жерді  пайдалануға , каналдар қазуға т.б. көптеген  қажеттіліктерге  өлшеулер жүргізеді. Тері  терсекпен  айналысқан  шеберге ,темір металдан  әртүрлі  бұйым  жасаған  ұстаға да , қысқасы  ұсақ  қолөнершілерге де  геометриялық  фигуралармен   шұғылдануға  тура  келеді.Түрлі  ғимараттарды  , патша  сарайлары мен  ғимараттарды  салған  шеберге  пирамиданың  көлемі  қандай  болатынын , оның  табанына қанша  тас  керектігін  білу  керек  болған.Гректер  бұл  ғылымды  жер өлшеу  жөніндегі  ғылым  деген. Асылай : - Геометрия  - геометриялық  фигуралардың  қасиеттерін  зерттейтін  ғылым. Біз  білетін -нүкте түзу -кесінді -сәуле -бұрыш -үшбұрыш -төртбұрыш -шеңбер -дөңгелек – Бұлардың әрқайсысы  
Автор
Дата добавления 30.03.2014
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров506
Номер материала 47181032947
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх