Ә дыбысы мен әрпі

Найдено 56 материалов по теме

Әә дыбысы мен әрпі

    DOCX

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы:              Ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:                

Білімділігі:      Оқушылардың әріп, дыбыс, және дауыссыз, дауысты  дыбыстар туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту.

Дамытушылығы:    Оқушылардың ой - өрісі мен шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелігі:                Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,     ұқыптылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері:       Сұрақ-жауап, ой қозғау, тізбектей оқу, сурет арқылы сөйлем құрау, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі:              кеспе әріптер, суреттер, интерак - в тақта. , ертегі кейіпкерлері, текшелер, буындар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:           І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткенді қайталау

ІІІ. Ой қозғау

ІV. Жаңа сабақ

V. Суретпен жұмыс

VІ. Оқулықпен жұмыс

VІІ. Сергіту. Дәптермен жұмыс

VІІІ. Ойлан тап, сөз құра

ІХ. Қорытындылау

Х. Мадақтау

Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, біздер бауырсақ ертегісін білемізбе? Олай болса бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлердің бізге қоятын тапсырмасы бар, сол тапсырмаларға біздер көмектесе отырып, бауырсақты сол кейіпкерлерге жегізбей алып қаламыз.

Бірінші қоянның тапсырмасы:                                                                     

                                           ІІ. өткенді пысықтау

-         Балалар, өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-         Іі дыбысы

-         Іі дыбысы қандай дыбыс?               «дауысты, жіңішке»

-         Ілгіш, кітап, түлкі суреттерін көрсетіп, і дыбысының орынын анықтау, буынға бөлу.

2F77A3ED

Ой қозғау

-        Дыбыстар нешеге бөлінеді?     /екіге бөлінеді/

-        Дыбыспен әріптің айырмашылығы неде?

-        Дыбысты естиміз, айтамыз

-        Әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз

               

Жақсы оқушылар, сендер қоянның тапсырмасын жақсы орындап бауырсақты қояннан құтқарып алдыңдар, бауырсақ сендерге риза болды. Енді қоян қасқырға кездесіп қалды, қасқырдың тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарайық.

 

 

Қасқырдың тапсырмасы:     

ІІІ     Жаңа сабақ

Бұрап қойған сағаттай,                                                                  

Айғайлайды таң атпай.        /Әтеш/                

_      Әтеш деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?

_      Ә дыбысы

_      Ә - Ә - Ә өзім айтамын

_      Қане бәріміз осы Ә дыбысын айтайық /хормен айту/

_      Ә дыбысын 2-3 рет айтқызу

_      Қалай айтылады екен?          /созылып айтылады/ 

_      Демек бұл қандай дыбыс?

_      Дауысты дыбыс

_      Ендеше біздің бүгінгі сабақта танысып білетініміз, Ә дыбысы мен әрпі

_      Баспа және жазба түрімен таныстыру.

-         Ә дыбысы жіңішке дауысты дыбыс

-          Кім айтады, әтеш қалай шақырады?       /1-2 оқушыдан сұрау/

-          Балалар ә дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер,     

   кім айтады?

                 Суреттер арқылы жұмыс

Әже, әткеншек, әтеш, әліппе, сәбіз суреттерін көрсетіп ә дыбысының орнын анықтау, буынға бөлу, сөйлем құрау.

Жарайсыңдар балалар, бауырсақты қасқырдың тапсырмасын орындай отырып, қасқырдан  да құтқардық, бауырсақ сендерге рахметін айтып тұр. Енді бауырсақ аюға кездесіп қалды. Қанекей аюдың тапсырмасын орындап, бауырсаққа көмек берейік.

Аюдың тапсырмасы:                   Оқулықпен жұмыс:

1.     Оқулықтағы буын, сөздерді өзім оқып шығамын.

2.     Оқулықтағы суреттердің мағынасын ашу.

3.     Оқушылармен бірігіп хормен оқу.

Өте жақсы балалар, сендер аюдың тапсырмасын жақсы орындадыңдар, бауырсақты аюдан құтқарып алдыңдар, бауырсақтың сендерге қуанышы шексіз.

-  Енді балалар, бауырсаққа қандай аң кездесетін еді?

-  Түлкі.

-  Ия балалар, түлкі қандай аң еді?

-  Қу, айлакер

-  Ия балалар, түлкінің тапсырмасы да қиын оңайға соқпауы мүмкін. Сендер түлкінің тапсырмасын жақсы етіп орындап шықсаңдар, бауырсақты аман алып қала аласыңдар, сендердің олдарыңда. Олай болса түлкінің тапсырмасын тыңдайық.

            Түлкінің тапсырмасы:

Сергіту

Дәптермен жұмыс:

/Партаға дұрыс отыру, жазу ережесін еске түсіру/

1.     Әріп таңбасын тақтаға жазып көрсету     Ә   ә

2.     Ауада екі үш рет жазу

3.     Дәптерге жазу

Ә           Ә

ә            ә

әтеш      әтеш

әсем       әсем

Міне балалар, түлкінің тапсырмасын орындай келе бауырсақты да түлкіден  құтқардық.

- Міне, балалар, біз бауырсаққа көмектесіп, аңдарға жегізбей алып шықтық. Бауырсақ сендерге риза болып, көп рахмет айтып жатыр.

 

 

 

 

                        Ойлан тап, сөз құра:

Ә 

       2976F530

Ә

               9E965180
  

Ә 

A9F338E

Қорытындылау:

Балалардан қай сабақ өтілгенін, не үйренгендерін сұрау.

Мадақтау:

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтай отырып, сабақты аяқтау

 

Краткое описание материала

ІІІ     Жаңа сабақ Бұрап қойған сағаттай,                                                                 Айғайлайды таң атпай.       /Әтеш/                 _      Әтеш деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі? _      Ә дыбысы _      Ә - Ә - Ә өзім айтамын _      Қане бәріміз осы Ә дыбысын айтайық /хормен айту/ _      Ә дыбысын 2-3 рет айтқызу _      Қалай айтылады екен?          /созылып айтылады/  _      Демек бұл қандай дыбыс? _      Дауысты дыбыс _      Ендеше біздің бүгінгі сабақта танысып білетініміз, Ә дыбысы мен әрпі _      Баспа және жазба түрімен таныстыру. -         Ә дыбысы жіңішке дауысты дыбыс -          Кім айтады, әтеш қалай шақырады?     /1-2 оқушыдан сұрау/ -          Балалар ә дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер,         кім айтады?                  Суреттер арқылы жұмыс Әже, әткеншек, әтеш, әліппе, сәбіз суреттерін көрсетіп ә дыбысының орнын анықтау, буынға бөлу, сөйлем құрау. Жарайсыңдар балалар, бауырсақты қасқырдың тапсырмасын орындай отырып, қасқырдан  да құтқардық, бауырсақ сендерге рахметін айтып тұр. Енді бауырсақ аюға кездесіп қалды. Қанекей аюдың тапсырмасын орындап, бауырсаққа көмек берейік.

Әә дыбысы мен әрпі

4

(1 оценка)

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Байбоз Шынар Жанжігітқызы

Информатика пәні мұғалімі

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 33304
  • Подписчики: 6
  • Всего материалов: 10
  • 33304
    просмотров
  • 10
    материалов
  • 6
    подписчиков

Об авторе

Мен, Байбоз Шынар Жанжігітқызы 1981 жылы 11-қарашада Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында, Өтес селосында дүниеге келдім. 1989 - 1999 жылдар Өтес орта мектебінде оқыдым. 1999-2003 жылдар аралығында Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетінің педагогика факультетінде оқыдым. 2003 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетінің педагогика факультетінде Кәсіби оқыту, информатика және есептеуіш техникасы Ақпараттық технологиялар оқытушысы мамандығы бойынша диплом алдым. 2003 жылғы 25 тамыздан бастап Өтес орта мектебінде информтика пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасап келемін. Отбасы жағдайы: тұрмыстамын. Жұбайым: Самаликов Серик Айтбаевич, 1982 жылы туған, ТОО «Си-Бу» жұмыс істейді. Ұлдарым: Айтбай Бектас Серікұлы 2007 жылы туған 3-сыныпта, Айтбай Манас 2010 жылы туған МАД тобында оқиды. Мекенжайым: Өтес селосы, Батыс ауыл үй №31

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Байбоз Шынар Жанжігітқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: