Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Қазақ халықның ою- өрнектері»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Қазақ халықның ою- өрнектері»

библиотека
материалов

hello_html_65f52462.gifhello_html_m28036eb.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_65f52462.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_65f52462.gifhello_html_7c1e5f63.gifhello_html_7c1e5f63.gifhello_html_m580d4494.gifhello_html_m580d4494.gifhello_html_m48e37545.gifhello_html_m5c25f9fb.gifhello_html_7078a52f.gifhello_html_7078a52f.gifhello_html_76b0c9d2.gifhello_html_m1a870894.gifhello_html_m1a870894.gifhello_html_m49a022df.gifhello_html_m4ddac899.gifhello_html_m7052cb1c.gifhello_html_m49a022df.gifhello_html_m49a022df.gifhello_html_m49a022df.gifhello_html_m49a022df.gifhello_html_7ccaa051.gifhello_html_m2bf7b815.gifhello_html_5cda2867.gifhello_html_m78bb57d6.gifhello_html_m4f969de5.gifhello_html_6bfa3c49.gifhello_html_43cc080b.gifhello_html_43cc080b.gifhello_html_43cc080b.gifhello_html_43cc080b.gifhello_html_m242d4074.gifhello_html_5160660d.gifhello_html_415180a.gifhello_html_5160660d.gifhello_html_m686fdb1b.gifhello_html_m242d4074.gifhello_html_m242d4074.gifhello_html_532ba7a3.gifhello_html_7909eae.gifhello_html_791bf55d.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifҚарағанды облысы

Осакаров ауданы

Шұңқыркөл №11орта мектебінің

бейнелеу пәні мұғалімі

Слямова Кенжетай Бейсембековна


Бейнелеу өнері 3 сыныпта


Тақырып; Қазақ халықның ою- өрнектері.


Сабақтың мақсаты; Қазақ халқының ою-өрнек өнерін дәрістеу.


Білімділігі; оқушыларға ою- өрнектер туралы түсінік беру, ою-өрнектерді ою әдістерін үйрету.


Дамытушылығы; ұлттық өнер туралы білімдерін бір жүйеге түсіріп; шығармашылық қиялын дамыту.


Тәрбиелігі; оқушылардың қол өнерге декген қызығыушылығын оятып, ұқыптылыққа, талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.


Түрі; аралас сабақ.


Көрнекілігі; ою-өрнектер түрлерінің плакаттары, қол өнер бұйымдары, суреттер, буклеттер.


Пәнаралық байланыс; технология, биология, сурет, геометрия.


Қажетті құралдар; мата түрлері, түсті қағаздар, қарандаш, қайшы, желім.


Сабақтың барысы;

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды сабаққа дайындау. Құрал-жабдықтарын алдырып, жоқ оқущыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ, үй тапсырмасын текскру.


Ою-өрнек түрлері.

( Сұрақ- жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау )

  1. ою деген не?

  2. өрнектің оюдан қандай ерекшелігі бар?

  3. ұлттық ою- өрнегімізбің басты ерекшелігі бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.


Ою-өрнек өнері әлемнің барлық халықтарына тән өте ертеден келе жатқан халықтың мұрасы болып саналады. Бір өрнекке салып қиып алған үлгіні ою дейді.

« Ою-өрнек» - ( латынның ornamet- әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан)

Үйлесімдік пен бірқалаыпқа түскен элементтерден тұратын нақыштар.

Қазақ халқының ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ертедегі ата- бабаларымыз ою- өрнерінің өзіндік қыр- сырын жете меңгере білген. Ертедегі қазақ оюларының мазмұны жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғым бейнеленген;

  • біріншіден, мал өсіру мен аңшылық;

  • екіншіден, жер, су, көшіп қону;

  • үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың бейнесін береді.

Ою – белгілі бір затты ою ( тас, темір, ағаш), кесу (ағаш, сүйек), тігу ( былғары, тері), қию ( қағаз, мата ) тәсілдері арқылы жүзеге асады.

... баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестеленген кішігірім бет орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретиінде беріп жібереді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата-анасы;

-Е-е қызымыз әуедегі құстай емін-еркін, жайраңдап өмір сүріп жүр екен,- деп, мәз болысады.

Бір-екі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағы бір бет орамал әкеледі.

Онда орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп тұрған ер адам мен жүресінен отырған әйелдің бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген ата-анасы;

  • қызымыз бұрынғы сауық- сайраннан, бас бостандығынан айырылып, торға түскен торғайдай болыпты, бейшараның күйеуі қатал адам екен. өзінен төмен ұстайтын көрінеді,- деп қынжылыпты.әр кестенің астарында алуан мағына бар екен.

Қолөнер дәстүрлерін қамқорлықпен сақтап дамытуға кеңес үкіметі тұсында да мән берілгенін айта кету керек. Оған СССР министрлер советінің 1966,1968, 1975,ы шыққан жарлықтың көркемөнер кәсібін дамыту мәселесіне арналған қаулылар, сондайақ республикамызда 1975 жылдың 25 наурызында қабылданған Қазақ ССР- інде халық көркем қолөнерінің одан әрі өркендету шаралары туралы қаулылар дәлел.

Қазақ халқының қолөнерінен тарихи этнографиялық тұрғыда сипаттайтын зертеулерге Х.Арғынбаевтың,М.С.Мұқановтың, Ә. Марғұланның, С. Қасимановтың, Ө. Жәнібековтың монографиялық еңбектерін жатқызуға болады

С. Қасиманов қазақ ұлттық қолөнерінің кейбір түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін баяндау барысында ою-өрнек өнеріне де ерекше көңіл бөліп, оның 200-ге жуық түрін атап белгілі бір атауларға кеңінен тоқталды.

Қазақтың ою-өрнек үлгілерін мазмұнына, мағынасына қарай топтап жіктейді, ішінара қайсыбір ою-өрнектерге байланысты аңыз-әңгімелер, т.с.с. құнды мағлұматтар береді.

Ою-өрнек туралы, қанатты сөздер тақтаға көрнекті етіп жазылып қойылады.

Мысалы; «Адамды өнер танытар» «Өнер көзі – халықта» «Өнерді көп білген дана болар, өнерсіздің ісі шала болар» « Өнер талаптыдан туар», «Ою ойғанның-ойы ұшқар».

Бұл жерде эпидоскоп арқылы ою-өрнектердің табиғат көріністерінен туындағанын көрсету жөн,

  1. Ай, күн, жұлдыз, аспан әлеміне өрнектер( айшық, шеңбер, жұлдыз, төрт құлақ, шұғыла,т.б.)

  2. Малға, оның ізі мен мүйізіне байланысты өрнектер( мүйіз, қос мүйіз, түйе табан, өркеш, түйе мойын, тай тұяқ,т.б.)

  3. Құрт- құмырсқа мен аңдардың ізіне ұқсас өрнектер(Өрмекші, ирек, омыртқа, төрт құлақ,т.б.)

  4. Құстар, жер, су, өсімдік,гүл, жапырақ бейнелі өрнектер ( ағаш жапырақ, өткізбе шиыршық, гүл жуқазын,т.б.)

  5. Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер ( сүйір, ирек, балдақ, төрт үш гүл, қармақ,тұмарша,шынжара,т.б.)

Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыра отырып оюларды салу жолын үйретемін

  1. симметриялы қошқар мүйізді өрнектің салу жолдары көрсетілген плакатты іліп қоямын

  2. оқушылардың сол өрнекті өз сурет дәптерлеріне қалай салатынын көрсетемін.

  3. оқушыларды аралап, кеткен кемшіліктерін түзетіп шығамын

  4. бояу тәсілдері плакатта көрсетілгендіктен, қосымша түр-түстердің бір келкі әдемі түсірілуін үйретемін және таза орындалуын бақылаймын.

Қотындылау кезінде оқушылардың жаңа сабақта орындаған жұмыстарының жақсы, нашар жақтарын өздерін қатыстыра отырып, түсіндіріп ұғындыруға әрекет жасаймын.

Жалпы жаңа сабақты бекіту үшін сұрақ-жауап тәсілін қолданамын.

  1. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері қандай?

  2. Қандай заттарда қолданылып кеген?

  3. Өнер туралы қандай дана сөздер білесіңдер?

Сабақтың соңында қазақтың ою- өрнектерін жинап альбом жасауды, және үйде басқа өрнек түрін салып келуді тапсырамын.











Қайталау сабағы

«Жай бөлшектерге амалдар қолдану»

Гулмира Бөкебаева

Шұңқыркөл№11орта мектептің мұғалімі

Осакаров ауданы. Қарағанды облысы

Түсінік хат.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты- арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектің, шығармашылық ойлауын дамыту ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Шығармашылық- негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып олармен дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отыру қажет. Дәстүрлі емес сабақтарда оқушылардың жауапкершілігі жоғары болады, оқушы өзінің шығармашылық қабілетін дамытуға, жеке басының қасиеттерін пайдалануға, өз білімін бағалауға, алған білімін практикада пайдалануға, өз еркімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Мұғалім үшін мұндай сабақтар біріншіден әр қырынан көріп, түсінуге, олардың жеке ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан өзінің идеясын жүзеге асыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.


Мақсаты мен міндеттері:

І.Оқушылардың өз бетінше ойлай білу есеп шығару мен оның сан қилы жолын іздестіру, олардың шығармашылық қабілетінің дамуының бір әдісі. Оқушының өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру басты мақсат.

ІІ. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты- оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.

ІІІ. Ал қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп. Олар: сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар, математикалық сайыстар, эстафеталар, жарыстар, тіпті жақсы дайындықпен өткізген күнделікті сабақтар. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді. Іс тәжірибеден мына сабақты назарларыңызға ұсынамыз.





Тақырыбы: Жай бөлшектер шаһарына саяхат (слайд 1)


Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: өтілген тақырыпты қайталау және жүйелеу; жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау. Жай бөлшектерге байланысты тарихи құжаттармен таныстыру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыстануды дамыту.


Тәрбиелік: алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. (слайд2)


Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ


Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, саяхат картасы, слайд-презентация «Жай бөлшектер», өзін-өзі бағалау парағы.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру.

-Сәлеметсіздер ме, балалар?!

-Орындарыңызға отырыңыздар.

2. Кіріспе бөлімі.

-Ал, балалар бүгін біз «Бөлшектер шаһарына» саяхатқа шығамыз.

Ал, балалар, балалар,

Саяхатқа шығайық.

Талай жерді көрейік

Асулардан асайық

Түзу жолды жасайық

Білімге біз енейік

Кедергіні жеңейік – деп балалар біз саяхатымызды бастаймыз. (слайд 3)

Саяхат картасы алдарыңызда бар, онда саяхат жолдары көрсетілген. Бізге саяхат жасау үшін, әр залда бізге берілген тапсырмалары бар. Ол тапсырмаларды орындау үшін, бізге қоржынымызды жинау керек. Қоржында бізде не болу керек? (слайд 4)

3.Математика тарихынан (бір оқушы айтып отырады)

Бөлшек ұғымының дамуы ғылым мен сауда-саттық жұмыстары өркендеген елдерде: Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Римде қалыптасады. Ертеде әр түрлі елдер бөлшек сандарды белгілеуде өздерінің түрліше символдарын енгізді. Мысалы, мысырлықтар hello_html_m1d4fc936.gif-ді

белгісімен hello_html_6eec8aff.gif ді белгісімен жәнеhello_html_7f8f9891.gif-ді белгісімен көрсеткен (слайд 5)

Ежелгі Үндістанда жай бөлшектерді жазуда бөлшек сызығын сызбай, алымын үстіне бөлімін астына жазған. Демек сол кезден бастап натурал санды бөлімі бір болатын бөлшек етіп қалыптасқан (слайд 6)

Алғашқы бөлшек сызығын италия математигі Леонардо Пизанский(Фибоначчи) 1202 жылы енгізген (слайд 7)

4. Оқу залы. Балалар енді «Оқу залына» өтейік. Бізге екі кесте берілген. Әр есептің қасына өз жауабын қояйық. Сөздер шығады.

hello_html_3784a320.gif

4 С

hello_html_79b94ad8.gif

hello_html_5b05c01d.gif А

hello_html_m9a7ce4c.gif

hello_html_6a1c94eb.gif Н

hello_html_m51ea32f7.gif

hello_html_36b5a9e0.gif П

hello_html_af3f503.gif

hello_html_6eec8aff.gifА

hello_html_m3a745426.gif

hello_html_m57c90caf.gifӘ

hello_html_m4dc6f61e.gif

hello_html_6eec8aff.gifЛ

hello_html_3d2d2957.gif

hello_html_m57c90caf.gifЕ

hello_html_3ac49196.gif

hello_html_m1998b92e.gifУ

hello_html_4fd33382.gif

hello_html_m3e8f6339.gifС

Енді балалар осы екі сөзден сөйлем құраңдар. (слайд 8,9) Өте жақсы.

5. Ойлау асханасы. Келесі «Ойлау» асханасындағы тапсырманы жақсы орындайсыңдар деп ойлаймын.

1) Торт 10 бөлікке бөлінген. Айнұр бөлігін алып әжесімен атасына берді. Қалған торттың бөлігін өзі алды. Қанша бөлігі қалды. (слайд 10)

2) Киіз үйдің биіктігі 4 м 20 см. Бұл оның керегесінің, уық бөлігінің және шаңырағының биіктіктерінің қосындысына тең. Оның керегесінің биіктігі 1 м 60 см, уық бөлігінің биіктігі 2м. Шаңырағының биіктігі киіз үй биіктігінің қандай бөлігін құрайды?

Өте жақсы.

Ойлау асханасынан енді жаттығу немесе спортзалға аттанамыз.

6. Жаттығу залы. Жаттығу залында ойлау қабілеттерінді тапқырлықтарында және алған (қосу, бөлу, алу, көбейту) білімдеріңді көрсетіңдер. Финалға үш боксер шықты. Қайсысы қанша ұпай алғанын және нешінші орын алғанын анықтауларын керек.


1)

 

 

 

?

 

 



(слайд 11)



2)

 

 

 

?

 

 



(слайд 12)







3)

 

 

 

?

 

 



(слайд 13)


1

3

2

 

 

 

hello_html_6edd7e1e.gifhello_html_m3d887a71.gif3






(слайд 14)









7) «Тапқырлар» зертханасы.



=hello_html_m36657fa8.gif


=hello_html_m3d6c93a1.gif


=hello_html_67974ad9.gif



=hello_html_m197e475c.gif (слайд 15)




8. Балалар бізде енді бағалау қабаты қалды. Бағалау парағымен бағаланады. Енді біздер «Бөлшектер шаһарымен» қоштасамыз. Сау болыңыздар.


Үйге тепсырма: Ережелерін қайталау.


Сабақ аяқталды. Көп көп рахмет!












































Аралас сабақ

Абилькаирова Дана Толеухановна

мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

Шұңқыркөл№11орта мектеп КММ

Осакаров ауданы. Қарағанды облысы


Мақсаты:

Сабақ барысында балалардың өздеріне таныс ертегілерді қысқаша мазмұнын еске түсіре отырып әңгімелей білуге үйрету. Өтілген дыбыстар мен әріп таңбаларын, сандарды қайталау, сөздерге дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу, дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырату. Есте сақтау, ойлау, байқағыштық қабілеттерін дамыту.Инабаттылыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау, ребус шешу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: кеспе әріптер, ертегіге байланысты сюжетті сурет, жұмбақтар, «алтын балық» суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері. Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

«Кім жылдам» ойыны.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Балалардың жауабы.

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

  • Балалардың жауабы.

  • Көктем айларын атаңдар?

  • Наурыз,сәуір,мамыр.

Жұмбақ шешу:

Қызықтырар әркімді-ақ,

Суда жүзер жалтылдап.

Қай дыбыстан басталған

Сол жәндіктің атын тап. (Балық)

Балалар бүгін бізде жай сабақ емес, ерекше сабақ болғалы отыр. Өйткені бүгінгі сабаққа «алтын балық» қонаққа келіпті. «Алтын балық» бізге құр келмепті. (аузына конверт тістеген алтын балықтың суреті тақтаға ілінеді. Тапсырма бір-бірлеп алынып оқылады).

  • Балалар, балық қайда өмір сүреді?

  • Әрине, суда.

  • Балық сусыз өмір сүре ала ма?

  • Жоқ.

  • Балықтың қандай пайдасы бар?

Балықты жейміз. Адам ағзасына пайдасы көп. Оның сүйегі болады.

  • Балалар бізге жай балық емес, басында тәжі бар сиқырлы«алтын балық» келіпті. Қане, балалар «алтын балық» бізге қандай тапсырма ала келіпті, соны орындасақ сыйлығы да бар екен.загруженное (1)





1-тапсырма: Көркем әдебиет сабағынан «Ертегі жұмбақ». Сюжетті суреттер бойынша балалар қандай ертегі екенін және кейіпкерлерін атап, ертегіден үзінді айтады.

«Бауырсақ» ертегісі бойынша сюжетті сурет

2-тапсырма: «Алма теру» ойыны. (ағашта ілінген алмалардағы тапсырмаларды орындау).images







3-тапсырма: «Адасқан сандар» ойыны. Сандарды ретімен орналастыру.

2, 4, 6, 8, 9, 1, 3, 10, 5, 7

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар,

Биік-биік өседі.

4-тапсырма: Ребус шешу. Шешуі: Ана . (ана туралы тақпақтар айтады)images (1)загруженное (3)

загруженное (2)

5-тапсырма: Дыбыстық талдау жасау.

Шар. Ай. Бақа. images (2)

images (3)images (4)



6-тапсырма: «Санамақтар» айту.

Бір дегенім-бір таяқ,

Екі дегенім екі аяқ.

Үш дегенім – үшкір тіс,

Төрт дегенім- төртбұрыш. (балалар жалғастыра береді)



Қорытынды: Балалар, бүгін сендерде ерекше сабақ өтті. Сабақ сендерге ұнады ма? «Алтын балық» балалардың білімдерін бағалап, сыйлығын береді. Сендердің әрдайым тілектерін орындалып, армандарына жете беріңдер.











Қарағанды облысы

Осакаров ауданы

Шұңқыркөл №11орта мектебінің

физика пәні мұғалімі

Курманбаева Винера Булатовна


«Қызықты калейдоскоп»

физикалық ойынының бағдарламасы


Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен

жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге

қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін

қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта

алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, диапроектор, қобдиша,

физикалық приборлар, калейдоскоп, оқушылардың

шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға

арналған құралдар,

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау,

Формасы: ойын сабақ

БАРЫСЫ:

Ойынның шарттары:


  1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

  1. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

  1. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

  1. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

  1. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

  1. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

  1. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)


- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 22-26 қараша аралығында лицейімізде физика – математика және жаратылыстану пәндерінің «МИФ кемесі – білім теңізінде» атты пән апталығы өткізіліп жатыр. МИФ кемесі бүгін физика аралына келіп тоқтады.

- Олай болса, «Қызықты колейдоскоп» атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!


Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі ойын төрінде.

МИФ теңізі елінде,

МИФ теңізі тілінде

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!

- Ойынға қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!hello_html_m1a1ad29b.jpg

Ойынға 2 топ қатысады.

  1. «Ойшылдар» тобы

  1. «Тапқырлар» тобы

  1. ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.) ( 5-10 ұпай)


1-топ: «Ойшылдар» тобы


Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.


2-топ: «Тапқырлар» тобы


Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!


  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)


2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай


  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегш/

  1. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/

  1. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/

  1. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/

  1. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/

  1. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

  1. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/

  1. Физика не туралы ғылым? /табиғат/

  1. Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/

  1. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

  1. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

  1. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/

  1. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

  1. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/

  1. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/


III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);


Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұтыс беріледі.


hello_html_1f2b76c7.jpg hello_html_m6794145.jpg hello_html_m14660c22.jpg


50 теңге 10 теңге 1 теңге


- Олай болса, ойынымыздың келесі шартына көшейік.


IV. «КІМ ТАПҚЫР!»

(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);


- Оқушылар біздің «МИФ» кемеміздің қоржынындағы тапсырмаларды да орындайық. Қандай тапсырмасы бар екен? (Оқытушы 2 опқа арнап кезекпен кемеге қолын созып, бір-бірлеп физикалық приборларды алып шығады. Әр топ прибордың атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады.) Әр дұрыс жауапқа - 5 ұпай


Берілетін приборлар:


hello_html_234c5521.jpg hello_html_2ef93ce3.jpg hello_html_6717e250.jpg


Амперметр Вольтметр Реостат

hello_html_38bd7d85.jpg hello_html_5a6f1d8e.jpg hello_html_50ee7a6f.jpg


Катушка Электроскоп Трансформатор


1. Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/

2. Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/

3. Реостат /Кедергіні өлшейтін құрал/

4. Электроскоп /дененің электрленуін анықтайтын құрал/

5. Катушка /индукцияланған токты жинайтын құрал/

6. Трансформатор /Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал/


V. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);


2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.


«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.


«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.


VI. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)


Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

hello_html_m27f3ba6f.jpghello_html_m6bc8c92a.jpghello_html_m670e7a64.jpg

Жауабы: МЫСЫҚ


VII. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);


Жауабын тапқан топқа – 10 ұпай.

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.


Сөздер: Евклид – файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.





VIII. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай.

Сұрақтар:

  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

3. Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

4. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)


Енді «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) кезеңінің жауабын тыңдап көрейік

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші шешкен адамға - 500 теңге ұтыс беріледі.


Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Р/с

Ойын шарттары

Ойшылдар

Тапқырлар

1

ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);



2

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);



3

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);



4

«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);



5

«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);



6

СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)



7

«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);



8

«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)




Жалпы ұпайы




Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе «МИФ» кемесін келесі аралға аттандырамыз. Сіздердің кемелеріңіздің капитаны болған мен - Баекеева Шарбану – ІІ санатты физика информатика пәнінің оқытушысы. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!




















Омарханова Айгуль Муратовна

Шұңқыркөл №11орта мектептің математика пәні мұғалімі

Осакаров ауданы. Қарағанды облысы


Сабақ тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік.Тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынына арналған формулаларын қорытып шығару.Формулаларды тригонометриялық өрнектердің тепе-тең түрлендіру негізінде қолдануы.

ә)Дамытушылық.Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,өз ойларын нақты жеткізе білуге дағдыландыру,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

б)Тәрбиелік.Жеке жұмыс жасауға,жауапкершілікті сезіне білуге,нәтижеге жетуге ұмтылуға,ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі:түсіндірмелі,есептер шығару,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,формулалар

Пәнаралық байланыс: геометрия,тарих,математика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. «Ой қозғау».Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. «Білім ордасына саяхат»

ІV. «Математикалық мейрамхана»

V. «Семанитикалық кесте»

VІ.Қорытындылау

VІІ.Үйге тапсырма

VІІІ .Бағалау.

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушылардың сабаққа қатысымы мен құралдарын түгендеу

ә)сабақта психологиялық әдіс қолдану

ІІ. «Ой қозғау».Өткен тақырыптар бойынша материалдардан еске түсуру

Сабақтың бастамасын мынадай өлең жолдарымен бастаймын:

«Сен ғылымға болсаң ынтық,

Бұл сезімді әбден ұқ.

Білгенінің жақсысын қыл» Ш.Құдайбердиев

292 №293

а)sin60º > tg(45º) а) sin60º - cos60º=√3-1/2

ә) cos60º > cos(-60º)*ctg30 ә) 2tg45º - sin45º=4-√2/2

б)sin30º < sin²(-30º) б) 5cos60º - 3ctg60º=5-2√3/2

в)tg³(60º) < ctg(-30º) в) 4ctg30º - 6sin60º=√3

г)cos(-45º) > sin(-45º)

д)ctg²(-45º) > cos(-30º)

«Жасырын сөзді тап?»

1


2


3


4


5


6


7


8


9


10

11


12


Т

Р

И

Г

О

Н

О

М

Е

Т

И

Я

1. сos60º мәні неге тең?

2. tg(-α)формуласы қандай функция?

3. І ширектегі бұрыштың градустық өлшемі нешеге тең?

4. sin(-α)қандай функция?

5. сosα функциясы І ширекте қандай мәнді қабылдайды?

6. ctg П/4 мәні қандй?

7. y=sinα жәнеу=cosα функцияларының анықталу облысы мен мәндер жииыны?



8. 1º неше радианға тең?

9.ІV ширекте y=tgα қандай мәнді қабылдайды?

10. Периодты функциялардың мәндер аралығы?

11. 1 рад неше градусқа тең?

12. ІІІ ширекте α бұрышы нешеге тең?

13. ctg(3П/4) функциясының мәні?

ІІІ. «Білім ордасына саяхат»

Тригонометрия” сөзі грек тілінен аударғанда “Үшбұрыштарды шешу” ұғымды білдіреді.Тригонометрия ғылыми терминін адамдар бұрынғы кезде практикалық әрекеттерге қолданылған емес.Мысалға алсақ: суда жүзу,жер өлшеу,архитектура талаптарына қандай да бір элементтер арқылы есептеу әдістеріне қолдаған екен. Географиялық карталарды жер қыртыстарын өлшеуде қолданған.Ең алғаш рет Ежелгі грек ғалымы белгілі Клавдий Птоломей «Альмагест»атты еңбегінде «Хорда тригонометриясы»атты еңбегін ойлап тапқан.Санды шеңберде кез келген бұрыштың тригонометриялық функциясымен таныстыңдар және sinα, cosα, tgα, ctgα мәндері радиустың ұзындығына тәуелді бола алмайды.Сондықтанда тригонометриялық функцияларда қарастырған кезде радиусы 1-ге тең шеңберді алу жеткілікті.Мысалы жылжымалы ОВ радиусының соңғы нүктесіндегі синус функциясы тек ордината у-пен,ал В нүктесіндегі косинустың мәні абсцисса х-пен анықталатын болады.ОВС тікбұрышты үшбұрышын қарастырайық..Сонда Пифагор теоремасы бойынша ОВ=ОС²+ВС²,мұндағы ОВ= 1,ОС=х,ВС=у немесе ОС=х= sinα,ВС=у= cosα .

sin²α + cos²α =1, (1)

Бұл теңдікті α-ның кез келген мәнінде дұрыс,яғни тепе-теңдік болып табылады.Анықтама tgα =у/х,ал мұндағы у= sinα,х = cosα болғандықтан

tg²α = sinα / cosα, (2)
ctg²
α = cosα / sinα, (3)

tgα * ctgα = 1, (4)

tg²α + 1 = 1/cosα, (5)

1 + ctg²α=1 / sinα, (6)

(1)-(6) теңдіктері бір ғана аргументке байланысты негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер деп аталады.Пифагор теоремасы бойынша c²=a²+b² орынына қоямыз.


ІV. «Математикалық мейрамхана» (деңгейлік тапсырмалар)

Бірінші тағам Екінші тағам Үшінші тағам Тортінші тағам

297 №298 №299 №300

а)sin =√3/2 а)1 √24/5 cosα=3/5 ctgα=-7/20

ә)tg²α

б)cos²α

в)sin²α

Сусындарға

Сок Шай Айран Минералды су

301 №302 №303 №304

а)sinα=7/25 tg²α+1 tgα=-1/6 tg²α

б)tgα=-7/24 2sin²α tgα*ctgα=0 cos²α


V. «Семанитикалық кесте».Бекіту сұрақтары


1


Тригонометриялық тепе-теңдіктің формулаларын жазыңдар?

2

 


Тригонометриялық функциялардың жұп және тақ функцияларының формуласы?

3

 

Санды шеңбердің ширектерінде орналасқан бұрыштардың градустарының форсулалары?

4

 

Тригономериялқы функцияларда α санына сәйкес қандай белгілеулер енгізе аламыз?


1

sin²α + cos²α =1 tg²α = sinα / cosα, ctg²α = cosα / sinα tgα * ctgα = 1

tg²α + 1 = 1/cosα 1 + ctg²α=1 / sinα

2

sin(-α)=-sinα tg(-α)=-tgα

ctg(-α)=ctgα cos(-α)=cosα

І ширекте 0º,90º

3

ІІ ширекте 90º,180º

ІІІ ширекте 180º,270º

ІV ширекте 270º,360º

3

y=sinα у=cosα

y=tgα y=ctgα


VІ. Қорытындылау «Дұрыс формуланы анықтаңдар?»


1.tgα=cosα/sinα

5.cos(-α)=-cosα

2.tgα * ctgα = 1

6.sin²α + cos²α=1

3.1 + ctg²α=1 / sinα

7.sin²α + cos²α =-1

4.tg²α + 1 = 1/cosα


8.ctg²α = -cosα / sinα



VІІ.Үйге тапсырмасы.

3045-№306

Формулаларды жатап келу.


VІІІ.Бағалау.



Оқушының аты-жөні


Үй тапсырмасы


Қайталау сұрақтары


Деңгейлік тапсырмалар


Кетенің сұрақтарына жауап беру


Формулаларды жатадықпа?


















Қарағанды облысы

Осакаров ауданы

Шұңқыркөл №11орта мектебінің

технология пәні мұғалімі

Жусупова Бейбыт Зейнулловна


Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке

жапсыру.

Сабақтың мақсаты: ою-өрнек туралы түсінік беру.


Білімділік: қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.


Дамытушылық: ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.


Тәрбиелік: ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.


Сабақтың типі: аралас сабақ.


Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.


Сабақтың көрнекілігі: слайдтар: «Ә. Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті», «Б.Момышұлының сөзі».


Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.


Сабақтың барысы:


I Ұйымдастыру бөлімі.

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

2. Екі топқа бөлу.

3.Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.


II Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).

1.Дайындаманы кесу, есептеу үшін қандай пәнді қолдандық ?

2.Камотекстің бетіне өлшем сызығын түсіру үшін қандай пәнді қолдандық ?

3.Дайындаманы 20х20 см. есептеп, сызып, кесіп алғанда қандай фигураларды көруге болады?

4.Камотексті төрт бұрыштап кесіп алған бетіне, центрлік нүктені табу үшін, қандай сызықтар жүргізу керек ?


III Жаңа сабақ.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім.

Ә. Қастеев.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.

«Қол өнер – мол өнер» дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы, дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады.

Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген – бұл қолөнер. Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнер дамуының ерекшелігінің маңызы зор.

Сән және қол өнер екеуі егіз ұғым. Сән – киім – кешек, тұрмыстық заттар, киіз үй сүйегі мен оның жабдықтары, қару – жарақ, ер – тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою - өрнекпен безендіру болса, қол өнер –шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз.

Қазақ халқы қазақтың қол өнер шеберлерін үш бағыттағы топқа ажыратқан.


Қол өнершілер

Ағаш

өңдейтін

шеберлер

Темір өңдейтін шеберлер

Мал өнімдерін ұқсатушы шеберлер

  • Үйші

  • Ерші

  • Арбашы

  • Саз аспапшы


  • Тігінші

  • Тоқымашы

  • Оюшы (кесте)

  • Тері өңдеуші

  • Ұста

  • Зергер

  • Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері.

Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:


  1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.


hello_html_m17e892af.jpghello_html_6652b564.jpghello_html_m72d88fa0.jpg


Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.


hello_html_m208b422f.jpghello_html_m3e2e1aee.jpghello_html_m4edcee59.jpg


Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.



hello_html_1c9930a3.jpghello_html_7c30c4c8.jpghello_html_212e06d1.jpg




Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.



hello_html_m1c19efcd.jpghello_html_m4b60a8d1.jpghello_html_m638834ba.jpg


Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.



hello_html_m2d387404.jpghello_html_4787d0be.jpghello_html_m2feff15f.jpghello_html_m1344bf76.jpg


Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.





2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.


hello_html_m3dd2e63a.jpghello_html_m738f3f60.jpghello_html_2f6c241c.jpghello_html_250aa343.jpg


Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.



hello_html_1227c083.jpg hello_html_m60b080c7.jpg hello_html_m7b2de6de.jpg
hello_html_153d117e.jpg

Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан

гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай

дорбаға, аяққаптарға істетіледі.


hello_html_69708a9d.jpghello_html_m325414b.jpghello_html_m53334787.jpghello_html_m62f7d5d4.jpg




3. Космогониялық ою - өрнектер.


hello_html_m8f1c27c.jpghello_html_eed85cc.jpg


Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.


hello_html_m41750b84.jpghello_html_m77ac90b7.jpghello_html_m12d37607.jpghello_html_6e0cd75d.jpg




4. Геометриялық ою - өрнектер.


hello_html_m7fc5fb6f.jpg

hello_html_m3d3181e2.jpghello_html_m756b3068.jpg

Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.



hello_html_18723c5e.jpghello_html_m4af75ccf.jpghello_html_m42d79807.jpg


Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.


hello_html_m57950abf.jpghello_html_m88f8c58.jpg


Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.



Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.


IV Сергіту сәті. Бүгінгі сайсымызға екі топ қатысып отыр:

  1. «Нөсер» тобы.

  2. «Темір» тобы.


Мақал – мәтелдер жарысы.


Мысалы:

Еңбек түбі – береке,

Көптің ісі мереке.


Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


V Сарамандық жұмыс.

Өткенді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.

hello_html_m76c9f13c.jpghello_html_m5ae0e549.jpghello_html_4fc8a292.jpg








Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады.


Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарандаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз.

Қатырма қағаз бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды қатырма қағаз бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.


hello_html_m29dff79e.jpg

hello_html_m19590316.jpghello_html_m336c0e3b.jpg







VI Қорытынды.


  1. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.

  2. Жасалған бұымның нәтижесіне қарай бағалау.


VII Үйге тапсырма.

Қазақ халқының ою - өрнектерін басқа халықтардың ою - өрнектерімен салыстыру.



























Краткое описание документа:

 Бейнелеу өнері 3 сыныпта   Тақырып; «Қазақ халықның ою- өрнектері»   Сабақтың мақсаты; Қазақ халқының ою-өрнек өнерін дәрістеу.   Білімділігі; оқушыларға ою- өрнектер туралы түсінік беру, ою-өрнектерді ою әдістерін үйрету.   Дамытушылығы; ұлттық өнер туралы білімдерін бір жүйеге түсіріп; шығармашылық қиялын дамыту.   Тәрбиелігі; оқушылардың қол өнерге декген қызығыушылығын оятып, ұқыптылыққа, талғамға сай жұмыс жасай білуге  тәрбиелеу.   Түрі; аралас сабақ.   Көрнекілігі; ою-өрнектер түрлерінің плакаттары, қол өнер бұйымдары, суреттер, буклеттер.   Пәнаралық байланыс; технология, биология, сурет, геометрия.   Қажетті құралдар; мата түрлері, түсті қағаздар, қарандаш, қайшы, желім.
Автор
Дата добавления 10.04.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1283
Номер материала 65731041017
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх