Инфоурок Начальные классы Рабочие программы«Тұрлаулы мүшелер» Қазақ тілі 3-сынып

«Тұрлаулы мүшелер» Қазақ тілі 3-сынып

Скачать материал

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.

Мақсаты: Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштан жасалған тұрлаулы

                    мүшелер туралы топтастырылған ұғымды қалыптастыра таныту.

Міндеті: 1. Оқушылардың білім дағдыларын арттыра ауызша және жазбаша

                     тіл байлығын дамыту. Байланыстырып сөйлеуін жетілдіру.

                 2. Ой – өрісін дамыту арқылы өз бетімен және шығармашылық

                     жұмыс жасауға бейімдеу.

                 3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке,

                     үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас

Әдісі: сұрақ – жауап, талдау – жинақтау, өзіндік, шығармашылық.

Көрнекіліктері: сызба, топтамалар, суреттер.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.

Сабаққа әзірлік.

Психологиялық сәт: «Үлкенге де сіз,

                                        Кішіге де сіз.

                                        Бар адамды құрметтеп,

                                        Бас иеміз біз.»

ІІ. Мотивациялық қозғалыс. (Үй тапсырмасын тексеру)    

(балалардың жазған жұмыстарын тексеріп шығу, 2 – 3 балаға оқыту)

ІІІ. Өткенді пысықтау. (Білімдерін тексеру. Тест жұмысы)

1 Сөйлем нені білдіреді?

  а) аяқталған ойды білдіреді.

  ә) бірінші сөз бас әріптен басталады

  б) соңына . не ?, не ! қойылады.

2 Мәтін неше түрге бөлінеді?

   а) 3

   ә) 4

   б) 5

3 Сөйлем мүшелері нені білдіреді?

 а) түбір сөздер

 ә) толық мағыналы сөздер

 б) мәндес сөздер  

4 Қимыл іс – әрекет иесін білдіретін сөз не ?

 а) зат есім

 ә) етістік

 б) бастауыш

5 Баяндауыш қай сұраққа жауап береді?

 а) кім? не?

 ә) не істеді? не қылды? қайтті?

 б) қанша? неше?

- Тест жұмысын болған болсақ, дәптер жинағандай алдыға қарай әрқайсысың өз қатарың бойынша жіберіңдер.

ІV. Мақсат қою кезеңі. (сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау)

-         Балалар, бүгінгі сабағымыз әдеттегіден сәл өзгеше. Барлығымыз жақсы көңіл – күймен сабаққа қатысып, өздеріңнің білімдерің мен тәртіптеріңді көрсете жетістікке жетіңдер. Сабақ соңында кім сабақта белсенді және білімді болған балаға зерек, білімді, талапты, алғыр атағы беріледі. Олай болса барлығымыз білімімізді шыңдап көпке үлгі болуға тырысайық.

V. Ұйымдастырылған ізденушілік. (жаңа сабақ)

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қазір күз мезгілі)

- Күзден кейін қай жыл мезгілі келеді? (Күзден кейін қыс мезгілі келеді)

- Қыс айы қай айдан басталады? (Қыс желтоқсан айынан басталады.)

- Желтоқсан айының алғашқы бірі күні қандай атаулы күн? (ҚР Бірінші Президенті күні) – өте дұрыс айтасыңдар.

 - Қыстың болғанын неден білеміз? (Қардың жауғанынан.)

              Дәптерлерді ашайық,

              Қолға қалам алайық.

              Салақтықтан қашайық,

               Әдемі етіп жазайық – деп дәптердің бір жолына қыс сөзін көркем жазайық.

А) Оқулықпен жұмыс: 60 – жаттығудағы суретке зер салайық. (тапсырманы оқыту, талдау)

Қар жауды. Бүгін жапалақтап қар жауды. 

-         Сөйлемде не туралы айтылған? (екі сөйлемде де қар жауғанын хабарлап тұр.)

-         Қар жауды. – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады.  Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.

Тұрлаулы мүшелер                                                                                    

 

 


Бастауыш
Қар 
Баяндауыш
жауды
                                                                                                       

 

 

 

VІ. Жаңа білімді меңгеру.

А) Ауызша жұмыс: 61 – жаттығу (Сөйлемдерді оқып тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы мүше екуенін түсіндір.)

     Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді.  (Т.М. баст. пен баян. тұрады. Сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.)

Ә) Тақтамен, дәптермен жұмыс: 62 – жаттығу.  Мәтіндегі тиісті тыныс белгісін қойып азу.

        Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

- Осы мәтінге ат қояйық?Не деп қоюға болады? («Көмекшілер, Қамқорлық»)

- Өте жақсы, жарайсыңдар!  Үлкендерді сыйлап, құрметтеп жүру ол біздің міндетіміз.

VІІ. А) Сергіту жаттығуы.

                         Таң атты,                                        Жаңбыр жауды,

                          Күн шықты.                                   Жаңбыр қатты жауды.

                          Жел соқты,                                    Жаңбыр басылды,

                          Жел қатты соқты.                         Күн шайдай ашылды.

-         Көрдіңдер ме балалар, сергіту өлеңімізде тек тұрлаулы мүшелерден жасалған.

Ә) Өздік жұмыс: 63 – жаттығу. Мақалды оқып оны талдау, мағынасын ашу. Түсініктемелер айту. Жатқа жазу. (хормен оқу, іштей оқып, 2 – 3 баладан сұрау)

1. Әкеге қарап ұл өседі.

     Шешеге қарап қыз өседі.

2. Жаман жолдас жолда қалдырады.

- (ұлда, қызда әкесімен анасынан үлгі өнеге алып өседі, тәрбиеленеді; жаман жолдас қиыншылықта қайырылмайды, көмектеспейді)

Б) Шығармашылық жұмыс:

1.  3 қатарға тапсырма сурет бойынша тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем құрастырып жаз. (оқы, талда)

2. Шығармашылық диктант: Көп нүктенің орнына тиісті тұрлаулы мүшені қою арқылы сөйлемді көшіріп жазу.

1 Оқушылар    ....       .  2     ......  жазылды.   3  Қыс   ....  .   4 Есеп  ......     .

Керекті сөздер: келді, хат, түсті, орындалды.  

(балалардың жазғандарын оқытып жіберу)

VІІІ. Рефлексия: дид – қ ойын «Кім тапқыр?» 64 – жаттығу ауызша жұмыс.

Тапсырманы оқытып мағынасына қарай сөйлемдерді ретімен айту. Тұрлаулы мүшелерді тап.

1.     Тырна түлкіге тамақ беріпті.

2.     Құмыра түлкінің басына симапты.

3.     Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.

-         Бұл қай ертегіден алынған үзінді? («Тырна мен түлкі»)

-         Ақыры не болды? (балалардың жауабын тыңдау, суретін көрсету)

ІХ. Қорытындылау: - Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай

                 мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп

                 айтамыз?

Х. Үйге тапсырма: 65 – жаттығу. 91 бет.

Балаларды мақтап зерек, білімді, алғыр, талапты болған балаларды атап айту. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Тұрлаулы мүшелер» Қазақ тілі 3-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштан жасалған тұрлаулымүшелер туралы топтастырылған ұғымды қалыптастыра таныту.Міндеті:1. Оқушылардың білім дағдыларын арттыра ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту. Байланыстырып сөйлеуін жетілдіру. 2. Ой – өрісін дамыту арқылы өз бетімен және шығармашылық жұмыс жасауға бейімдеу.3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке,үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. -         Балалар, бүгінгі сабағымыз әдеттегіден сәл өзгеше. Барлығымыз жақсы көңіл – күймен сабаққа қатысып, өздеріңнің білімдерің мен тәртіптеріңді көрсете жетістікке жетіңдер. Сабақ соңында кім сабақта белсенді және білімді болған балаға зерек, білімді, талапты, алғыр атағы беріледі. Олай болса барлығымыз білімімізді шыңдап көпке үлгі болуға тырысайық.   

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 769 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2014 5088
    • DOCX 27.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нугымарова Гульмира Рахимжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10270
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе