Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок по казахскому языку для 3 класса « Негізгі және туынды етістік.»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок по казахскому языку для 3 класса « Негізгі және туынды етістік.»

библиотека
материалов

Тақырыбы: Негізгі және туынды етістік.

Мақсаты: 1) Оқушыларға негізгі және туынды етістік жайлы мағлұмат

беріп,туынды етістіктің қалай жасалатынын түсіндіру.Негізгі, туынды

етістіктерді бір-бірінен ажыратуды меңгерту.

2)Оқушылардың шығармашылық қабілетін, сөздік қорын ,

дүниетанымын, ой-өрісін дамыта отырып, қазақ тіліне

қызығушылығын шыңдау, белсенділігін арттыру.

3) Топпен жұмыс жасай білуге , бірлікке, ұйымшылдыққа , бірін-бірі

тыңдай білуге тәрбииелеу. Салауатты өмір салтын насихатттау, өз

Отанына сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,тірек- сызба,семантикалық карта,тест,баяндау.

Жұмыс түрлері:жаппай сұрау,жұппен жұмыс,топппен жұмыс,жекелей жүмыс.

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиеттік оқу, дене шынықтыру.

Көрнекіліктер: спорт түрлерінің суреттері, жазылған мақал-мәтелдер, тірек-

сызба, қималар, таратпалар, тірек карталар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару .

  • Бүгін сабағымызға қонақтар келіпті, соларға амандасайық. (бастарын иеді)

Мұғалім: Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғып жастар ойнайды.

Айтыңдаршы , балалар,

Бұл қай кезде болады? (қыста)

-Қыста қандай ойын түрлерін ойнағанды ұнатасыңдар? (шана,шаңғы,хоккей т.б.)

-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының бір тармағында «Салауатты өмір салты» бағытында жас жеткіншектердің дені-сау,тәні-таза,ақыл есі дұрыс азамат болып өсу үшін спортпен шұғылданулары керектігі айтылған?

-Қысқы спорттық ойындар олимпиадасы қайда болып жатыр? (Сочиде)

-Дұрыс балалар, бүкіл әлем осы олимпиаданы бақылауда.

1 оқушының хабарламасы.

- Сочи олимпиадасына Қазақстан делегациясынан 102 адам,50 спортшы, 31 бапкер, 6 дәрігер, 5 тілші, 5 ресми тұлға аттанды.Спортшыларымыз – 11 түрден:шаңғы жарысы,биатлон,мәнерлеп сырғанау,фристайл-могул, фристайл-акробатика,шорт-трек,конькимен жүгіру,сноуборд,тау шаңғысы,шаңғымен трамплинмен секіру,шана жарысы спорт түрлерінен сайысқа түсті.Шығыс Қазақстандақтар – 16 спортшы. Олимпиадаға 90-ға жуық елден спортшылар қатысуда.

-Ондай болса балалар, біз бүгінгі сабақта осы қысқы спорт түрлерімен кеңірек танысамыз.

Бірінші спорт түрі -хоккей.

  • Хоккей,хоккей мұз айдынның

Қызығы ғой қыстай бір,

Құлап барып жатып та

Ұшып бара жатып та

Таяғыңды ұстай біл.

Алыстан да соқ мейлі.

Жақыннан да соқ мейлі.

Басылмайды мұз үстінде ерегес.

Қорқақтардың қолы емес.

  • Біздің шығыс Қазақстан хоккей командасы қандай? (Торпедо-Казцинк)

  • Қазақсанның құрама командасы – «Барыс»

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. 3 дара,3 күрделі етістікке сөйлем құрау.

  2. «Сөз таптары» тақырыбына ертегі құрау.

  • «Автордың орындығына» отырып,ертегілерін оқиды.

Мақал: «Спорт-жігер,спорт-бірлік»

Дәптерді ашу: Күннің аты, Сс ,спорт,сноуборд.

Екінші спорт түрі – шаңғымен трамплиннен тексеру.

Трамплиннің 3 түрі болады: үлкен (биіктігі 3,5 м,еңіс бұрышы 65 гр.), орташа (3,2; 63 гр.) және (2,1; 55 гр.). Спортшы қанатын жердің аумағы борпылдақ қармен қапталуы тиіс.Спортшы жерден биіктікке секіру техникасы, биіктік пен ұшқан қашықтығы, элементтерлің формасы мен қону әдістерді орындау техникасы бойынша бағаланады.

3.Өткен материалды қайталау. (тірек карталар арқылы)

1.«Иә-жоқ» сұрақ-жауап ойыны.

1) Кім? Не? етістіктің сұрағы. (жоқ)

2) Заттың атын білдіретін сөз табы – зат есім. (иә)

3) Айнұр – жалқы есім. (иә)

4) Ата,құс,түйе – зат есімнің жекеше түрі. (иә)

5) Аталар, құстар – зат есімнің көпше түрі. (иә)

6) Заттың қимылын , іс - әрекетін білдіретін сөз табын зат есім дейміз. (жоқ)

7) Күрделі етістік бір сөзден жасала ма? (жоқ)

8) Дара етістік екі немесе көп сөзден тұра ма? (жоқ)

2.- Олай болса , балалар, етістік жайлы не білеміз?

-Кәне, кім ережелерді айтып береді?

Үшінші спорт түрі – Фристайл- акробатика.

Фристайл – еркін стиль дегенді білдіреді. Фристайл шаңғы балеті , әуе акробатика , могул элементтерінің жиынтығы. Фристайл – акробатикасында спортшы арнайы дайындалған трамплинде әр түрлі деңгейде секірістер мен сальтоларды орындайды.

Мақал: «Денсаулық – зор байлық»

  1. «Әріптер әлемі» ойыны. Етістіктің түрлеріне сөздер құрау.

«Ж», «Қ», «К», «Т», «С»

Төртінші спорт түрі – Фристайл – могул.

Могул – дөңес беті бар трассаның бойында екі секіріс орындауды талап ететін спорттық элемент. 5-еуі де - Шығыс Қазақстан облысынан.

4.Жаңа материалды меңгеруге дайындық.

1. Терме диктант. Етістіктерді теріп жаз.

( 1 оқушы тақтаның артына , қалғандары орнында)

Аспан, сыз, биік, отыз екі, биле, емде, тұзда, оқы, бес, аға, тісте, мектеп, кқр, секір.

2. Теріп алған етістіктерді сөз құрамына талда.

Сыз, биле, емде, тұзда, оқы, тісте, көр, секір.

Бесінші спорт түрі – биатлон.

Биатлон – екі спорт шаңғысымен жарысу және нысана көздеуден бәсекелесуден тұратын қысқы спорт түрі. Спортшылар жол бойында 150 метр қашықтықтағы нысананы көздеулері керек. Нысанаға дарымаған әрбір оқ үшін 1 минутқа тең ұпай жазылады. 10 спортшыбарды, ШҚО – 4-еу.

  • Кәне бәріміз биатлон спортын көрсетейік.

  1. Жаңа тақырып.

1. «Сандардың құпиясы». ( топпен жұмыс)

Матемаикалық өрнектерді шығару.

18

20

16

36

9

14

10

12

25

н

е

г

і

з

т

у

ы

д


2х9= н 2х7= т

4х5= е 2х5= у

2х8= г 3х4= ы

4х9= і 3х6= н

3х3= з 5х5= д

4х4= г 6х2= ы

6х6= і

  • Кәне, қай топ бірінші табады екен.Қандай сөз жасырынған екен?

  • Негізгі , туынды.

  • Олай болса, балалар, етістік тұлғасына қарай 2-ге бөлінеді екен.

  • Жаңағы тапсырмаға қарап, сендер қандай қорытынды шығарар едіңдер?

2. Мұғалімнің кесте бойынша түсіндіруі.

Етістік



Негізгі Туынды

Күт биле

Шық тазала

Оқы сабында

Тұр рақаттан

Көр ақылдас

Кел көркемдес

-Етістік зат есім, сын есімнен де жасалша береді.

Мақал: «Дене қимылы – дәрісіз ем,

Шынығы жүріп – дертті жең»

Алтыншы спорт түрі – шаңғы қоссайысы жарысы. 10 спортшының – 5-еуі ШҚО. Жарыс бағдарламасына тұғырдан секіру жіне 15 км. Қашықтыққа шаңғымен жарысу енеді.

Жеңімпаз осы екеуінің қосындысынан анықталады.

6.Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс.

А) Ережені оқыту.

Б) 1-жаттығу (42 бет)

-Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиістісін жалғап, жаңа сөз жаса. (балалар тізбектеп жазады, қалғандары орнында)

Шеге ... ( -ла,-ле), ара ... ( -ла, -ле), үтік ... ( -та, -те), таза ... ( -ла,-ле), көркем ... ( -да, -де)

-Етістіктер қандай сөз табынан жасалған?

- (Сөйлем құрату)

Жетінші спорт түрі – конькимен жүгіру. Конькимен спортшылар жарысады.

-Кәне, конькимен жүгіру қимылын көрсетейік.

Мақал: «Тәні саудың – жаны сау»

7. Жаңа сабақты бекіту.

1. Семантикалық карта. (жұппен жұмыс)


Атаулары

Дара

Күрделі

Туынды

Негізгі

Келді





Бара жатыр





Сабында





Айт





Шегеле





Жүр





әсемде






Сегізінші спорт түрі – шорт-трек.

Шорт – трек спорты конькимен жүгіру жарысының бір түрі. Алайда, шорт – трек спортында конькишілер ұзақтыққа емес , қысқа қашықтықта әрі жылдамдыққа жарысады. «Short – track» ағылшыннан аударғанда «қысқа қашықтық» дегенді білдіреді.

2. Тест тапсырмасы.

1) Етістіктің қандай түрі болады?

а) ашық, тұйық, бітеу

ә)жекеше, көпше

б) негізгі, туынды

2)Негізгі етістікті тап.

а) биле ә) жүр б) ақта

3) Туынды етістікті тап.

а) күт ә) арқанда б) бар

4) Негізгі етістік дегеніміз не?

а)түбір сөзден болған етістікті айтамыз.

ә) түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалатын етістік.

б) бір сөзден тұратын етістік.

5. Туынды етістік дегеніміз не?

а) екі немесе үш сөзден тұратын етістік.

ә) түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалатын етістік

б) түбір сөзден болған етістікті айтамыз.

Тест кілті: б, ә, ә, а, ә.

(парақтарын ауыстыру арқылы тексеру)

Тоғызыншы спорт түрі – сноуборд. Цой Валерия ШҚО-нан.

  • Кәне, қимылын көрсетейік.

Мақал: «Шынықсаң – шымыр боласың»

8. Үй тапсырмасы.

3 – жаттығу (43 бет) Сөйлем құрастыру.

Оныншы спорт түрі – мәнерлеп сырғанау.

2 спортшымыз қатысты – Денис Тен , Рақымғалиев Абзал. Денис Тен – қола медаль жүлдегері.

Мақал: «Ел үмітін – ер ақтар».

9. Бағалау.

-Қазір сендер өздеріңді бағалайсыңдар.

-Егер, сабақ саған жеңіл болып,бәрі түсінікті, бәрін білдім десең, алтын медаль ал.

-Егер, түсініксіз жағдайлар болып, сәл қиналсаң, күміс медаль ал.

- Егер, бүгінгі тақырыпты түсінбесең – кола медаль ал.

(Пьедисталға медальдарды қою).

  • Неліктен солай баға қойдыңдар?

10. Қорытынды.

- Сабақ ұнады ма?

- Жаңадан не үйрендіңдер?

- Естеріңде не қалады?














«Опытное поле орта мектебі» КММ












Қазақ тілінен ашық сабақ

Тақырыбы:


hello_html_46e67048.gif


3 – Қ сынып




Өткізген:

Омарова М. С.











Семинар практикум

2013 – 2014 оқу жылы




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Мақсаты: 1) Оқушыларға негізгі және туынды етістік жайлы мағлұмат                                           беріп,туынды етістіктің қалай жасалатынын түсіндіру.Негізгі, туынды                                          етістіктерді бір-бірінен ажыратуды меңгерту.                  2)Оқушылардың шығармашылық қабілетін, сөздік қорын ,                     дүниетанымын, ой-өрісін дамыта отырып, қазақ тіліне                     қызығушылығын шыңдау, белсенділігін арттыру.                  3) Топпен жұмыс жасай білуге , бірлікке, ұйымшылдыққа , бірін-бірі                    тыңдай білуге тәрбииелеу. Салауатты өмір салтын насихатттау, өз                    Отанына сүйіспеншілігін арттыру.Сабақтың типі: Аралас сабақ.Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,тірек- сызба,семантикалық карта,тест,баяндау.Жұмыс түрлері:жаппай сұрау,жұппен жұмыс,топппен жұмыс,жекелей жүмыс.Пәнаралық байланыс: математика,әдебиеттік оқу, дене шынықтыру.Көрнекіліктер: спорт түрлерінің суреттері, жазылған мақал-мәтелдер, тірек-                           сызба, қималар, таратпалар, тірек карталар.
Автор
Дата добавления 29.04.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров508
Номер материала 89044042955
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх