Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУ

библиотека
материалов


ӘОЖ 372.3/.4+811.512.122


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУ


Махаталиева Б.

16 орта мектеп, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы


Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ».

Тіл-адамзат қоғамның өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет.

Тіл-тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс- тәжірбиесі мен даналығы бар. Санының аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнеленген. Тіл –оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. М. Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді , «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр».

Сонымен, тіл- адам қоғамының рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым-қатынас қызметін атқаратын, ой қаруы болып саналатын аса құнды құбылыс. «Тіл –адамдық белгісі , жұмсайтын қаруының бірі».

1995-1996 оқу жылына арналған «Бастауыш мектеп бағдарламасында » бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі пәндерінің бала тілін дамытудағы жетекші ролін ерекше атап өткен. Бастауыш сыныптарда оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты – оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту. Төменгі сынып оқушыларының келекшекте алатын білімі мен ойының даму дәрежесінне байланысты болып отырады. «Тіл» немесе «тіл дамыту» -пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму заңдарын зерттесе, психалогия адамның бір –бірімен қатынаста ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі- сөйлеуді зерттейді. «Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму күрделі түрде көшу деп түсіндереді. Психика даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт. Қазақтың көрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді инвариант ( лат. - өзгерілмейтін ) оған тіркелетін жаңааны «өзгеріліші » деп атады.

Бұл туралы М. Мұқанов былай дейді. «Психиха үнемі өзгеріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар. Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері ( инвариант) психалық дамыдың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі».

Тіл дамыту мәселесінеде де осыны айтуға болады. Яғни баланың сөздік қоры игерген тіл единицаларының негізінде ( су, сушы, сулық, суару ) молаяды.

Оқу – тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі дағдылар қалыптастыру болып табылады. Дағды адам әрекетінің қай- қайсысынада да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының нәтижесінде адам санасы қызметті түпкілікті, шешуші кезеңдерінде жұмылдырылады. Бұл жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді. Тіл дамытудың мазмұны мен салалары. Коммуникативтік ( қарым-қатынастарды зерттейтін ) лингвистика саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелері тіл дамытудың көптеген теориялық және практикалық мәселерін, оның ішінде ең алдымен тіл меңгертудің мазмұнын жаңаша құру қажеттілігін көрсетуде.Қазіргі тіл білімі күні бүгінгі дейін лингвист зерттеушілердің назарынан қағыс қалып келген адамдардың тіл саласында қызметі. Тіл арқылы қарым-қатынасқа т түсуі, коммуникативтік және танымдық мәні бар міндеттерді ойдағыдай шешуде, өзара түсінісуге септігін тигізетін тәсілдер мен құралдарға ерекше көңіл бөлуде.

Қазіргі лингводидактикада оқыту мазмұны проблемасы тіл игерудегі оқу-тәрбие процесінің барлық құрамдас бөліктерінің ішіндегі жетекші сала –оқыту мазмұнын басты орынға қоюмен шешіледі.

Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылым негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдалықтары арқылы жүзеге асырлады . Сондықтан бастауыш сыптарында ана тілінің заңдалықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларында еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр. Өткені тілдамыту- сайып келгенде ой дамыту.

Тіл дамыту –ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі, бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиетке ғана болмай , оның сөйлеу әрекетіне де тікелей тәуелді.

Мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарында жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – балаларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-әдістері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім . Жалпы әдістеме ғылымының бір саласы. Басқа ғаламдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды.

Тіл мәдениетінің негізгі зерттеу объектісі –сөз, сөздің дұрыс айтылуы, сауатты жазылуы. Нәтижеде айтатын деген ойдың айқын да анық, әсерлі де көркем жетуі.

Сөздіңмәнерлігі дегеніміз –адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. А Макаренко бұл жөнінде: «...сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» ,-деген болатын.

Мәнерлеп сөйлеу , дыбыстарының қырын сындырып айту ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, шешендік сөздерден келе жатқан заңдылық. Сөзді қандай қатесіз жазу қажет болса, оны құлаққа жағымды, әуенді, мәнерлі етіп айту да сондай қажет.

Тілдің тіл болуы үшін ең қажетті фактор –ойлау, пайымдау екені белгілі. Адамның ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы неше мәрте айтылса да белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады. Ой тілге әсер етеді, тіл сөзге әсер етеді, сөзден сөйлеу пайда болады.

Тіл дегеніміз- сөздік белгілердің жүйесі . Ал белгі –шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткіземіз. Ақыл –ой жетістігі болып табылатын , ақиқат, өмірдің бейнелуін қамтамасыз ететін ең жоғарғы таным-түйсік адамға ғана тән және ол-сөйлеу актісімен тікелей байланысты форма. Яғни адамдар бұл бейнелерді қалыптастыруда тілді пайдаланады, бір-бірімен қарым-қатынасқа тіл арқылы түседі, бейненің бар болмасын суреттеу үшін, бір-біріне жеткізу үшін тілдік блоктарды түзеді.

Тіл мен сөйлеу жайындағы ғалымдардың пікіріне келсек , ерекше концепция- Ф-де Соссюрдің тұжырымы . Оның пікірінше, тіл дыбыстың өзі, дыбысталу. Яғни, тіл-барлық дыбыстық таңбалардың жиынтығы болса, сөйлеу –дыбысталудың жиынтығы. Ғалым «Язык-это система знаков ипрвил их комбинрования; речь же это использование нашей языковой систсмы в целях общения». Ф. Соссюр тілмен сөйлеуді ажырата келіп , олардың әрқайсынына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді.

Тіл -әлеуметтік , ал сөйлеу –жеке құбылыс

Тіл-тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу –тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады.

Тіл адамның миымен , санасымен бірге өзі қалыптасатын процесс, ал сөйлеу әркімнің өзі дамытып отыратынпроцесс.

Тіл –псикалық құбылыс, ал сөйлеу –психофизикалық құбылыс

Осылайша, тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, олардың өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді.

Қазақ лингвистикасында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелерді анықтап , олардың айырмашылықтарын көрсетуге тырысқан тілші- Т. Р. Қордабаев. Ол: «сөйлеу дегеніміз- тілді қатынас жасау процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз»,- дей келіп, тіл мен сөйлеу бір-бірімен ажырамас бірлікте –деп көрсетеді.

Дидактикалық принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысы да мынадай дидактикалық принциптерге негізделе жүргізіледі.

1.Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі принципі арқылы оқушы тілмен ойлау бір-бірімен байланыста екендігін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтындығы, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетіндігін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді. Бұл принцип арқылы оқушының ойлау әрекетін дамыта отырып, түрлі ой қортындыларын жасай білу дағдыларын қалыптастырылады. Яғни, бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру тағы да басқа түрлі ойлау әрекетін үйренудің нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді.

Мұғалім бұл принциптерді негізге ала отырып, қазақ тілінің бағдарламалық материалдарын мұқият қарастырып, әр тақырыпты оқытумен байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы қалай орындады, одан қандай қорынтынды шығарады, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге сүйенеді, қандай ойлау әрекеттерін жасады деген мәселерге көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ, бұл принципті іске асыруда екінші басты мәселе –оқушылардың орфографиялық ережелерді саналы меңгерудін қалыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазуда дағды беру. Мысалы, орфография мен орфоэпияға қатысты ережелерді, дәлірек айқанда, айтылумен жазылуы түрліше келетін сөздер бар.

2. Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір- бірімен байланыстылық принципі де басты орын алады. Адам бірімен –бірі сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін есиді, тыңдайды, әрі оны –пікір алысып сөйлеседі. Адам осындай сөйлесу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсіелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ерекше үнмен, ырғақпен айту, ымдау тағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу процесінде екінші бір адамға ойын жеткізеді.

Ал жазбаша сөйлеу –графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, құрамалас сөйлем түрімен де бере алады. Демек, жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйел байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалғау, жұрнақ , түрлі тыныс белгілерін ( нүкте, қос нүкте, үтір, сызықша тырнақша, леп белгісі т.б), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік құралдары пайдаланады.

Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс, жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі процесс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді.

Елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер, мемлекеттік жаңа құрлымдардың өмірге келуі, Қазақстанның егемендігінің нығаюы, осының бәрі туған тілімізге деген ескі көзқарастарды қайта қарап, жаңаша негізінде құруды талап етіп отыр. Сол себепті тілді оқытуда да, оның қадыр-қасиетін шәкірттерге түсіндіріп, ұлылығы н кеңдігін оларға ұқтырғанымызды да алдынан өмірдің, өзі ұсынған соны идеяларды батыл басшылыққа алып бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан –жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру –отбасының, балабақшаның, барша халықтық міндеті . Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзілісіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.

Бала тәрбиесінің негізгі отбасында қаланатындықтан, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан отбасылық бала тәрбиесі дәстүрлерін, фольклорлық мұраларын балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңінен пайдалану мүмкіндіктері бар. Халық даналығынан туындаған нақыл, әңгіме, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылпаштар баланың ой-өрісін, тілін дамытып , дүние танымын жетілдіруге ықпал етері сөзсіз. Балаға бұл рухани мұраларды игерту белгілі бір жүйеде, олардың жас ерекшелігіне сай түсінігіне лайықты, басқа тәрбие жұмыстарымен сабақтас болуы тиіс. Осыған орай «Адамдық асыл мұрат», «Балалар өмірі –ұрпақтарға өнеге», «Ақ дастархан», «Еңбек түбі -зейнет», «Жер байлығы ел байлығы» тақырыптарында көбірек жұмыс жүргізген абзал. Мұнан –баланың сәбилік шағынан бастап, имандылық-инабаттылыққа жататын жағымды мінез-құлық ережелердің қарапайым негіздері –тазалық, әдептілік, ізеттілік, жомарттық, кішпейілділік, еңбексүгіштік қасиеттеріне баулып, бойларына сіңіру. Туған еліне, жеріне ұлттық құндылықтарды мұраларды мақтаныш тұтусезіміне басқа халықтарға достыққа тәрбиелеу болып табылады. Ең бастысы балалардың тілін дамыту, көркем сөйлеуге және есте сақтау қабілеттерін қалыптастырады.

Өтілетін әрбір тақырып жайында ұғымдарын кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Үй ішіндегі адамдардың аттарын атап айтуға үйрету: әке, шеше, ата, апа, сөздерін тиянақты меңгерту. Өзі отбасы мүшелері туралы «Біздің үй-ішіміз », «Бұл мен», «Менің атам», «Отбасындағы мереке», тақырыптарындағы суреттер көрсетіп, әңгімелестіру, 3-4 сөйлем құрату.

Қазақ мектебінің бастауыш сыныбында грамматикалық ойындар арқылы оқытуға байланыста алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады, қазақ тілін грамматикалық ойындар арқылы оқытуға арналған басты талаптар мен ұстанымдар қазақ тілін оқыту техналогияларын дамытады.

Балалардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу барысында үздіксіз дамытып отыру, сабақта алған білімдерін практикда қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақта ойын түрлерін пайдалану қажет.

Грамматикалық ойындардың тиімділігін балалардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтап, оны қолданудың практикасын болашақ бастауыш сынып мұғалімнің жетік меңгеруін, шеберлік танытуын, ойынға қажетті материалдарын алдын-ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруын талап етеді және іріктеліп алынған ойын түрлері мен оны сабақта қолданудың тиімді жолдары мектеп мұғалімдеріне сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да пайдалануына үлгі болады дей аламыз.


Пайдаланған әдебиеттер

1. Аханов Қ. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993

2. Рахметова С.Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2003

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992

4. Балқаев М. Сайрамбаев Т . Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997

5. Оралбаева Н, Әбдіғалиева Т, Шалабаева Б. Практикалық қазақ тілі: Алматы, 1993




































ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОРНЫ


Ильясова Б.

Жалпы білім беретін кешкі мектеп, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы


Еліміздің егемендік алуы халқымыздың ұлттық бірлігіне жаңа жол ашты. Осы жолда кеңес өкіметі құлағанша өмірі мен шығармашылығы арнайы зерттеуге алынбаған небір от ауызды ақындарымыз бен орақ тілді шешендеріміздің еңбектерімен толық таныса бастадық. Комунистік идеология кезінде әдебиет тарихында өзінің лайықты орнын ала алмай келген ақындарымыздың, соның ішінде әсіресе (зар заман әдебиет өкілдері) көпшілігі тәуелсіздігімізді алған тұста ғана өзінің нақты мәндегі орнын алды.

Дулаттың қазақ әдебиетіндегі орны, оның әдеби мұрасының маңызы, қоғамдық мәні үнемі идеологиялық тұрғыдан сыңаржақ бағаланып келді.

М. Әуезов Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіне байланысты ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ақындарын (Шортанбай, Шал, Дулат, Мұрат т.б.) «Зар заман әдебиет өкілдері » деп атаса, [1.214] кеңес дәуірінде Дулат, Шортанбай сынды ақындарды «кертартпа ақындар» деп санап, олардың шығармаларын оқуға үзілді-кесілді тыйым салынды. Оның басты себебі – аты жоғарыды аталған ақындар хандық дәуірді аңсап, өз заманының жаңалықтарын жатсынулары еді. Шортанбай, Дулат т.б. сыншыл ақындардың ел өміріне кіріп жатқан жаңалықтарды жатсынғандары рас. Олардың ойларыншы, патша үкіметі өз үстемдігін арттыру мақсатында жаңалықты күшпен енгізіп отыр деген ұғым болды.

Бірақ қылышынан қаны тамып тұрған Кеңестік кезеңнің құрсауына мойынсұнбай, Дулат мұраларын саясат отынан арашалауға ұмтылған ғалымдар аз болмады. Нақты атар болсақ, олар: Қ.Өмірәлиев, Х.Сүйіншәлиев, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Мағауин, Р.Бердібаев, Р.Сыздықова, Ы.Дүйсенбаев т.б.

Солардың бірден-бір өкілі – Х.Сүйіншәлиев «Дулат ақын мұрасы » тақырыбы бойынша 1959 жылғы 15-19 маусым күндері болған ғылыми – теориялық маслихаттағы баяндамасында Дулатты «феодалдық, кертартпа, ескішіл» көзқарастан арылтып, керісінше, өмір шындығын өз көзімен көре білген реалист ақын ретінде танытты және оның мұараларын бағалау жөнінде өз ойын ашық айтты.

Х.Сүйіншәлиев мұнымен тоқталмай, өз ойын тереңдетіп, жүйелі зерттеуге ұластырды. Оның докторлық диссертациясының бір тарауын «Дулаттың әдебиет тарихындағы орны» деп арнап жазуының өзі де ғалымның табандылығын көрсетеді. Х.Сүйіншәлиев : «Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптаса беруіне өз үлесін қосты. Кейбір кертартпа пікірлеріне қарамастан, ол поэзиямыздың мазмұнын байытып, оның көркемдік түрі жағынан да жетіле түсуіне көмектесті. Сын – сықақты жиі қолданып, өлең өнерінің бұл саласының қалыптасуына да септігін тигізді» - деп баға берді. Х.Сүйіншәлиев ағамыздың еңбектерінің жетістіктері мол болды. Атап айтсақ, Дулат мұрасын мазмұндық, көркемдік жақтан жүйелеуі, оны реалист ақын ретінде танытып, қазақ әдебиеті тарихындағы орнын көрсетуі.

Дулаттанушылардың ішіндегі ең көрнектісі және Дулаттың ақындығына бас иген ғалым – Қ.Өмірәлиев болды. Ғалым Дулатты дүйім жұртқа танытуда 1983 жылы шыққан «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі» атты еңбегінің мәні зор болды. Мұнда ғалым Дулаттың тілі, стилі, көркемдік өлшемі, өлең өрімі жөнінде мәлімет береді.

Жалпы, Дулат Бабатайұлының шығармашылығы әр кезде әдебиет зерттеушілерінің көңілін аударып келген. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің, Ыбырай Дүйсенбаевтың, Мұхтар Мағауиннің, Мекемтас Мырзахметовтың, Зәки Ахметовтың, Қайрат Раевтың т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады. Және бұл ғалымдардың Дулат жайлы азды-көпті пікірлері әр жылдары өз еңбектерінде жарияланып жатты. М.Мағауин: «Дулат қазақ поэзиясыны мазмұн, тақырып жағынан байыта түсті, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді» деп бағаласа [4.11], тілші – ғалым Р.Сыздықова: «Дулат Абайдың алдында өткен қазақ сөз зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәдени – рухани дүниемізден өз орнын, үлкен орнын алуға тиіс ақын» деп баға берді. [5.213]

Дулат – қазақтың патриархтық-феодалдық институты ішінен өсіп шыққан ақын. Феодалдық-патриархтық қоғамда қауымның барлық басқару шаралары ру басшыларының «ырқымен» жүріп отырды. Сондықтан да олардың іс-әрекеті, шаралары, өз мүдделері талап етуден барып туғанына қарамай, қауымның барлық мүшелерінің ортақ мүддесінен туған сияқты көрінеді. Олардың таптық сипатын рулық қоғамдағы таптық жіктелістің анық көріне бермегені де, ру мүшелері мен олардың басшылары мүдделері арасында бадырайып көрініп тұратын қайшылықтар «болмайтыны» да бүркемеленді. Сондықтан да ол заманның ойшылдары да осы түсінікте болды. Олар қауым шеңберінде болатын әр түрлі сәтті-сәтсіз оқиғаларды ру басшыларының қайраткерлік ісінің ғана жемісі деп білді. Халық басына тұс келген әр алуан оқиғалардың себепкері тек қана «ел жақсылары» деп түсінді. Сөйтіп үмітін де соларға артты, сынын да соларға айтты; мақтауы да жерлеп сөгуі де соларға арналды.

Дулат ғылымға дейінгі жердегі осы түсініктің ақыны болды. Сондықтан да оның өз кезіндегі бір «ел жақсыларынан» үміт артуының да сыры, негізі, міне, осында жатыр.

Дулат өлеңдерінің мазмұнына қарап, аға сұлтандық билеу тәртібі орнаған кезеңде өмір сүріп, сол жағдайлардағы қарым-қатынастарды жыр еткенін көреміз. Бұған оның өмір жолы дәлел.

Жалпы, Дулат – бүгін мақтауды да, даттауды да қажет етпейтін ақын. Ендігі кезезеңде халқының әдеби мұралары қатарынан өз орнын алып, шығармасының зерттеу объектілеріне айналып отыруы Дулатқа берілген үлкен құрметтің белгісі. Дулат Бабатайұлының ақындық мұрасы - әлі сан зерттеушілерге объек болатын шығармашылық әлем.

Қ. Өмірәлиев өз кезінде Дулатты дүйім жұртқа танытуда ақын шығармашылығын толық, жан- жақты зерттеу жүргізбесе де бүкіл туындыларына текстологиялық зерттеулер жүргізіп, оның атына танылып келген жамау – жасқаулардан арылтып, көпшілікке ұсынды. Қазақ әдебиеті тарихындағы ойдым-ойдым ақтаңдақ болып жатқан жерлерін толық танытпаса да, Дулат еңбектерін жинастыруда көп еңбек сіңірген ғалым. Ал осы Қ.Өмірәлиев еңбегін жалғастырушылар ішінде еңбегі ерекше көзге түсетін Қ.Раевты айтамыз. Ақын А. Егеубай «Дулатты таныту, Дулатты насихаттау шарт емес, Дулат өзінің ақындық әлемінің биігінде тұр. Дулатқа жетуіміз керек, Дулаттың елдік поэзиясының дәстүрін, ақындық мектебін оқып түйсінуіміз қажет» дейді.

Шынында Дулатқа жетуіміз керек. Оның ақындық мектебін, поэзиясының дәстүрін танытуымыз қажет. Абайдай өз бағасын алмаса да, Дулат ақынның мұралары қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын айқын көрсететін мезгіл жеткен секілді.

Қорыта айтқанда, зар заман әдебиеті өкілі саналатын Дулат мұрасының танылу, зерттелу шығармашылығы жайлы түрлі-түрлі пікірлердің арасынан Дулаттың ой өрнегін, сөз саптауын, айшықтауларды пайдалануы туралы құнды пікірлерді ала отырып, соңғы ғалымдардың көзқарастарымен салыстырып, халыққа Дулат туралы деректі бұрмаламай толық және ашық түрде жеткізу басты парызымыз.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. М. Әуезов. Әдебиет тарихы. 1925.

  1. Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиеті. ХҮІІІ- ХІХ ғасырлар. Алматы:1981.

  1. Қ. Өмірәлиев. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының жанры мен стилі. Алматы: 1983.

  1. Бес ғасыр жырлайды. Алматы: 1989.

  1. Д. Бабатайұлы. Тұнық тұма. Алматы: 2002.

  1. Қ. Жұмалиев. ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы: 1967.


МЕКТЕПТЕ ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ

Махаталиева А.

16 орта мектеп, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы

Әдістеме дегеніміз – методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғ дегеніміз – методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда – «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз – нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл жиынтығы, кешені. Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдарының бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зертттейді.

Осылайша әдістеме пәні – педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысанасы – оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.

Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.

Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.

Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңартып пайдаланады.

Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалым өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.

Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестірмей, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтар таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.

Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары
Тарихты оқытудың негізгі факторлары мына сұрақтардың жауаптарына байланысты:
- мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар;

- стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда баяндаоған тарихи білімнің мазмұны мен құрылымы;

- оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы (оқыту мен оқудың түрларі, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары);

- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері;

- оқыту нәтежиелерәмен айқындалады.

1. Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде таризты оқытуда көптеген обьективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық шовинизм, ұлыдаржавалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңдң тарих пінінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды.
Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары былай айқындалған:
- оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;

- тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;

- отансүйгіштік, тарихи тәжірибе,гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;

- халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту.

Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.

- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;

- оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;

- қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылытын тұлға қалыптастыру;

- тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;

- әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;

- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру.

Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегенміз - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады.

2. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңгереді.

3. Әдістер (әрекет тәсілдері) әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сөздік, баспа-қолжазбалық (мәтінмен жұмыс). Көрнекі, практикалық деген сияқты. Олардың мәні қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беріп, мұғалім мен оқушының бойында екі жақтық әрекетін айқандайды. Жақсы жолға қойылған оқытудың әдістемесі оқушылардың бойында тарихи білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді.

Әдіс, тәсілдар мен оқытудың түрлері (жалпысыныптық, топтық, дербес), сабақ типтері (қайталау-жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат-сабақ), сабақ үстінде мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз етуге керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналары, диафильм т.б. сияқты заттарды жатқызамыз.

Оқу материалы мазмұнының, тиісті оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы және оқушылардың тарымдық қызметі формаларының біртұтастығы негізінде оқушылар оқыту мақсатына қол жеткізеді.

4. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Тарихи танымға ұмтылуға күш жұмсау тұлғанаң ойлауын, қиялын, ерік-жігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. Оқу процесінде оқушылардық тарихи білімді меңгеру және қолдану қабілеті дамиды.

Қабілеттілік дененіміз не? Ол тарихты оқып игеруде табысқа жетуге алғышарт болатын тұлғаның дербес ерекшеліктері. Ол қабілеттілік әрекеттің әдістері мен тәсілдерін тез, терең және оңай меңгеруден байқалады.

5. Оқыту нәтежиелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Білімін дәләлдеу және негіздеу, ең бастыны бөліп алу, себеп-салдарлы байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді қолдана алудан көрінеді.

Оқыту нәтежиелері мына деңгеймен өлшенеді: 1) 5-11 сыныптардағы бір сабақта, бір тақырыптағы бірнеше сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи білім; 2) ғылыми көзқарастың қалыптасуы; 3) тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу; 4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту. Осылайша оқыту нәтежиелері алға қойған мақсаттың орындалғанын немесе тек сөз жүзінде қалғандығын танытады.

Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс.

Мектептегі тарих пәнінің мұғалімі мен студент үшін әдістеменің маңызы:

- Белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәне бойынша білім мен дағды деңгейін анықтауға;

- Сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылауға;
- Оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылауға;

- Оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тәсілдермен ұштастыруға;

- Тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындауға;

- Оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға:

- Оқыту нәтижелерін алдын-ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.

Тарихты оқыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудың мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты – тарих ғалымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу.

Таңдап алу оқушылардың танымдық мүмкідігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым оқушылар танымы мен танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Оның үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялық және педагогикалық зерттеу тәсілдері де қолданылады. Әдістеме пәні оқытудық бір саласы ретінде педагогикамен байланысты. Педагогика – оқыту, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді.
Ғылыми зеттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабақ) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі «экспериментум! Сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтежиесінде пайда болады.


Пайдаланған әдебиеттер:




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-037367

Похожие материалы