Ана – біздің гүліміз
Пәні: Айналаны қоршаған орта
Сабақтың тақырыбы: « Ана –біздің гүліміз»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке- аналар мерекесі туралы түсінік беру. Өлең , мақал- мәтелдердің мазмұнын ашу. Өз аналары туралы шығармашылық әңгіме құрастыру.
Дамытушылық:Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін ешнәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер( гүл, көбелек, фломастерлер , ананың портреті), ватман.
Әдісі- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мақал- мәтел, тақпақ,әңгімелеу
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) сабаққа бейімдеу
ІІ. Өткен сабақты пысықтау:
Мұнайшы және шахтершы құрметті мамандық.
-Ал енді қандай мамандық түрлерін білесіңдер атап шығайық?
(Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, дүкенші, аспазшы т.б)
ІІІ Жаңа сабақ:
а) Тақырыппен таныстыру
-Әлемдегі ең қымбат, ең аяулы жан кім?
-Кім сендерді аялап, мәпелеп өсіреді?
-Аналарың сендерді ерекелетіп қалай атайды?
Мысалы: Мені анам «айым, күнім, боташым, ақылдым »-дейді
-Ана туралы қандай мақал – мәтел, қанатты сөздер білесіңдер?
Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал (мақал- мәтелдің мағынасын ашу)
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылыунан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін- өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Ананы барынша құрметтеп, сыйлау- әрбір баланың парызы.
ә) Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып- ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
б )«Ардақтаймыз аналарды» газетін шығару
Шарты: үстел үстіндегі әр түрлі заттардан (гүлдер, көбелек, түрлі фломастерлер, түрлі түсті қалам) әр оқушы алып қағаз бетіне жапсыру , аналармыздың құрметіне ұжымдық құрастыру жұмысын жасауды ұсыну.
в) Әліппе-дәптермен жұмыс:
Ана біздің гүліміз
Үлкенмін ғой мен енді,
Жудым бүгін еденді
Аналарға арналған
Жаттап алдым өлеңді
С. Оспанов
Суретпен жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Сурет интерактивті тақтадан көрсетіледі)
Анамызға арнап құттықтау хат дайындау.
г) «Біз білімді баламыз» ойыны ( сұрақ- жауап)
*Аяулы жан ?(Ана)
*Бір аптада неше күн бар? (7)
*Еліміздің бас қаласы? (Астана )
* Анамыздың анасы бізге кім болады ? (Әже)
*Еліміздің президенті? (Н. Назарбаев)
*Көктемдегі жапырақтың түсі? (жасыл)
*Бағдаршамның көздері нешеу? (3)
* «Ана » сөзінде неше буын бар? (2)

А. С . Пушкин атындағы орта мектебі
Ана –біздің гүліміз
Пәні: Айналаны қоршаған орта
Сынып жетекшісі : Матишова Ғалия Кенжебекқызы
Қаратау қаласы
2016ж
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.