Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыОрыс тілді балабақшасында қазақ тілін оқытып үйретуде, білім беруде қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Орыс тілді балабақшасында қазақ тілін оқытып үйретуде, білім беруде қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Скачать материал

 Орыс тілді балабақшасында қазақ тілін оқытып үйретуде, білім беруде  қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Салт-дәстүрлер арқылы балалардың бойына сыйластық, құрмет, ізеттілік, әдептілік сезімдерін ұялату. Баланы мейірімді, қайырымды, иманды  болуға баулу. Шыншыл, ата-ананы, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, сонымен қатар елін, туған жерін қорғайтын батыр болуға, өз халқы алдында қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, патриоттық тәрбие беру, тұлғаның жоғары адамгершілік қасиетін тәрбиелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ұлтаралық мәдени даму мен қалыптасуды өзге ұлттар ерекшеліктерімен жақындастыру арқылы ашу.

Міндеті: Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ этнопедагогикасы негізінде дүниетанымын қалыптастыруда бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерді, тұрмыстық салт-дәстүрлер мен әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерді сабақтарда қолдану, көрсету.

Талап: Қазақ тілі сабақтарын оқыта отырып балалардың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық рухты сіңіру.

        

         Тіл – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы. Тіл – алтын қазына. Ендеше тілді қорғау – ұлттық мүддеміз. Бүгінгі таңда тілді меңгерту ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Көп ұлтты республикамыздың жағдайында тілді меңгерту, мемлекеттік тілде сөйлету оңай іс емес екендігі белгілі.

         Сонымен бірге орыс балалар бақшасында қазақ тілін оқытып үйрету, білім берудің ұлттық – этнопсихологиялық мәселелері де ескерілуде. Ал бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балалардың сөзге қызығушылығы, сөйлеу үлгілерінің іргетасы осы балалық шақтан қаланатыны ескеріліп, балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, сөз үйрете отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру мақсаты алға қойылады.

         Байланыстырып сөйлеу әдісінің ең тиімді, ұтымды екенін айта келе сөйлеу барысында сөз тіркесі сөйлем арқылы ғана қолданылатын, яғни балаларды байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру – олардың тілімен бірге, ойын да дамыту деген сөз.

         Балалардың күнделікті сабақтардан алған білімдерін бекіту, сөздік қорларының белсенділігін арттыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану жолдарын іс жүзінде меңгерту әдіс-тәсілдері көрсетіледі. Қазақ даналығында «Тіл – ұлттың жан дүниесі, сезімнің, ойдың жанды көрінісі» деп тегін айтпаса керек. Өзге ұлт өкілдері балаларына тіл үйретудің қиындығы мен қызығы да осы шақтан басталады.

         Тәрбие мәселесі барлық сабақтарда да өз дәрежесінде қаралуы қажет. әсіресе ұлы бабамыз Әбу Нәсір әл-Фараби өзі «Тәрбиесіз берілген білім апат әкеледі» деген. Олай болса, «Тәлім сөз – тәрбие құралы» деген нақыл сөз өмірден алынған шындық екені белгілі. Сондықтан да болар, халық тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы жалғасып келеді. Егер біз адамды адам еткен еңбек десек, сол еңбекті балаға үйретіп, ұлттық қасиетке баулып, жол сілтейтін, тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған салт – дәстүрлер әдет – ғұрыптары мол. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға жалғасып келе жатқан жақсы қасиеттерін келер ұрпаққа сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Ұлттық тәлім-тәрбие халықтық педагогика негізінде беріліп, жүзеге асады. Ал ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, адамгершілігі мол, иманжүзді, сұлу да сымбатты, халқын, елін, туған жерін, оның табиғатын сүйетін ұлтжанды, ата-бабамыз армандаған «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат болып өседі.    

         Бүгінгі жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы оның туған ұясына, оқыған - өскен ортасына, көрген тәрбиесіне тікелей байланысты. Әрбір қазақстандық бала есі кіргеннен бастап кәмелетке толғанға дейін туған ұлтының өнегелі тәлім –тәрбиесін, әдет-ғұрпын, салт-санасын бойына сіңіріп өсуі керек. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ тізгінін ұстар азаматтары – бүгінгі балабақша тәрбиеленушілері мен мұғалімдер қауымы, осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауындағы жеті басымдықтың бірі қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, оны түлетуді ұлан ғайыр жасалар жұмысының ұстанымы етіп отыр.

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміздің елімізде іске асыра отырып, біріншіден, қандайда бір жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек» деп көрсеткендей қоғамдағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. Педагогикалық бұқараның алдында мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа заманның мақсаттары мен сұраныстарына жауап беретін, баланың жан-жақты дамуына жоғарғы деңгейде әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұр.

         Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, көргенін қиялын, ойын тіл арқылы жеткізеді. Сондықтан балалардың қазақша тілі дамуы үшін ұлттық санасын оята отырып, қазақ салт-дәстүрлерінің озығымен тәрбиелену керек. Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірту, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, соған сай мінез-құлқын қалыптастырады.

         Мен Қостанай қаласы № 44 бөбекжай-бақшасында екінші жыл қазақ тілі мұғалімі қызметін атқарып жүрмін. Баланың алдындағы өз борышымды жауапкершілікпен атқару үшін білім беруде ұлттық салт-дәстүрлерді қолдана отырып балаға үйретуді өз жұмысымда бастаудамын. Қазақтың салт – дәстүрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектепке дейінгі ұйымда қолдану ыңғайына қарай үш топқа бөліп қарастырдым:

1.                          Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Бұған шілдехана, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу сахыналық түрде көрсету арқылы, салт-дәстүрлердің мағынасын түсіндіру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру.

2.                          Тұрмыстық салт-дәстүрлер. Киіз үй оның жабдықтары, ұлттық киімдер, үй жиһаздары, ұлттық тағамдар,ыдыс-аяқ,  әшекей бұйымдар, төрт түлікпен таныстыра отырып білм беру. Тұрмыстық салт-дәстүрлері балаларды қазақ халқының тұрмыс – тіршілігімен кең түрде танысуға көмектеседі. Мұның ішінде киіз үй қазақтың ең алғашқы баспанасы екенін таныстыра отырып, оның жабдықтарының жасалу және киіз үйді тігу ерекшелігімен таныстыру.

3.                          Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер. Қазақтың музыкалық аспаптары, тыйым сөздер, бата-тілектер, ұлттық мерекелер, қазақша отыру түрлерімен таныстыру арқылы балалаларды қазақ халқының тарихын кеңірек тануға жол ашамыз.

Балалардың дүниетанымын қалыптастыруда салт-дәстүрлерді кең түрде қолдану өз нәтижесін берері сөзсіз. Тек қана балаларға салт-дәстүр туралы айтып қана қоймай, оны сахыналау арқылы көрсету балалардың білуге деген қызығушылықтарын арттыра түседі.

1.Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.

Сәбидің дүниеге келуін халқымыздың салт-дәстүрімен байланыстыра отырып, ойын түрінде ұйымдастыру, бала бойына ұлттық сананы қалыптастырады. Сәби дүниеге келді. Жас нәрестенің дүниеге келуі отбасы мүшелеріне үлкен қуаныш әкелетіндігі ойын арқылы көрсетіледі. Сүйінші сұрау балаларға түсіндіріледі.

         Сәбидің шілдеханасы. Жас сәбидің дүниеге келген құрметіне арнап, ойын – сауық ұйымдастыру. Мұнда балалар ән айтып, би билеп өз өнерін көрсетеді.

Сәбиге ат қою. Баланың әжесіне, атасына немересінің атын қойғызады. Балалар қыз балаға қандай ат қоюға болатынын, ер балаға қандай қандай ат қоюға болатынын айту.

Сәбиді бесікке бөлеу. Балаларды бесікпен және оның жабдықтарымен таныстыру. Бесікті аластауды, баланы бөлеуді балаларға көрсете отырып, баланы бесікке бөлеудің пайдасын түсіндіру.

Бесік жырын айту. Бесік жырын айтудың мәнісі түсіндіріледі. Балалар шағын бесік жырларын жаттап, өздері айтады.

Сәбиді қырқынан шығару. Халқымыздың баланы қырқынан шығару салтымен таныстыру.

Тұсау кесу. Балаларды тұсау кесу дәстүрімен де таныстырамыз. Тұсау кесуде «Қаз, қаз, қаз», «Қаз, қаз, балам» жырларын балалар жаттап, бәрі қосылып айтуды үйренеді.

Баланы ашамайға мінгізу (атқа мінгізу). Бұл той жаз айларында болатынын ескере отырып, атқа мінгізу тойының мазмұны көрсетіледі.

2.Тұрмыстық салт-дәстүрлер. Қазақ халқының салт-дәстүрлері халқымыздың тұрмыс тіршілігімен тығыз байланысты  болып келеді. Сол себепті балаларға ата-бабаларымыздың тұрған үйі, киім киісі, өмір сүру ортасымен таныстыруда төмендегі тақырыптар ұсынылды: Киіз үй, оның жабдықтары, ұлттық киім үлгілері, үй жиһаздары, Ұлттық тағамдар (ет, сүт, дән тағамдары), ыдыс аяқ, әшекейлік бұйымдар, төрт түлік.

3.Әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер. Әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлердің бүгінгі таңда маңызы ерекше. Бұл туралы балаларға айнала қоршаған ортамен таныстыруда төмендегі аталған тақырыптар бойынша мағлұматтар беріледі. Ырымдар мен тыйым сөздер, бата тілектер, ұлттық мерекелер, музыкалық аспаптар.

Қазақ халқының ең үлкен салты – амандасу, үлкенді сыйлау, ізеттілік көрсету, қонақ күту дәстүрлері туралы мағлұматтар бере отырып, имандылыққа тәрбиелеу.    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Орыс тілді балабақшасында қазақ тілін оқытып үйретуде, білім беруде қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 124 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2018 1598
    • DOCX 45.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нигметова Айнур Жанайдаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нигметова Айнур Жанайдаровна
    Нигметова Айнур Жанайдаровна
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8971
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 524 человека

Курс повышения квалификации

Развитие креативности у детей дошкольного возраста (на примере использования разнообразных материалов)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 263 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек