Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Орта мерзімді жоспар

Орта мерзімді жоспар

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы В1 есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «» 05. 2015 жыл



Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдараманың жеті модулінің ықпалдастырылуы туралы рефлексивті есеп


Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы жастар.Сондықтан да оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл өзекті мәселені шешудің жолдарын мұғалім көп іздену, өз білім-біліктігін арттыру арқылы шешуіне болады деп ойлаймын. Мен Кембридж бағдарламасының 3-айлық біліктілік арттыру курсына келгенге дейін, сабақ берудегі бағытым басқаша еді, ол кездері оқушыларға жаттанды түрде дәстүрлі, дайын негізделген білімді ғана қолданып жүрген болатынмын. Оқушы тек тындаушы ғана, ал мен түсіндіру мен сөйлеуді негізге алатынмын. 3-айлық біліктілікті арттыру курсына қатысып, менің жас ұрпаққа білім берудегі көзқарасым мүлдем өзгерді. Өйткені, мен дәстүрлі сабақ пен Кембридж бағдарламасының білім берудегі айырмашылығын салыстырдым. Кембридж бағдарламасының басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз ой-пікірін айта білуге, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру. Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор. Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып, өткізген алғашқы сабағымның өзінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, балалар оқу үдерісіне түгелдей қатысты. Оның дәлелі – сабақ барысындағы балалардың жұмысы ғана емес, әрбір шәкірт жүрегінен шыққан шынайы пікірлер. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірім және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынайы қарым-қатынас орын алғандықтан өз сабағымда жоғары нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куәсі бола Бірінші бетпе-бет кезеңін аяқтап, мектептегі практикаға қадам бастым. Мектепте мұғалімдер мен оқушылар мені жылы жүзбен күтіп алды. Мектепке үлкен жоспарларымды амалға асыру үшін көп дайындық көріп, алда өтетін сабақтарымда Бағдарламаның 7 модульдерін пайдалануды алдыма мақсат етіп алдым.Тізбектелген сабақтар топтамасында мен 2 сынып оқушыларымен жұмыс істедім. Алғашқы бастаған сабақтарымда оқушыларға сабақтың қалай өтілетін жолдарын үйреттім, топ ережесін қабылдаттым,ынтымақтастық атмосферасын қалай қалыптастыру керектігіне түсініктеме бердім.Алдыннан сабақтарыма керекті дереккөздерді даярлап қойдым.


Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы В1 есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «» 05. 2015 жыл



Мектепке келгенімде күнтізбелік жоспар бойынша «Бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге» тарауына келген екен. Сол бойынша қысқа және орта мерзімді жоспарымды құрып алдым. Орта мерзімді жоспарыма бағдарламаның 7-модулін кіріктірдім.

1-ші модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде қолдану оң нәтижеге жеткізеді, тигізетін әсері ерекше болады. Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек. Ол үшін мұғалім бойында Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 7-бет) деп аталған қасиеттер міндетті түрде болуы керек. Мен тізбектелген сабақтарымда біріншіден «Топқа бөлу», «ЖИГСО», «Сұрақ-жауап», «Миға шабуыл», «Ой шақыру», «Топтастыру» стратегиялары, «Сурет арқылы бейнелеу», Венн диаграммасы, «Раунд-Робин», «ББҮ кестесі», «Дамыту картасы» әдіс-тәсілдерін қолданып бардым. Бұл жерде «диалог» әдісі арқылы сұрақ-жауап өткізіп, барлық оқушыларға бір-бірден айтқызып шықтым.Өткен сабақты қайталау мақсатында әр топтан оқушыларды тақтаға шығарып, мысалдар келтіретінін айттым.1-топтан Ілияс Айда, 2- топтанАсқар Балауса, деген қыздарым шығып жазды. Келесі тапсырмада «сұрақ-жауап» әдісінен пайдаланып, топтарда отырған оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, басқа топардың идеяларын тыңдады. Тақырыптарға сәйкес сәйкестендіру тесті мен әңгіме кестесін толтыруға тапсырма бердім. Оқушылар жұмыстарын А4 парақтарына жазып, «ЖИГСО» әдісі бойынша басқа топтарға барып талқылады. Бір-бірінің қателіктерін талқылап шықты.Сабақта оқушыларды қызығушылығын арттыру мақсатында сергіту сәттерін ұйымдастырдым. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, барлық оқушылармен шаттық шеңберін құрып, сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Оқушылардың көңіл-күйлерін көтерілгенін, пәнге деген қызығушылығы арта бастағанын бақылап отырдым. Сабақтан алған әсерлерін кері байланыс арқылы стикерлерге жазып қалдырды. Осы стикерлерді оқу арқылы, келесі сабақтарыма жоспар жасадым. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану арқылы оқушылар бір-бірімен топтық, жұптық жұмыс жасауға, көмектесуге, құрметтеуге, тақырыпты топта талқылауға, бір-бірін тыңдауға, еркін сөйлеуге үйренді. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диологтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон(2007) өз еңбектерінде диолог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.




Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы В1 есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «» 05. 2015 жыл



Сабақ барысында диологты оқытуды қолдана отырып, байқағаным. Менің оқушылармен және сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсарды. Диологты оқытуды 1-ші сабағымда «Шоқан мен өнерлі бала Мысық» мәтінінде қолдандым. Оқушылар Шоқан мен досы Мысықтың рольінде болып, диалогты рольдерге бөліп оқыды. Бұл кезде байқағаным оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып дұрыс сөйлеуге дағдылана бастады.Сонымен қоса сабағымда диалог арқылы «сахналық көрініс» құрдық. Бұл жерде, оқушылар басқа қырынан көріне бастады. Әр кейіпкердің бейнесін сомдай отырып, мен Мархабат есімді оқушымның бойында актерлық қабілеттің бар екендігін байқадым.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі арқылы, оқушылардың байланыстыра сөйлеуімен, ойлау дәрежесі өзгерді. Іс-тәжірибеде жаңа әдіс-тәсілдер арқылы топтарға бөлдім, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру кезеңінде Сәттілік, досыма тілек, жылы жүзбен амандас, т.б әдістерді пайдаландым. Іс-тәжірибе барысында бұл модульдің маңызды рөл атқаратындығын білдім.

2-модуль «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім (Нұсқаулық, 49 бет). Мен өзімнің тізбектелген сабақтарымда диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында, Александердің (2001,2008) диалогтік оқытуына сәйкес оқушыларға әр түрлі ойландыратын логикалық сұрақтар, жұмбақтар, ребустар беріп отырдым. Оқушылар сабақтарды үнемі қайталап отыру барысында ойларын жинақтады, берілген сұрақтар арқылы бұрын өткендерін еске түсіріп отырды, алған ақпараттарын жинақтап, толықтыруға әрекет жасады. Әрбір өткен тақырыптарға байланысты постерлерін жасады. Әр топтан бір оқушы жасаған постерлерін қорғады, басқа топтар өз пікірлерін ортаға тастап отырды. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен көру арқылы есте сақтауы, яғни ЖАДЫ-сы қалыптасады. Сабақтарымда Сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану арқылы, оқушылар еркін пікір жүргізіп, ойларын нақты жеткізе алды. Сыни тұрғыдан ойлау тек қана оқушыларға емес, мұғалімдер үшін де тиімді болып табылады.Джон Дюидің «Біз қалай ойлаймыз?»(1910) деген кітабы рефлексивтік ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыра отырып оқытуға ерекше ықпал етті(Нұсқаулық, 49 бет).


Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы В1 есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «» 05. 2015 жыл


Мұғалім оқушыға сыни тұрғыдан ойлауға байланысты тапсырманы берерден бұрын өзіде сыни тұрғыдан ойланады. Ал, сын тұрғысынан ойлауға берілген тапсырмалар оқушының ой-өрісін, тілдік қорын дамытады. Мен оқушыларға сыни сұрақтар беру арқылы оқушыларды ойлануға үйреттім. Егер де дәл қазіргі уақытта Шоқан мен Мысық сендердің орталарыңда болса, қандай болар еді? Өз өнерлерін қалай дамытар еді? сол бойынша маған баяндап беріңдер дедім.

Оқушыларым берілген сұрақтарыма мен ойлағаннан да жақсы жауап беріп жатты.Бірақ, соның ішінде мен арнайы бақылауыма алған оқу үлгерімі төмендеу оқушым Талғат керемет жауап берді, негізі ол оқушы өте ақылды болатын, сыныптастарымен еш сөзге келмейтін.

Оқушының жауабы: Шоқан досына адал, мейрімді жан екенін ұқтым. Өйткені ол досы Мысықты аяп, өзінің киімдерін берді, оның өнеріне қатты қызықты. Сонымен қоса егер де олар қазіргі кезде біздің ортамызда болса мен олармен дос болар едім. «Жігітке жеті өнер де аз» деген емес пе, ендеше Мысықтың өнерін мен де үйренер едім деп жауап берді. Мен бұл оқушым мақалды мысалға келтіре отырып жауап береді деп ойлаған жоқпын. Бұл оқушымның кез-келген жағдаяттан шығып кете алатындығы маған ұнады.

Байқағаным ол өз ойын еркін айтатын болыпты. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету мақсатында Венн диаграмасын қолдана отырып постер дайындаттым.

3-ші модуль «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау – білім сапасының нәтижесі. Мұғалімдер мен оқушылар мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу керек. Осыған байланысты бағдарлама критерийлері бағалау тәсілдерінде қарастырылады. Мен өз тәжірибемде қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрлерін қолдандым. Қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ, бірақ ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Алғашқы сабақтарымдан бастап , оқушыларды бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы арқылы бағалауын ұсындым. Бұл бағалауды қолданғандағы негізгі мақсатым –оқушы өзгені бағалау арқылы, өзіндегі жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін табу. Бұл - оқушылардың алға жылжуындағы басты қадамы. Сабақ барысында оқушыларды мадақтау, мен үшін құнды. Ал оқушылар бір-біріне қолдау көрсету мақсатында шапалақ тәсілін тиімді қолданып отырды. Бұл – оқушыларды ынталандыратын бірден - бір тәсіл.Оқушының жетістігін қолдау, оның өзіне деген сенімділігін арттыру. Кері байланыс жасату – оқушының оқуын жақсарту, өткенді еске түсіру үшін қажет. Сондықтан әр сабағымда өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, нені дамыту қажет екендігін, қандай сұрақтары бар екенін стикерге жазған жауаптарынан білуге тырыстым.


Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы В1 есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «» 05. 2015 жыл


«Бағдаршам», «Күн және бұлттар», «Баспалдақ» кері байланыстары арқылы рефлексия жаздырдым. Осы арқылы олардың не білетіндерін анықтауға, білгісі келген нәрсесін бүгінгі сабақта түсіндіруге, білмейтінін келесі сабақта үйретуге әрекет жасадым. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001). Мен өз сабақтарыма осы модульді кіріктіруден мақсатым, оқушылардың оқудағы қиындықтарын анықтау, қателерін түзетуге үйрету, өзінің білім дәрежесін анықтауға бағыттау.

Сабақтарымда формативті (қалыптастырушы) және суммативті(жиынтық) бағалау түрлерін қолдандым. Әр тапсырманы орындау кезінде, оқушыларды ынталандыру үшін смайликтермен марапаттап отырдым. Әр топтың ішінен бір көшбасшысын өздерінің келісімімен сайлап алдым. Топ көшбасшылары топ мүшелерін алған бағаларын бағалау парағына жазып отырады. Сабақ соңында топтардың жинаған балдарын топбасшылары бағалау шкаласына жазады. Топтық бағалау жүргізгенде, топ көшбасшылары топтың жинаған балдарын бағалау шкаласына жазып, топ мүшелеріне қойған бағаларын хабарлайды, бағаларын талдайды. Оқушылардың жұмыстарын және топ көшбасшысының бағаларын салыстыра отырып, қорытынды бағаларын қоямын. Бастапқы сабақтарымда маған кедергі болған жағдай,оқушылар өзін-өзі бағалауда барлықтары өзіне жоғары баға қойып отырды.

Менің алдағы жоспарым, оқушыларға өзін-өзі бағалауды және жиынтық баға шығаруды үйрету, білім денгейін жоғарылату. Бағалаудың түрлерін сабақтарымда тиімді қолданып бару.

4-ші модуль бойынша « Оқыту мен оқуда ақпаратты – коммуникация технологияларды( АКТ)пайдалану. АКТ- мұғалімнің көмекші құралы. Ол арқылы сабақты жақсы ұйымдастыруға болады. Оқушылар АКТ арқылы ақпарат алуды, бағалауды, сақтауды, қолдануды, ғаламтодан пайдалануды үйренеді.

АКТ-ны қалай қолдану керек: технологиялық білімдер сыныптаАКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Мен үнемі сабақтарымда АКТ-ны қолдануға тырысамын. Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

Теледидар бағдарламалары;

Сандық теледидар; Интернет;

Ұялы телефондар;

Компьютер, ноутбуктар.



Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы В1 есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «» 05. 2015 жыл



Оқушылардан қазіргі заманда қандай жаңа технологиялар шығып жатқанын сұрадым. Олар маған бірме-бір барлығын айтып шықты.Телевизор арқылы жаңалықтар көріп жатқанын, компьютерден ғаламторларға кіріп жаңа ақпараттар алатындығын, ұялы телефондардың түр-түрі шығып жатқаны, ноутбуктар, тағы басқа көптеген жаңалықтарды айтып берді. Мен осы жаңа технологиялардың атаулары арқылы да, оқушыларды топтарға бөліп отырдым.

Сабақтарда АКТ-ны қолданудың нәтижелері: нені білуді және нені есте сақтауды шешеді, оқушыларға ақпаратты бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі, дискке жазу және желіде жариялауға үйретеді.

АКТ оқушыларға ғылыми ұымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.

Мектептегі іс-тәжірібе кезінде 1-ші сабағымда «Шоқан Уалиханов» жайлы фильмнен үзіндіні интербелсенді тақтада көрсету арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырдым. 2-ші сабағымда «Құрманғазы ата» өлеңін түсіндіре отырып , Құрманғазы Сағырбаев өмірі мен шығармалары жайлы слайд көрсетіп, «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін тыңдаттым. Оқушылар бейне материалды көре отырып, есте сақтауы мен көру арқылы визуалды қабылдады. АКТ-ны мен оқушыларда жұмыс жүргізді. Мысалы; сәйкестендіру кестесі, сөзжұмбақ, сұрақ-жауап, ребус шешу, санжұмбақ тапсырмаларын орындады. Сергіту сәттерінде интербелсенді тақтаны қолдандым. Нәтижесінде оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болды, сабаққа қызығушылығы артты.

5-ші модуль. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Бұл модуль бойынша ынталандыратын, күрделі деңгейлік тапсырмалар бердім. Ол үшін дәптермен жүмыс, оқулықпен жұмыс және тақырыпқа байланысты сұрақтар әзірлеп, ол сұрақтың жауабын өзі қорытындылауын айттым. Сол сияқты «топтастыру страгетиясы» , «Миға шабуыл», Ребус, Эссе беріп отырдым. Шығармашылық тапсырмаларда санжұмбақтар,тест сұрақтары, семантикалық карта құрастыру арқылы оқушыларды білімдерін жетілдірдім. Осылайша шығармашылық тапсырмаларды орындау, күрделі есептер шығару арқылы жаңа сабақ бекітілді.Cабақ барысында жеті модуль негізін қамтуға арналған тапсырмаларды кіріктіріп отырдым.Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастады. Дарынды оқушылар топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қасиетімен таныла бастады. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып,қасындағы

серіктеріне бағыт беріп,кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізді. 



Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы В1 есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «» 05. 2015 жыл


Оқушылардың әрқайсысы өзінің ерекше қасиеттері арқылы дараланып отырды. Біреулері ойын ашық  түрде жеткізе алса, басқалары өлең арқылы , суреттеу арқылы білдіріп отырады. Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Дарынды балаларды бейіні мен шығармашылық қабілеттеріне сай зерттеушілік жұмыстарын жүргіздім. Дарынды оқушыларға жеке қосымша күрделі тапсырмалар беру арқылы, ойлау қабілеттерін дамытып отырдым. Дарынды балалардың зерттеу жұмыстарын мектеп ұжымы үнемі қолдап және насихаттап отыруы қажет. Себебі мұндай балалар ерекше қасиетке ие болады. Нәтижесі: Дарынды және талантты балалардың сабаққа деген ынтасы артты, жаңалықтарды үйренді, сабақта белсенді қатысып, басқа оқушыларға көмек көрсетіп, топ ішінде бағыт беріп отырды

Балалар бір пәннен емес бірнеше академиялық пәннен олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін.Мысалы: әртістік, спорттық, музыкалық және басқа да талантымен танылуы мүмкін.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 68-бет) Бірінші сабағымда «Шоқан мен өнерлі бала Мысық»тақырыбы бойынша үйге тапсырма бердім.

1. Мәтінді өз сөзімен баяндау.

2.Ермексаздан төрт түліктің мүсіндерін жасау.

6-ші модуль.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Стандартқа сай бекітілген бағдарламаға сүйене отырып жас ерекшеліктерін ескеру арқылы тапсырмаларды орындатамын.

Әр сабақ бойынша жоспар түзуде, тапсырмалар дайындауда(интернет,баспа беттерді,тағы басқа ақпарат көздерін пайдалануда) оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп отырамын.Бұл модуль осының алдындағы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр.Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»модулі мен өзара байланысты.Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы,әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту Пиаже,Пиагет Выготский Монтесори сияқты теоретиктер оқушыларды өзін қоршаған ортамен әрекеттесу кезінде оқу мен даму жүзеге асады деп көрсетті.

7-ші модуль.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті тү-сінудің нақты тәсілі талап етіледі.( Ноlye, 1974)(Мұғалімге арналған нұсқаулық )

Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы В1 есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «» 05. 2015 жыл



82-бет) Бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау,өзгерту және тәжрибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді.Көшбасшылық бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады . Сондықтан мұғалім көшбасшылығын әр деңгей қырынан қарастыру мақсатында бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген. Осы модульде, әсіресе үш деңгейде, айтылған көшбасшылық тәсілі «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жөніндегі жұмыстар» қағидатына (Кембридж университеті) негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, мұғалімдер бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері туралы ой тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Мұғалім көшбасшы болуға талпынуы керек. Көшбасшылық үнемі ізденіс үстінде болуды талап етеді. Осы модульге сүйене отырып, мен сабақта көшбасшы болдым және сол сыныпта көшбасшыны тапсырма барысында айқындадым. Әрбір сыныпта көшбасшы оқушы болады. Мен практикада жүргенде, сабақтарымда оқушыларды рөлдерге бөліп, көп оқушылардың көшбасшы болуға ұмтылғанын, сабақтарда жақсы қатысқанын көрдім. Көшбасшы оқушылар достарына жәрдем береді, сыныпты басқара алады. Сонымен бірге, ол өзге топ көшбасшыларымен бәсекеге қабілетті. Бәсекеге қабілетті оқушы өзін дамыта алады. Бұл әдіс арқылы оқушының іскерлік қабілеті мен білімін жан-жақты дамытуға болады. Мұғалім-бағыттаушы болса, көшбасшы топтың қозғаушы күші. Көшбасшының барлық пән бойынша білімін жетілдіру үшін, пән мұғалімдері арасында тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатылуы қажет.

Сабақтарда жіберілген кемшіліктер:

Адам кемшіліксіз болмайды. Менің де сабақтарымда кемшіліктерім болды. Оқушыларды топқа болуде уақыт көбірек кетіп қалды, сондықтан уақыттан

тиімді пайдалана алмадым. Жоспарланған тапсырмаларды орындатуға уақыт жетпей қалды. Сабақта көбірек дарынды оқушылар қатысып отырды. Жоспарлаған көп тапсырмаларды орындата алмадым.Топқа бөлінген кезде көбіне жақсы оқитындар төменгі деңгейдегі оқушыны өз тобына қосқылары келмеді. Бағалауда көп оқушылар өзіне жоғары бағаны қойды.

Шығу жолдары: Осы кемшіліктерді жақсарту үшін келесі сабақтарымда белсенділігі төмен оқушыларымды сабаққа тарту үшін, жеке тапсырмалар дайындап келемін. Оқушыларға өздерін еркін ұстауын ескертемін. Тапсырмаларды деңгейіне қарай түзіп келемін. Топтың ішінде бір-біріне орындаған тапсырмаларына қарап бағалатамын.

Нәтижелерім:

Менің бірінші бастаған сабағым оқушыларға қызық көрінді. Оқушылар айтқан тапсырмаларымның барлығын жақсы көңіл-күймен орындады.

Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы Мұғалім портфолиосы В1 есеп

20 топ 3 деңгей

Шымкент қаласы «» 05. 2015 жыл


Сабаққа барлық оқушылар белсенді қатысты. Шаттық шеңберін құрған кезде мүлдем сөйлемейтін оқушым Нұрхат пен Талғат басқа оқушыларға барлық жақсы тілектерін айтып шықты.Сабағымда оқушылар бірлесіп топ ережесін қабылдады. Сергіту сәтінде оқушылар өздеріні еркін сезінгенін көрдім. Бағалау кезінде Бағдаршамның үш түрлі түсінен пайдаланған едім, көп оқушыларым жасыл түсті таңдап алды. Осыған қарап, оқушыларымның жаман баға алғысы келмейтінін сезіндім. Сабақтар оқушыларға қатты ұнағанын, соңында стикерлерге жазылған әсерлерінен байқадым. Мені ең қуантқан жағдай, сабаққа мүлде қатыспайтын, сөйлемейтін оқушым Нұрхат пен Талғат топ ішінде өз пікірін айта білді. Бұл менің бірінші жетістігім деп білдім. Екінші жетістігім, топтағы оқушылардың барлығы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда бір-біріне құрмет көрсете білді. Оқушылар қызығушылықпен постер жасады. Сергіту сәті оқушыларға жақсы әсерін тигізді.Сабақ барысында топпен жұмыс жақсы меңгерілді.

Жалпы қорытынды:

Өтілген тақырыптар бойынша толық түсінік қалыптастыра алдым Оқушылар еркін пікір жүргізе алды. Сабақтарымда оқушылар аз болсада еркін әрекет жасап, ойларын жеткізе алды. Берілген есептерді шығарып, топпен біргелікте тексеріп отырды. Оқушылар берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып жауап берді. Оқушылар өз бетінше өткен сабақтарға тиісті есептерді шешуді үйренді. Сыныптағы бағалау Александер (2011) айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерінжүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 52-бет.) Мен өз сабағымда формативтік бағалауды оқыту үшін бағалау ретінде қолданудың өте маңызды екендігіне көз жеткіздім. Мен өз сабақтарымда Кембридж бағдарламасының 7 модульдерін қолдану арқылы

оқушылардың қызығушылығын ояту үшін, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды, дарынды және талантты балаларды салыстыруды, бағалаудың түрлерін үйрендім.

3 айлық курсқа оқуға түскеніме өте қуаныштымын. Осы оқу арқылы өзімді жаңа бағыттарға өзгергенімді сезіндім. Келешекте өз сабақтарымда осы 7 модульдерді тиімді қолданамын деген үміттемін.

Менің алдағы жоспарым:

Мұғалімдік шеберлігімді одан әрі шыңдау.

Жеке тұлғаны қалыптастыру.

Әріптестеріммен және ата-аналармен ынтымақтаса отырып,жұмыс жүргізу.

Бағдарламадан алған білімдерімді алдағы уақытта дамытып отыру.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.

2.Мектеп журналы №1,2-2015 ж 3. Интернет веб-сайттары




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

ОҚО, Созақ ауданы,

С. Қожанов атындағы жалпы орта мектеп Бекітемін:

Бастауыш сынып мұғалімі: Мектеп директоры: М. Алмаханов

Бөрқұлақова Ботакөздің

2 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспары

Сабақтың тақырыбы

Оқып үйренудің негізгі мақсаты

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Модульдердің кіріктірілуі

Оқып үйренудің нәтижесі

Үйрету мақсатында бағаны қоса бағалау

Барлығын қосқанда

Негізгі дерек көздер

Мерзімі

Шоқан мен өнерлі бала Мысық

Шоқанның өмірі, шығармашылығы, балалық шағы мен досы Мысық жайлы түсінік беру

Әңгіме кестесі, Ассосация әдісі, ЖИГСО әдісі

СТО, АКТ, Оқытуды басқару мен көшбасшылық, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Шоқанның өмірі, шығармашылығы, балалық шағы мен досы Мысық жайлы оқып үйренеді.

Өзара бағалау, кері байланыс, жұлдызша арқылы бағалау

Балалар кестемен жұмыс жасайды, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығы артады.

Әдебиеттік оқу,Шоқан өмірі жайлы слайд, интернет, постер, маркер

09.04.2015

Құрманғазы ата

Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру арқылы атадан қалған күй өнерін насихаттау

Раунд-Робинн әдісі, Ыстық орындық,

ББҮ кестесі,ЖИГСО әдісі

СТО, АКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқу үшін бағалаужәне оқуды бағалау

Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы жайлы біледі. күй өнері арқылы тарихын, ғұрпын құрметтеуге үйренеді.

Формативті бағалау, кері байланыс, жұлдызша арқылы бағалау

Балалардың сұрақ-жауап, сөйлем құрау арқылы тіл байлығы, ой өрісі дамиды

Әдебиеттік оқу,Құрманғазы өмірімен шығармалары жайлы слайд, интернет, кеспе қағаздар

10.04.2015

Ыбырай ата

Ы. Алтынсариннің еңбек жолымен таныстыру

Веен диаграммасы,дамыту картасы әдісі, Ротация әдісі

СТО, АКТ, Оқытуды басқару мен көшбасшылық, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Ы. Алтынсариннің еңбек жолымен танысады.

Өзара бағалау, кері байланыс, бағдаршам арқылы бағалау

Санжұмбақ шешу, салыстыру, әңгімелеу арқылы жедел ойлау қабілеттері артады.

Ы. Алтынсарин жайлы слайд Әдебиеттік оқу, интернет, кеспе қағаздар,постер, маркер

11.04.2015

Ақбоз ат мінген қолбасшы

Б. Момышұлының азаматтық бейнесі жайлы айту, Ұлы Отан соғысы жайлы түсінік беру

ЖИГСО әдісі,болжау әдісі, үш қадамнан тұратын сұхбат әдісі

СТО, АКТ, Оқытуды басқару мен көшбасшылық, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Б. Момышұлының азаматтық бейнесі арқылы үлгі-өнеге алуды үйренеді.


Екі жұлдыз, бір тілек , кері байланыс, жұлдызша арқылы бағалау

Балалар әңгімелеу, сұрақ-жауап арқылы жүйелі сөйлеуге қалыптасады

Әдебиеттік оқу,слайд, интернет, кеспе қағаздар, постер, маркер

15.04.2015

ОҚО, Созақ ауданы,

С. Қожанов атындағы жалпы орта мектеп Бекітемін:

Бастауыш сынып мұғалімі: Мектеп директоры: М. Алмаханов

Бөрқұлақова Ботакөздің

2 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспары

Орта мeрзімді жоспарлау бойынша рeфлeксивті eсeп.

Жоспар – мұғалім іс-әрeкeтінің нақтылығын, құндылықтарын, жүйeлілігін, мақсатқа сай шeшімін, ұстанымы мeн тұжырымын айқындаушы құжат. Жоспар мұғалім іс-әрeкeтінeн тыс болмауы кeрeк. Жоспар өз оқушыларымыздың артықшылықтары мeн кeмшіліктeрінe қарай бeйімдeліп түзeтугe, өз кәсіби кeмшіліктeрімді жоюға жәнe сабақта көздeгeн мақсатыма жeтугe, күтілeтін нәтижeнің анық жәнe оқушыға бағытталған болуына тікeлeй әсeр eтeді. Ондағы көрсeтілгeн дәйeктeр мeн рeсурстардың нақты әрі әрeкeткe сай болуы сабақтардың сапасын арттырады, рeфлeксия үдeрісі кeзіндe кeмшіліктeрді көрe білугe жәнe жоюға мүмкіндік бeрeді.

Әр мұғалім сабағын бастамас бұрын жоспар құрып алады. Мeктeптe қызмeт eтeтін әр мұғалімнің өзіндe тақырып бойынша жоспары болмаса, дeмeк ол мұғалім сол күнгі сабағына дайын eмeстігін өзі дәлeлдeйді. Жоспар құру оқушыларға бeлгілі бір тақырыпты оқуға, білімдeрі мeн сeнімдeрі туралы ойланып сұрақ қоюға, білімін толықтыруға мүмкіндік бeрeді. Сындарлы оқыту тeориясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйіндe бeрілмeуі.

Бағдарламаның жeті модулін бірінші бeтпe-бeттe тeрeң үйрeніп, тәжірибe уақытысында олардан тиімді пайдалану мақсатында бeрілгeн тапсырмаларды уақытында орындауды өзіме мақсат етіп қойдым. Орта мeрзімді жоспар құру мақсатым-осы үйрeнгeн Кeмбридж тәсілдeрін сабақта тиімді пайдаланып, оларды орынды қолданып, сабақ кeзeңдeрін рeт-рeтімeн жоспарлау жәнe оқушылардың алған білімдeрін қадағалап, одан әрі дамыту. Оның нәтижeсіндe оқушылармен Кeмбридж әдіс-тәсілдeрін сабақта тиімді пайдаланамын,сабақ кезеңдерін рет-ретімен жоспарлаймын,оқушылардың алған білімдерін қадағалап, одан әрі дамытамын.Орта мeрзімді жоспарлауда жeті модуль идeяларын жүзeгe асыруды тақырыбыма сай , сабақта түрлі әдіс-тәсілдeрді түрлeндіріп пайдалануды жоспарлаймын. Онда оқушыларға білімді дайын күйіндe бeрмeй, дұрыс бағыт-бағдар бeрe отырып, оларды өздігінeн іздeнугe, мақсатына жeту жолдарын сыни тұрғыдан ойланып табуға мүмкіндік беруді көздедім. Жаңа әдіс-тәсілдeрді сабақтың тақырыбына сай біріктіремін. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы 4 сабақтарымда АКТ-ны сурeттeр бeйнeлeудe, интeрнeттeн жаңа сөздeрдің мағыналарын табуда, ал диалогтік оқытуды көріністeр қою арқылы әңгімeлeсудe, миға шабуыл, ЖИГСО әдістeрін СТО- да, дeңгeйлік тапсырмаларды орындағанда жас eрeкшeліктeрінe сай оқытуды, топтық жұмыс барысында көшбасшылардың іс-әрeкeттeріндe, сабақ барысында талантты жәнe дарынды балалардың айқындалуы, жәнe бағалаудың түрлі түрлeрінeн пайдалануды жоспарыма кіріктіремін.

Бұл бағдарлама аясында мeн сабақ жоспарлауда әр тақырыпты оқушылардың қызығушылығын ояту үшін әдіс-тәсілдeрді түрлeндіріп жоспарлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған НҰСҚАУЛЫҚ Үшінші (негізгі ) деңгей Үшінші басылым

2. Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды қолдану ерекшеліктері Шымкент-2014ж

Асқарова А.Т,Райымқұлова Ж.Ә, Панова А.Н, Орынбасар Д,Ш





Автор
Дата добавления 03.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров3909
Номер материала 262130
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх