Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Разработка на тему "Ақындардың атасы алып Кенен, Сен жасайсың мәңгілік халықпенен"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Разработка на тему "Ақындардың атасы алып Кенен, Сен жасайсың мәңгілік халықпенен"

библиотека
материалов

Құрметті әріптестер, К.Әзірбаев жайлы мәліметтер мектеп оқулығында мүлде аз, енгізілмеген десек те болады. Ал дүлдүл Жамбылдың шәкірті бұлбұл Кенен жайлы әрбір қазақ білуі тиіс деп ойлаймын. Сондықтан мен Кененнің мерейтойына арналған сыныптан тыс жұмысымды назарларыңызға ұсынбақпын.Кененнің атын мәңгілік ету, қайта жаңғырту - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал оған жол салу - ұстаздардың қолында.



Ақындардың атасы алып Кенен, Сен жасайсың мәңгілік халықпенен

(сыныптан тыс жұмыс)

Кештің мақсаты:

Дүлдүл ақын К.Әзірбаевтың өмірі, шығармаларымен танысып, үлгі-өнеге алу,ақын жолын жалғастыру.

Көрнекілігі: слайд-альбом,бүктемелер, «Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де» қабырға газеті, портрет, ақын кітаптарына арналған шағын көрме, т.б.


«Кенен Әзірбаев - өмірде де, өнерде де қайталана бермейтін ерекше құбылыс»

Д.Қонаев


«Халық өмірінде Кенен Әзірбаев үн қоспаған, өзінің жарқын талантымен шуағын төкпеген бірде-бір айтулы оқиға болған жоқ.... Оның тамаша өшпес туындылары бүгін де осы жауапты, құрметті істе сапта тұр.»

Н.Назарбаев

Мұғалім сөзі:

Құрметті ұстаздар,қадірменді қонақтар,оқушылар!


Биылғы жылы дүлдүл ақын, әнші, сазгер, күйші Кенен Әзірбаевтың туғанына 132 жыл толып отыр. Жыл бойы Әзірбаев тойы республикамыздың түкпір-түкпірінде аталып келеді.. Кенен тойы өзінің туған ауылында 70, 80, 90, 100, 110,120, 125 жылдық мерейтойлары кең ауқымда үзіліссіз аталып келе жатыр.

Ақын мерейтойына орай Тараз қаласында республикалық ақындар айтысы, «Шырқа,даусым!» атты дәстүрлі республикалық байқау өтіп тұрады.

Қазақтың қара домбырасын қолына ұстаған Кенекең саналы ғұмырын сөз маржанын теруге,әуезді ән мен жыр шығаруға арнаған жан. Қазақ әндерінің алтын қорына енген Кенекеңнің 150-ден астам әндері,17 дастаны, бірнеше күйлері,мыңға тарта өлеңдері, бүгінде ұлт мақтанышы,халық қазынасы.


Олай болса,бүгінгі арқалы ақынға арналған кешіміз

«Ақындардың атасы алып Кенен,

Сен жасайсың мәңгілік халықпенен» деп аталады.


  1. Алатау, туған жерім - Мәтібұлақ


Аида:

К.Әзірбаев 1884 жылы қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылында дүниеге келген. Анасы Ұлдардан 7 жасында айрылып, қарт Әзірбай кішкентай Кененін құшақтап қала берді. Әкесі Құлшабай Әймен деген бай ағайындарының қойын, баласы қозысын жайып күндерін көреді. Осы жылдардан бастап Кененнің ақындық өнерге ынтасы ауады.Қамыстан сырнай, ағаштан домбыра жасап өлең айтып жүреді.


2.Биікке беталыс

Ақбота:

Әзірбай ақын туысы Сарбастан Кененді ақындыққа баулуды өтінген. Мұның үстіне Кененді көп тәрбиелеген осы елдегі орысша оқыған Еркебай болған. Ол өзі домбырашы, ат үстінде түрлі өнер көрсететін еті тірі жігіт еді. Еркебай той-жиынға Кененді ертіп барады.Бір күні Еркебай: - «Домбыраға тиыштық бермедің ғой, мә, мынаны тартып жүр» деп қолдан шапқан кішкене ақ домбыраны Кененге ұстатады. Қойшы бала домбыралы болып үйіне қуанып қайтады. Содан былай қарай Кененнің қолынан домбыра түспейді. Кішкентай ғана ақ домбыра бүгінде Кененнің музей-үйінде тұр.

Камиль: К.Әзірбаев «Менің ұстаздарым» Айбол: Бала Кененнің жас жүрегін жарып шыққан тұңғыш әні «Бозторғай» ең әуелі қойшыларға тараған,бұл ән қойшы-қолаңдардың мұңы еді. Кенен 16-ға толғанда Бибол байдың тойына барып, Шәлипа деген қызбен айтысып,сықаққа толы «Көкшолақ» әнін дүниеге әкеледі.

Рахат: -Әнші бала атанған Кененді Еркебай қырғыздың манабы Шабданның асына ертіп барады. Осы аста Жамбылмен танысып, екеуі дос болады.Бұл 1902жыл еді. Жамбыл Кененді өте жақсы көрген.


Кенен,Кенен деп жүр ғой елдің бәрі, Жақсы көріп кетіпті жас пен кәрі. Төрт аяғы тең жорға өлеңінің, Құлағымнан кетпейді салған әні. Жамбыл


Темірлан: - Сонымен бірге Кенен атақты Балуан Шолақпен дос болған.Екеуінің достығын Сәбит Мұқанов өзінің «Балуан Шолақ» повесінде жақсы суреттеген.

Арман: - Ел жайлаудан ойға түсіп, егістерін жиын-терін қылып жатқанда, Жетісу өңіріне патша жарлығы дүңк ете қалады. 19 бен 31 жастың арасындағыларды хаттап, болыстар діңкілдей бастайды. Қара жұмысқа жігіт бермеймін деп халық көтеріледі. Бұл ұлт-азаттық қозғалысты Б.Әшекеев пен Әли Нұрғожаев басқарғаны тарихтан мәлім. Сол жасаққа үгітші ақын болып Қордайдан К.Әзірбаев қосылады. Ол Әли бастаған қолдың сарбазы бола жүріп «Аттан!» , «Қайран елім қайда?» деген әндер шығарып,жігіттерді жігерлі күреске шақырады. Содан бері «Әли батыр»дастанын жырлай жүреді.

Гүлім: ----1921жылы К.Әзірбаев Қордай революциялық комитетінің председателі болып тағайындалады. Көзі тірісінде ақынның шығармашылық еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланды. К.Әзірбаев 7 дүркін Қазақ КСР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, 1967 жылы «Еңбек Қызыл Ту» ордені, 1974 жылы 90 жасқа толуына байланысты Кененге «Ленин» ордені табыс етілді. К.Әзірбаев-Қазақ КСРінің Халық ақыны, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағының, КСРО Композиторлар одағының мүшесі. Өнер адамдары ішінде екі бірдей одаққа мүше болған ақын тек Кенен ғана.

Исламбек: - Сыр бойынан Нартаймен дос болған. Екеуі Жамбылдың егіз ұлындай, домбырамен Кенен шырқаса, гармонмен Нартай қосылып Жамбылды қуантып тастайтын, сонда Жамбыл:

-Мінекей, шаңтимесім мен күншалмасым қосылды да жосылды. Бұдан былай осы өлеңнің аузын жаптырмаңдар,-дейтін. Нұржан: - Сонымен бірге К.Әзірбаевтың өнердегі достары өте көп болған. Асқан өнерпаз ақын Шашубай Қошқарбаевпен және қырғыз елінің атақты ақындары Тоқтағұл, Тоғалақ,Әлімқұл, Қалмырза, Халық, Оспанқұлмен домбыра алысып,дос болған.

3.Ғасыр және Ақын

Дәулет: - С.Мұқанов, М.Әуезовпен жақсы араласқан. М.Жолдасбеков ақынның жанында 10 жылдай бірге болған.

Айбол: К.Әзірбаев шығармаларының тақырыбы өте кең.Туған жерге, сұлу табиғатқа, өз отбасына, өз отбасы мүшелеріне, достарына, ұстаздарына, еңбек, Түрксіб темір жолына, бейбітшілік, соғыс, адамның жақсы-жаман қасиеттеріне, т.б.көптеген тақырыптарға өлеңдер жазды.

Дәулет: - «Кенен-ән мен жырдың генералы» Б.Момышұлы

Диас: К.Әзірбаев «Көктерек ауданында»

Нарқыз: - Шәкірттеріне келер болсақ,ең алдымен көп кіші ауылдас інісі Шолпанқұл Сейітов.Оның Кененнің өлең,термелерін өте тез жаттап алатын қасиеті бар еді. Кененнің туысы болған Шолпанқұл майданда мерт болады. Сол өңірде Кенен жолын қуғандар Асылқұл, Несіпбай, Жақсылық, Алтынбек, Аяз және т.б. ақын, әншілер бар.

Томирис: А.Қоразбаев «Сағындым Кенен атамды» әні

4. Мен - қарт емен тереңге тамыр жайған

Айдын: -К.Әзірбаевтың жеке өміріне,бүгінгі ұрпақтарына тоқтала кетейік. Кенен 2 әйел алған. 1-әйелі Үлпілдектен: Талжібек,Зулхия,Ұлтай тарайды. 2-әйелі Насихадан: 1.Төрткен - Баян, Роза, Болат, Алмас. 2.Көркемжан - Әйгерім, Қуаныш, Қуат, Мұрат, Айжан. 3.Бақытжан - Жазира, Мұхит, Салтанат, Мұхтар. 4.Ақбілек - Әкімжан, Айнур.

Байдәулет: К.Әзірбаев «Насиха» өлеңі.

Жеңіс: К.Әзірбаев «Балаларым-балдырғаным ».

Дильназ: К.Әзірбаев «Балалар» өлеңі.

Жеңіс: -1928жылы ақынның екі ұлы Базар,Назар шешектен қайтыс болады.Қабырғасы қайысқан ақын «Базар-Назар» деген өлең шығарады.Бір күндері қайғырып жүргенде Кенен ұлды болады.Оның атан Көркемжан қояды.Сол Көркемжаны үйленгенде ақын беташар айтады.Ол «Келінжан» әні еді.Өлеңдегі Дина-келінінің аты.

Ақботаның орындауында «Келінжан» әні орындалады. Дәулет: - Кенен 1946 жылы Кавказдан жер аударылып келген Хамсият деген қызды асырап алады. Хамсиятқа Айша деп ат қояды. Кейін Айша қазақ жігіті Неметке тұрмысқа шығып, 5 ұл,1 қыз сүйеді, қазір Қордай ауданында тұрады. Кенен Айша қызы жайлы «Айшам бір төбе, қалған ұл-қызым-бір төбе»деген екен.

Мұғалім сөзі:

Кенен-ақын

Кенен-әнші

Кенен-музыкант

Кенен-композитор

Академик М.Қаратаев сөзімен айтқанда: «Кенен-ән шығарып,сөзін жасайды (мұнда ол-ақын шайыр) сөзге шақтап әннің мелодиясын жасайды (мұнда ол-композитор), музыкалық аспапта(домбырада) өзі орындайды(мұнда-музыкант), ақырында өзі шығарған әнді өзі орындайды (мұнда ол-әнші)».

Жамбыл-шаң ілестірмейтін дүлдүл, Кенен-әсем әуезді бұлбұл.

М.Қаратаев

Қордай ауданындағы Кенен ауылында өткен К.Әзірбаевтың 125 жылдық мерейтойына мойынқұмдықтар да өз үлестерін қосты .Осы тойға қатысып, той куәгері болған, ат салысып,ақ дастархан жайып, ақ шаңқан киіз үй тігіп облыс көлеміне танымал ардагерлерге өз дәмдерін ұсынды. Қонақтарға қылышбайлық ақын Әділ Мұртазаев бірнеше ән орындап берсе, бірліктік Қалибек Шайжан «Әнші баба» өлеңін оқыды. Бүгінгі кешке арнайы шақырылған той куәгері әнші, жыршы-термеші, арқалы ақын, ауданымыздың мәдениет саласына еңбегі сіңген, жастарды өнерге баулуда көп үлес қосқан,суырып салма ақын, Кененнің жолын жалғастырушы Әділ Мұртазаев ағамыз балаларға тойдан алған әсерлерін айтып, Кенен Әзірбаевтың бірнеше әндерін домбырамен шырқап, жүрек жарды ақ тілегін өлең жолдарымен арнады.


Мұғалім сөзі: - Балалар, сендер, кешегі абыз Кененнің бүгінгі ұландарына, ертеңгі ұрпақтарына, мәңгі жасайтын қазақ халқына қандай тілек тілер едіңдер?

(оқушылар дөңгелене тұрып тілектерін айтады).

Мұғалім сөзі: -Кенен ақын 1976 жылы 12 сәуірде 92 жасында дүниеден өтті. Сонда «Жұлдыз» журналы «Халқынан ұзақ алған рахметті, Дүниеден Кенен деген ақын өтті» деп бүкіл қазаққа күңіреніп, жоқтау айтты.Соны айта келіп аяқ жағында бүгінгі кешімізге тақырып етіп алып отырған өлең жолдарын айтқан екен. «Ақынның аты,ғалымның хаты өлмейді» дегендей немесе Абай атамызша айтсақ «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп, біз де ақын Кенен атамызға «Ақындардың атасы алып Кенен, Сен жасайсың мәңгілік халықпенен» деп, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Халық перзенті» сериясымен жарыққа шыққан «К.Әзірбаев» фотоальбом;

2. К.Әзірбаев «Таңдамалы» өлеңдер жинағы;

3. Бірнеше газет-журнал мақалалары пайдаланылды.







Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров199
Номер материала ДВ-426526
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх