Сабақтың тақырыбы: Өзен.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңді түсініп оқуын
ұйымдастыру, өзен туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Ой - өрісін, тілін дамыта
отырып, өзін ортада еркін ұстап, ойын ашық айтып, жолдастарының ойын таңдай
білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа үйрету,
шығармашылық қабілетін, танымдық ой -өрісін арттыра отырып, экологиялық тәрбие
беру.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап,
түсіндірме, көрнекілік, ребус шешу, топтық жұмыс, СТО технологиясы.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин
суреті, суретті плакат, интерактивті тақта, слайд, Қазақстанның физикалық
картасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұ йымдастыру.
Мейірімді жүрекпен
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Тарауға кіріспе.
1 - топ― Табиғатқа не жатады?
2 - топ ― —«Табиғат және адам» деген
тақырыпқа әңгіме жазу
3 - топ ―Таза ауа, мөлдір судың қандай
пайдасы бар?
Ребус шешу. (шешуі: өзен)
ІІІ. Мағынаны тану.
а) - Өзен дегеніміз не? (Дүниетану пәнінен
алған білімдерін еске түсіру)
- Өзеннің сағасы, саласы, арнасы туралы не
білеміз?
- Бүгін Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен
танысамыз?
ә) Ыбырай Алтынсарин
туралы
не білеміз?
б) Өлеңді мәнерлеп оқу. ( Слайдпен
көрсету)
в) Қазақстанның физикалық картасымен
жұмыс: картадан көрсете отырып, ірі өзендер туралы түсінік беру.
Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі
Қазақстандағы ірі 7 өзен.Жайық Каспий
теңізіне құяды.Мағлұмат беру
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
а) оқушылардың оқуы.
ә) сөздік жұмысы
Ү. Ой толғау.
1 - топ Өзеннің қандай пайдасы бар?
2 - топ Қазақстанда қандай өзендер бар? Ата.
3 - топ 3 - сыныпта Ы. Алтынсариннің
қандай шығармаларын оқыдыңдар? Бұтақтарға жаз.
ҮІ. Сергіту сәті.
Қызықты мәлімет
Әлемдегі ең ұзын өзен – Мысырдағы Ніл өзен.
Оның ұзындығы 6670 км. Ең қысқа АҚШ - тағы Ди өзені. Оның ұзындығы 37 м.
Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.
ҮІІ.Шығармашылық жұмыс.
Жер бетінің 3/4 бөлігін су алып жатыр.
Бірақ су тапшы. Неліктен? Судың ластануына не себеп? Суды қорғау үшін не істеу
керек?
ҮІІІ. Сабақты қорыту.
Үйге тапсырма
Бес жол өлең.
Өзен.жаттау.
ІХ. Бағалау.
№1 Т. Әлиев атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Айсулу
Утегеновна
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.