Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСценарий "Әліппемен қоштасу" 1-сынып

Сценарий "Әліппемен қоштасу" 1-сынып

Скачать материал

Әліппеге мың алғыс.

 

Музыка ойнап тұрады.

Шал мен немересі кіреді.

Автор: Жеті жасар баласын

            Жетпісте шал жетектеп,

            Келе жатыр көшеде

            Қайда әлгі мектеп деп,

            Жетпіс келед сүрініп,

            Жеті келед жүгіріп.

  Атасының сөзі:  Балам,балам жақсы бол

                                Міне, сенің мектебің

                                Сабағыңа зейін сал

                                Ақылды бол тентегім 

Немере:   Қыркүйекте келдім де 

                  Сыныпқа кірдім қуанып

                  Қарсы алды ұстаз мейірмен,

                  Қадамымды құп алып.

Олар шығып кетеді, осы кезде қоңырау соғылып, мұғалім бастаған оқушылар саппен ортаға шығады.                 Әнұран орындалады.

Мұғалім:  -Құрметті ата-аналар,аяулы ұстаздар, қонақтар, сүйікті шәкірттер! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болып, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, Тәуелсіздігіміздің 24 жылдық тойына, кеше ғана есігін айқара ашқан зәулім, жаңа мектебіміздің тұсау кесер тойына тағы бір той қосылмақ. Бұл той да балаларымыздың тұсау кесер тойы іспеттес. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндер, бүгін де бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық  алғашқы борыштарының асуын аман-есен өтіп, бір қадам алға басып тұр. Балаларымыз 4ай ішінде меңгерген, сіңірген білімдерін ортаға салып, Әліппемен қоштаспақшы. Ендеше Әліппе бітіру тойымыз құтты болсын! Барлықтарыңыз қош келіпсіздер!

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі оқып, жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың.

Ата-ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты?

Барлық маман мектептен аттанады.

 

Құттықтау сөз: Мектеп директорына беріледі.

 

 

 

 

1-оқушы:  Ернұр

                   Өтті оқу сан сабақ

                    Бүгін үлкен салтанат,

                    Оқулықпен достаспақ

                    Әліппемен қоштаспақ

                    Өсті-білім ойымыз

                    Құтты болсын тойымыз!

2-оқушы:  Ажар

                   Көп күткен күз келді

                   Күн келді ең тәуір

                   Қуантты біздерді

                   Бірінші қыркүйек.

3-оқушы:  Жансая

                    Партаға тұңғыш отырдым

                    Қалам алдым қолыма,

                    Сызықтарды толтырдым

                    Қалдырмай дәптер жолында.

4-оқушы:   Сұлтан

                    Ойыншық қалды жайына,

                    Әріп бөлді көңілді,

                    Уақытым жоқ ойынға

                     Сезінем үлкен өзімді.

 5- оқушы:  Томирис

                     Қуыршақты тастадым

                     Уақытым жоқ ойнауға

                     Әріптерді құрай бастадым

                     Сөздерді тізіп қоюға.

6-оқушы:   Әділ

                     Осылай алға аттадым

                     Әр әріпті жаттадым,

                     Жаттаған сайын әріпті

                     Сөз құрап жаза бастадым.

7-оқушы:    Алмаз  

                      Оқуды көп ойладық

                      Қызығына тоймадық,

                      Әріптерді үйреніп,

                      Сауат аштық тоймадық.

8-оқушы:     Малика

                     Әліппе білім анасы

                     Әліппе кітап данасы

                     Әліппе бетін ашпаған

                     Адамның бар ма баласы. 

  

(Осы кезде қатты дауыс шығады).

Ертегіге қатысатын балалар киінуге кетеді.

Жалқаубек:  - Әрине,  бар. Мен ашпаймын.   

Мұғалім: -  Ой, бұл кім өзі? Кім сөйлеп жатқан?

Ж-бек:   - Бұл, мен, Жалқаубекпін.

Мұғалім: - Жалқаубек? Біздің сыныпта ондай оқушы жоқ. Шықшы, бері. Сені көрейік! (Жалқаубек шығады). Сен қай сыныпта оқисың, балам?

Жалқаубек: - Қай сыныпта? Сіз не айтып тұрсыз? Мен мүлде оқымаймын, оқыған жоқпын, оқымаймын да. Басымды көрінген нәрсемен қатырып қайтейін.

Мұғалім:- Көрінген нәрсе несі? Сен мына балалардан сұрашы, төрт айда олар көп нәрсе үйреніп-білді. Оқи алады, жаза алады.

Жалқаубек:- Е,е,е ....Жазу?! Сол да жұмыс па? Былай-былай иректей салу керек, бітті жұмыс.Кітап оқу неменеге керек?! Менің әжем маған қандай ертегілер айтатынын білесіңдер ме? Ондай ертегілер бірде бір кітапта жоқ!

Мұғалім:- Ертегі -деген жақсы. Бірақ сенің әжең барлық ертегілерді білмейді  деп ойлаймын.

Жалқаубек: - Өтірік. Әжем дүниедегі барлық ертегіні біледі, мен де білемін. Қане нанбасаңдар , көрейік.

 Мұғалім:- Көрсек, көрейік.  Балалармен жарысып көрші. Мен ертегінің үзіндісін оқимын немесе бір кейіпкерді көрсетемін. Ал сен оны тауып бер.  

 

(Ертегілерден үзінділер оқылады. Суреттері көрсетіледі. Сахналау болады.Жалқаубек жеңіліп қалады).      

1.     «Мақта қыз бен мысық»  ертегісінен үзінді:

            -Қыздар, қыздар маған су беріңдерші!

2.     «Бауырсақ»  ертегісінен оқушылар қойылым  үзіндісін көрсетеді.

3.     «Шалқан»  ертегісінен қойылым  үзіндісін көрсету.

4.     «Жеті лақ» ертегісінен оқушылар интерактивті тақтадан көрсетеді.

 

Жалқаубек:- Жарайды. Сендер-ақ жеңдіңдер. Мені ренжіткендерің үшін, әжеме айтып қоямын. Ол сендерге көрсетеді. (Жылап кетіп қалады).

  Мұғалім:-  Ой, ақымақ!   Ренжігенше кітап оқу керек емес пе, иә балалар?! 

Ал, біз сендермен Әліппе тойымызды ары қарай жалғастырайық.. ...

 (Тарсыл-тұрсыл және жылаған баланың дауысы естіледі. Жалмауыз кемпір немересімен келеді ).

Ж.кемпір: - Менің немеремді ренжіткен қайсысың, ә....Қане , айтыңдар!            

Мұғалім: - Ең біріншіден Сәлеметсізбе! Екіншіден сіздер біздің тойымызды өткізуге кедергі жасап тұрсыздар. Үшіншіден сіздің балаңызды ешкім ренжіткен жоқ.

Ж.кемпір: - Қалай, ренжіткен жоқсыңдар?!Бір топ бала мені ақымақ қылды деп жылап келді.

Мұғалім: - Бір топ бала дегеніңіз не? Бұлар, оқушылар. Біз оны қатты сөздер айтып ренжіткен жоқпыз.Ол ойыннан жеңіліп қалды. Оның әжесі дүниедегі барлық ертегіні білмейтін болып шықты.

Ж.кемпір: - Әрине,бәрін білмеймін. Білемін деп айтан да жоқпын.Бірақ , балалар үлкендер бәрін біледі деп ойлайды ғой.

Мұғалім: - Иә, көп нәрсе біледі. Өйткені үлкендер мектепке барған, кітап оқиды. Ал, сіздің Жалқаубегіңіз сабақ оқығысы келмейді.

Ж.кемпір: - Иә, білемін! Қанша рет оқытқым келді, бірақ біресе ішім ауырып тұр, біресе басым ауырды деп, ұйқым келіп тұр деп оқымайды. Не істейтінімді білмеймін.

Мұғалім: - Ал, біздің мына балалар, оқып, жазып үйренді. Сондықтан бүгін Әліппемен қоштасқалы тұрмыз. Айтпақшы, ол біздің тойымызға келу керек еді. Қайда жүр екен?

Ж.кемпір: - Е,ее ...Анау көк киім киген бала ма? Мен оны ұстап алып, қамап қойдым. Сендер менің Жалқаубегімді ренжіттіңдер ғой. Ал, сендер жаңа бәрін білеміз дедіңдер. Қазір мен тексеріп көрейін. Менің тапсырмамды орындасаңдар Әліппелеріңді босатамын.

1тапсырмам:        Бір қалада тұрады,

                              42 сұлу қыз,

                              Атақ, даңқы олардың

                              Жер бетіне тарады.  Ол не?  (алфавит)

Ж.кемпір: -  Ал, енді олардың аттарын атаңдаршы.

Мұғалім: - Бұл тапсырманы біз тез орындаймыз, солай емес пе , балалар?! Қане, алфавитті айтып берейік.

Ж.кемпір: -  Жарайды. Тағы бір тапсырмамды орындаңдар.Мына тұрған буындардан сөздер құрап беріңдерші.

 (Оқушылар бұршақ, кеме, қонақ, тымақ, шыбын деген сөздер құрайды).

Ж.кемпір: - Енді маған санамақтар айтып беріңдерші.

(Әділ, Алим, Ағыбай, нұрзада, Ажар, Жансая, Сұлтан,Малика, Томирис,Ернұр санамақ айтады).

Мұғалім: - Өте жақсы , балалар.Бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар. Солай емес пе, әжетай?!

Ж.кемпір: -  Солай, солай. Өздерің қандай ақылдысыңдар. Әліппелеріңді алып келейін.

Мұғалім: - Олар келгенше біз қонақтарымызға бір ән айтып берейік.

                               Ән: «Біз өмірдің гүліміз».

Ж.кемпір: -  Міне, сендердің Әліппелерің. Менің үйімде дем алып, үйімді де тап-таза етіп жинап қойыпты.

Әліппе: - Иә, мен тазалықты жақсы көремін. Әже сіз немереңізбен бірге біздің тойымызды тамашалаңыз.

Сәлеметсіңдер ме , балалар, құрметті қонақтар!  

Балалар:- Қош келдіңіз,Әліппе!

Әліппе:-

 

 

 

 

 

 

9-оқушы: Ағыбай

                   Іші толған әріпке

                   Мынау -әйбат Әліппе

                   Барлық ілім-білімнің

                   Әжесі- осы Әліппе

10-оқушы: Алим

                 Әліппем менің, әліппем

                 Сені қолға алып мен

                 Есігін аштым мектептің

                 Ертеңгі күнгі жарықпен.

11-оқушы:Нұрзада

                 Енді біз жаза білеміз

                 Әріпті қосып әріпке

                 Риза боп саған жүреміз

                 Сүйікті біздің, Әліппе.

1Б сынып балаларының тақпақтары.

                                  Ән: «Мұғалім-ол біздің».

Әліппе:-  Ал,балалар, жарайсыңдар! Оқи білесіңдер, жаза білесіңдер, ән де айтасыңдар. Мен сендерге ризамын. Енді менің кетуім керек.Мен сендермен мәңгіге қоштасамын. Кетпей тұрып, Әліппені аяқтағандарың үшінсыйлық пен диплом сыйлаймын.

                        Сыйлықтар мен дипломдар беріледі.

Әліппе: -Ризамын балалар,

               Меңгердің болмадың босқа тер,

               Ана тілі атты әпкем бар

               Сендерді жетелеп әкетер.

Бәрі: -Қош сүйікті, Әліппем!

 

                        (Әліппе кетеді, Ана тілі келеді).   

Ана тілі: Ана тілі арың бұл

                 Ұятың боп тұр бетте

                 Өзге тілдің бәрін біл

                 Өз тіліңді құрметте       

                  

Оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз

                 Енді қолға ана тілін аламыз,

                 Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

                 Сауатты боп шықты міне, балаңыз!

 

(Ортаға ана тілі оқулығын табыстау үшін директор немесе оқу ісінің меңгерушісі шақырылады). 

 

 

     

Жалқаубек  жылайды:- Мен де анадай кітап алғым келеді.

Ж.кемпір: -Балам,мектепке барып, сабақ оқысаң саған да кітап болады. Жүр, мектепке жиналайық. (Олар кетеді).

 

Мұғалім: - Білімге әрқашан жол ашық!!

 

                                         Ән: «Әліппе».

Құттықтау сөздер: 1.  Оқу ісінің меңгерушісі:  Сағиева Н.Ж.

                                 2.  Тәрбие ісінің  меңгерушісі: Өжекей З.

                                 3. Ата-аналарға сөз

                                 4. Мұғалімдерге сөз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий "Әліппемен қоштасу" 1-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2016 1210
    • DOCX 23 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Ляззат Куттыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Ляззат Куттыбековна
    Калиева Ляззат Куттыбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21711
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1710 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе