Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСыныптан ашық сабақ Әріптермен қоштасу "Тілашар"

Сыныптан ашық сабақ Әріптермен қоштасу "Тілашар"

Скачать материал

Тілашар

Мақсаты: Оқушылардың тілін дамыту, айналамен таныстыру :

Оқушылардың оқуға ынтасын,қызығушылығын арттыру.

Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,барнер,кітапша Тілашар,шақыру қағазы,мәжіліс залы шарлармен безендірілген.

 

Дияр:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ұстаздар!

Болашаққа жол бастар

Келешегі қазақтың

Басталады біздерден!

Әмина:

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп,не білдік

Қане, ортаға салайық! (ортаға екі бала шығады)

Әмина: Қалай ойлайсың, Дияр? Біз бір айда көп есейіп қалған сияқтымыз. Оқып,жазып, санап үйрендік, үлкен кісілермен амандасуды да білеміз.

 

Дияр: Иә, ! Мен әлі ойыншықтарыммен ойнағым келеді, еркелеп анамның арқасына мінгім келеді

 

Әмина: Тұра тұр, сен сөмкеңді көрсетші

 (сөмкесін ашып қарайды, ішінде ойыншықтар, т.б).

Мынауың не? Апай көрсе не дейді?

 

Дияр: Мен апайға көрсетпей, қоңырауда ойнаймын.

Әмина: Олай болмайды, Дияр! Достарыңның қалай есейгенін көргің келе ме? Онда олардың өнерлерің тамашалайық!

 Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

Дилназ: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.

 Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.

 Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.

 Мектеп - білім ордасы,
Мектеп - қамқор анашым.
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.

Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың жолдасы.


3.     Әріптерді жаттаймыз

Есте мықтап сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бірін де,

Атын, затын, түрін де.

 



Ән: «Мектебім»

Әмина:
 Мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге еңбекке үйренеді. Ана тілінде сөйлеп, оқимыз.
- Біздің оқулығымыз қалай аталады, оны қай тілде оқимыз?

Барлығы хормен:Қазақ тілінде.

Дияр:
Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы.

 Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!

Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

 Айтатын жас - кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі – арымыз.

: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен.

 Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.

Әмина: Көрініс: «Баға»

Әкесі: «Балам, сабағыңнан неше алдың?

Баласы: (күнделігін көрсетіп)

Міне, 5 алдым!

Әкесі: «Мынауың тұрған үш, ал мынауың екілік қой!Бес алдым деп неге өтірік айтасың?»

Баласы : « Ой, әкетай, есепті

Білмеуіңді қарашы

Үшті қоссаң екіге

Бес болмай ма, санашы!»

 

Дияр:

Ұрпақпен ұласады мұрат арман,

Бәйтерек бой көтерер құба талдан.

Тойлаңдар, қуаныңдар ағайындар,

 Шалқып қайт, шаттық тойы Тілашардан!

Би «Маусымжан» қыздар тобы

 

Әмина:

Қару-жарақ сабағым

Қалам, парақ, садағым

Жалқау менен наданды

Білім менен қададым.

 

Дияр:

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.



Диярі: Көрініс: «Математика сабағы»

Мұғалім:

(Мұғалім және оқушы сахнаға шығады)

Мұғалім: (Сандарды көрсетіп) 3+3-ті қосқанда қанша болады?

Оқушы: үндемейді, иығын көтереді.

Мұғалім: сол сөзді қайталайды (көтеріңкі дауыспен)

Оқушы: білмеймін

Мұғалім: (қолымен көрсете отырып)

Мына жақтан 3 ат шауып келеді, мына жақтан 3 ат шауып келеді, Барлығы қанша болады?!

Оқушы: Туф апай, шаңнаң түк көрінбей кетті ғой!

Әмина:

Құтты болсың, тойларың

Балғын шақты балдырған,

Ортаға шығып билейді

Біздің сыныптың ұлдары

Би «Қара жорға» ұлдар тобы

 

Жанерке:Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын.


Ақбота:Мектебім менің,мектебім

Ақылсыздан шеттедім

Білімдімен дос болып,

Сенен аттап өтпедім


Ақбота: Күн нұрындай білімнің

Шуағы мол білімнің

Құтты болсын достарым,

Құтты болсын,тойларың


Дияр: Көрініс «Атасы мен немересі» (сахнада атасы газет оқып отырады)

Элдар:

Өмір бойы не үшін оқи бересіз?

Атасы:(Нұрхан)

Менің де өмірде білмейтінім көп.

Айгерім:

Ата,жалықпайсыз ба?

Атасы (Нұрхан):

Оқи берсең көзің ашылады,отыра берсең жалқаулық басынады.

Жан:

Ата,шаршамайсыз ба?

Атасы(Нұрхан):

Балам, отырсам шаршаймын.Еңбек етсем,жігерлене түсемін.

Дильназ:

Еңбек дегеніміз не ?

Атасы (Нұрхан):

  Иә,немерелерім

Еңбек –түбі береке

Еңбек түбі-рахат

Бақыт кілті еңбекте.

-Ендеше мен сендерге батамды берейін

Бата

Мектепте  жақсы білім ап,

Құтты болсын талабың

Үміттерін ақтай біл,

Жүрегіңе сақтай біл,

Әмина ,Дияр:

Барына риза болсын көрермендер,

Байқадық білгенді де, білмегенін.

Осымен «Тілашарды» тамамдасақ,

Тағы үйренеміз аман болсақ.

Бәрі:

 Ер жетеміз, өсеміз,
Елге қызмет етеміз.
Мұғалімнің айтқанын,
Мықтап миға тоқимыз.
Сөз береміз сіздерге
Кілең беске оқимыз..

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан ашық сабақ Әріптермен қоштасу "Тілашар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 385 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2017 566
    • DOCX 22.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темиргалиева Бимаржан Кокайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14362
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе