Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Научные работы / Тақырыбы: "БӘСЕКЕГЕ БЕЙІМ, ЗАМАНАУИ САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ САНАЛЫ ТӘРБИЕГЕ ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ ?"

Тақырыбы: "БӘСЕКЕГЕ БЕЙІМ, ЗАМАНАУИ САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ САНАЛЫ ТӘРБИЕГЕ ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ ?"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m7222d11f.gifhello_html_m7222d11f.gif

Турганбаева Сауле Орынбасарқызы

Бастауыш сынып мұғалімі Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған коуч

4 бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ОҚО Арыс қаласы

БӘСЕКЕГЕ БЕЙІМ, ЗАМАНАУИ САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ САНАЛЫ ТӘРБИЕГЕ ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ ?


ХХI ғасыр жаңару мен жахандану заманы. Еліміздің заманауи келбетке қадамын нық басып, ақпараттық технологияның дамыған кезеңімен қатар Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін, мақсатты жұмыстар өз нәтижесін танытуда. Жаңаша оқыту оқушыдан өздігінен ізденіп көп білуді талап етсе, заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін өмірде орынды жерінде қолдана білуіне ықпал ету, мұғалімдердің үлесінде. Сонымен қатар II деңгей бағдарламасы қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектеседі. Осы мақсатпен жалпы білім беретін мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша «Өрлеу Біліктілікті Арттыру Орталығында» жүргізіліп отырған курсқа қатысып, білім-біліктілігімді жетілдірдім. Менің кәсіби деңгейде білімімді шыңдауға тренерім - Абуханова Рысқаным Нығметоллақызының еңбегі зор.Тренерім заман талабына сай жаңаша оқыту әдістерімен таныстырды. «Маған айтсаң –ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде қалар, ал өзіме жасатсаң үйренемін» (Конфуций) деген қағиданы топ тыңдаушыларының бойынан өткізіп, салмақты білім берді. Жаңаша оқыту Кембридж әдіс - тәсілдерін сол қалпында қайталау емес, өз ұлттық ұстанымымызбен құндылықтарымызды негізге ала отырып, жаңаша білім беру үдерісіне көшу екенін түсіндік.

Мен біліктілікті арттыру курсынан толық өтіп, екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған коуч атанғаннан кейін, жаңарған жаңа көзқарастағы маман ретінде қазақстан- дағы білім сапасының сын көтермейтіні баршамызға аян екенін негізге ала отырып, «осы мәселені қалай шешуге болады, қиындықтардан қалай жол табуға болады?» деген сұрақтардың шешімін табу мақсатында, осы мәселемен өз тәжірибемде зерттеу жүргіздім. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлғамұғалім» - деп, (Strong) айтқан идея - менің мақсатқа қол жеткізуімнің негізгі бағыты болды. Оқушылардың білім сапасының төмендеуі, сабақтың бір сарынды жүргізілуі, оқушылар сабаққа ішінара қатысуы себеп болғандықтан, әріптестер арасында осы кемшіліктерді қалай жою керектігі туралы сауалнама жүргіздім. Осы сауалнаманы негізге ала отырып, мектеп мұғалімдері оқушыларды «ХХI ғасырда нені оқыту керек? және ХХI ғасырға қалай дайындайды?» деген қажеттіліктен туындаған маңызды мәселе тұрды. Өйткені мектептің білім сапасы мені қатты толғандырып келеді. Себебі оқушының өздігінен ізденіп оқуы, сабаққа деген қызығушылық ынтасы, белсенділігі төмен екенін білдім. Сондықтан менің мектебім және оқушыларым үшін біліммен қатар дағдылар да тең дәрежеде болу керек деген маңызды ортақ ұстаным қалыптасты. Сондықтан, мен әріптестеріммен кәсіби әңгіме жүргізе отырып, білім беру үдерісіндегі қажеттілігінен туындаған тақырыпты өзімнің іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбым ретінде «Сабақта табыс критерийлерін қолдану арқылы сапалы білімге қол жеткізу» -деп, әріптестеріммен екінші коучинг сессиясында әдіс-тәсілдердің жаңа қолданысымен жұмыс жүргізуді өз бойларынан өткізіп, таныстырылым жасадым. Ондағы мақсатым мектептегі оқушылардың ішкі уәжіне түрткі болатын оқушы белсенділігі мен бірлескен топ жұмысын әлдеқайда жоғары деңгейде дамыту, және дарынды, талантты балалардың қажетті жағдайда дамуына ықпал ету болды. Осы орайда мектеп әкімшіліктері мен әріптестермен кездесе отырып, кәсіби әңгіме жүргіздім. Менің әріптестерім бұл ұсынысқа қолдау көрсетіп, өз тәжірибелеріне енгізуді қолға алды.Мектеп мұғалімдері әр сабағында тақырыпқа негізделген критерийлер құрып, сабақ өтуде. Оқушылардан рефлексия алып, келесі сабақтың қажеттіліктеріне негізделген жоспарлы кеңес беруге қолдау таба алады.

Мен әр сабағымды сындарлы оқыту теорисына негіздеп, сабақтың әрбір кезеңін әдіс-тәсілдер мен модульдерді бір-бірімен ұлттық нақышта тиімді қолдану жолдарын қарастырып, нәтижесін оқушыларға рефлексия жасату арқылы, келесі сабақты оқушы қажеттілігін толықтыруға арнап жоспарладым. Мамандығым «Бастауыш сыныпты оқыту» болғандықтан, «математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану» осы негізгі төрт пәнді де зерттеудің нысанасына алдым. Сыныпта сындарлы сабақ жүргізуді жоспарлы түрде қолға алғаннан бастап, алдымен психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында оқушыларды сабақ тақырыбына байланысты әр-түрлі әдіс- тәсілдермен топқа бөліп, топ мүшелерінің атқаратын қызметімен, топ ережесін өз қажеттілігіне қарай өздеріне құрғызып, бағыт - бағдар беріп отырдым. Іс-әрекеттегі зерттеуді сапалы жүргізу, ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып тәжірибе жасауды өз міндетім деп санадым. Сабақты топқа бөліп оқыту, жаңа ақпараттың мақсатын анықтатып, оны топ ортасында талдап, бір - бірімен ой бөлісіп, оны дәлелді мысалмен қорғауы оқушы мен оқушы арасында шынайы қарым – қатынастың орнауына ықпалы зор екеніне, зерттеу кезінде көз жеткіздім. Менің іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарымда осы «Жаңа форматтағы оқыту» әдістері өте тиімді екендігін мойындатты.

Мерсер (2005) құрбы-құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерге іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарымда көз жеткіздім. Себебі, әр сабағым қарым-қатынастың үлгілі шынайылығына негізделді. Оқушылардың бәсекелестікке бейімділіктерін, алға ұмтылысын, жаңадан жаңаша жаңалықты ойлау мен жасауға, топ арасында бір-біріне қолдау көрсетіп, алған білімдерін құрбы-құрдастарымен бөлісуді, үйренді. Жаңа ақпаратты өмірде қолдануға, белсенділік танытауға ықпал еткенін аңғара бастадым. Әр оқушының оқу керек екенін сезінуіне, өздігінен ізденіп, нәтижеге қол жеткізуге деген ұмтылыстың күшейгенін аңғардым. Ата – аналар арасындағы пікірлердің жағымдылығы өзгерістегі зерттеуіме қолдау болды. Өйткені ата-ана мен оқушылардың жағымды рефлексиялары менің зерттеу жұмысымның өзегіне айналды. Мен сабақ беретін сыныпта 26 оқушы бар. Оқушыларымды әр сабағымда бәсекеге бейім, заманауи сапалы білімге, ұлттық саналы тәрбиеге бағыттап, тәрбиелеуді қолға алдым. Ол заман талабы.

Зерттеу сабақтарының қайсы сынн алсам да, ортақ қажеттілікке кезіге бердім. Өйткені, сыныптағы оқушыларының санының көптігі, топтық жұмыстың сапалы жүруіне әсер етті. Мен сыныптағы 26 оқушыны 4-топқа бөліп жұмыс істегенімде, екі топта 6 оқушыдан, келесі екі топта 7 оқушыдан бөлінуіне тура келді. Осылай «Блум таксономиясына» негізделген сабақ жоспарымен жұмыс жүргізу мен үшін де, оқушылар үшін де тиімді тәсіл болды. Әрине, жаңа ақпарат алуда сабақтың түсіну, қолдану, талдау кезеңдері әр топ үшін де, заманауи сапалы білім мен ұлттық саналы тәрбиені бере алатын кезеңіне айналатыны анық. Сондықтан да сабақты талдау кезеңінде әр топқа берілген уақыт жеткіліксіз болып отырды. Өйткені 4 топтың әрқайсысы 3 минуттан қорғаған күнде 12 мин, қосымша сұрақтарымен 15 минутқа жетеді. Себебі 4 топты қамтып, оқушы қажеттілігін қамтамасыз ету өте күрделі жұмыс. Менің сабағымның негізгі идеясының ашылуына 4 топқа бөліп оқыту кері әсерін тигізді. Бірақ, топ оқушыларының саны азайған сайын әр оқушыда жауапкершілік пен бәсекелестігі басым көрініс берді. Өйткені қосымша атқарылуға тиісті жұмыстарға 4 топты айналып қамтимын деп жүргенде уақыт жетпей қалып отырды. Сондықтан бұл кедергіні шешу жолымен сынып оқушыларын 3 топқа бөлуді қарастырдым. Сыныптағы 26 оқушыны 3 топқа бөліп жұмыс жүргізгенімде, екі топта 9 оқушыдан, бір топта 8 оқушыдан бөлінуге тура келді. Топтық жұмыс жасауда күрделі тапсырмаларды шешуде, табиғаты баяу оқушылардың жауапкершіліктері шектеліп отырды. Әр топта топ мүшелерінің көптігі кері әсерін туғызды. Бірақ 3 топты қамтып, жұмыс жүргізу, уақытты тиімді қолдану мен талантты дарынды оқушылармен «А», «В», «С» деңгейдегі оқушыларды қатар қамтып, қолдау көрсетуге, сабақты жинақтап, формативті бағалау мен рефлексия жасауға қолайлы екенін сезіндім. Оқушылардың сабақ барысындағы қажеттіліктері түгел қамтылғанын, олардың бір-біріне жасаған рефлексияларынан, кері байланыстарынан аңғардым. Бірақ топ мүшелерінің көптігі топ жұмысының атқарылуынан кейбір оқушылар тыс қалып, жауапкершілікті «міндетім» деп түсінуге тырыспай, қалыс қалады. Сондықтан топ мүшелерінің түгел жауапкершілігін міндеттеу үшін, топ мүшелерінің санын азайту сапалы білімге жол ашады деп ойлаймын. Өйткені топтық жұмыста оқушылар санының аз болуы, өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды ықпалда болады.

  • тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;

  • оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,

  • проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс – тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Әрине жұмыс барысында оқушылардың өздігінен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін дамытуға

«маңызды» ықпалдың көмегін қамтамасыз етіп, қолдау көрсетудің түрі мен деңгейін өзгертіп отырдым. Мысалы: сабақтың «Білу» кезеңінде «Сұрақтар қорапшасы» әдісімен әр топқа тақырып бойынша стикерге жазған сұрақтарын қорапшаға салып, әр топ қорапшаларын бір –біріне ұсынады, жауап беру уақыты шектеледі. Бұл әдіс оқушылардың белсенділігі мен жауапкершілігін, өзін-өзі реттеуге түрткі жасап, оқушылардың өз пікірін еркін жеткізуге ықпал етті. Оқушылармен топтық жұмыста сабақтың «Талдау» кезеңінде «Кір жайғыш» әдісі арқылы жүргіздім. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығына қолдау көрсету мақсатында мынадай талап қойдым. Мен оны «Білімділер көрмесі» - деп өзгертіп, ең ұтымды дәлелденген постерлер осы «Білімділер көрмесіне» ілінетінін хабарладым. Осы түрткі оқушыларға ерекше әсер беріп, топ мүшелері ұйымшылдықпен бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытты. Бұл әдіс сапалы жемісін берді.Сонымен қатар орындалатын топ жұмыстарын әр топқа әр түрлі әдістермен орындауды тапсырдым. Мысалы: дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерін оқытуда, тақырыпқа байланысты топ атауларын түрлендіріп отырдым. 1- топ «Дикторлар» болса, 2- топ «Кезбе тілшілер», 3- топ «Кинорежиссёрлер» , 4-топ «Зерттеушілер». Тапсырманы топ атауларына байланысты постер жасап, қорғауды тапсырып отырдым.Оы әдіс оқушыларды керемет белсенділікке, өздігінен ізденіп ой қортуға, мысалмен дәлелдеме пікір жасауларымен ерекшеленіп отырды. Өйткені тақырыптың негізгі идеясын ашуда топтар бірін- біріне ұқсамайтын тәсілдермен постерлерін қорғағанда, топ арасында зор қызығушылық пен бәсекелестік еріксіз көрініс тапты. Осы әдістермен оқушылардың дарындылығы мен таланттылығын ашу мақатында әр сабағымда топ атауларын, топ мүшелерін ауыстырып отырдым. Сондықтан да оқушылардың белсенділігі өзгерген жоқ.Ата- аналар конференциясында балаларының отбасындағы өзгерістері оң нәтижелі екендерін, сабақты өздігінен ізденіп дайындалатын- дарын, мектепке деген қызығушылығы арта түскендігі туралы жағымды рефлексияларын жолдады.

Қазір мен оқытатын 2- сыныпта екі оқушымның қабілеті өте төмен еді. Бақылау, сын жұмыстарынан «өте төмен» көрсеткіш беретін. Сынып оқушыларын топқа бөліп, бірлесіп жұмыс істеу арқылы оқушылармен жақын қарым – қатынас орнататын болды. Топтық жұмысты «мен қорғаймен» –деп талпынатын және өз ойын жеткізетін болды.Жылдың соңындағы бақылау мен сын жұмыстарының көрсеткіштері біршама алға жылжығанын көрсетті.Сондықтан ата-аналары инклюзивті сыныпқа оқытуға қарсылық білдірді. Балаларының қарым- қатынасында дарынды және талантты достарының болуын қалады.

1934 жылдың өзінде –ақ Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екенін тілге тиек еткен. Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым- қатынас үдерісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттегенін өз зерттеуімде дәлелін тапты. /МАН. 98-бет/.

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша үлгерімі төмен оқушыларға бөлек сынып ашып сабақ жүргізілуде. Ол сыныптарды инкюзивті сынып – деп атап жүр. Бұл сыныптағы оқушылар баяу, қажеттілігі басым, үздіксіз қолдауды қажет ететін оқушылар болып табылады. Осындай оқушылар сабақтағы топтық жұмыста белсенділік танытуға және өзіне сенімділігі төмен болып, өзін сылбыр ұстайды. Себебі топтағы оқушылардың деңгейі бір-бірін толықтыруға дәрменсіз. Сондықтан оқушылардың өзара әрекеттестік қарым –қатынаста дамитынын зерттеу барысында көз жеткіздім.

Мен өз тәжірибемдегі зерттеуімді қорытындылай келе, бастауыш сыныпта топтық жұмыстарды жүргізуде мейлінше топ мүшелерінің саны 5 оқушыдан аспайтын болса, топтық жұмыста оқушылардың «қалай оқу керектігін үйренуге» қолайлы жағдай туады. Заманауи сапалы білім мен ұлттық нақыштағы саналы тәрбиеге қол жеткізудің кепілі болар еді деп айта аламын. Күнделікті іс-әрекетте ескерусіз жай ғана құбылыс болып көрінгенімен, қоғамның өсіп өркендеуінде үлкен жеткіліксіз дүниеге айналары анық. Білім алудың негізгі фундаменті бастауышта қаланатыны бәрімізге түсінікті. Өйткені, мен оны іс-әрекеттегі өз зерттеуімде көз жеткіздім.

Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми – техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттық болашағына ықпалын тигізді. Сондықтан білім берудің дамуы - үлкен ұлттық мәні бар міндет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге «қазіргі заманғы экономикалық және модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет» екенін атап көрсеткен болатын. Алайда, «Білім негізі бастауышта» - деп заманауи сапалы білім мен ұлттық саналы тәрбиенің басын мықтауға ұмтылғанмен елеусіз көріністердің шешімін таппаған мәселелер баршылық.

Жинақтаған зерттеу тәжірибеме сүйене отырып төмендегідей тұжырымдама жасадым:

  • Мектепті өзгерту бағытында Кембридж ұсынған оқытудың жаңа тәсілдері, соның ішінде оқыту үшін бағалау технологиясы оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену бағытында, дағдыларын қалыптастыруда, алған білімдерін әділ де дәлдікке негіздеп бағаланатынын, оқушыны сапалы білім алуға, белсенділігін алға жетелейтін өте тиімді әдіс екеніне көз жеткізді.

  • Зерттеу сабақтары арқылы мұғалім өз тәжірибесін өзгерту бағытында зерттеу жүргізіп қана қоймай, өз тәжірибесінің даму динамикасын бақылап, диагностика жүргізуде таптырмас методикалық құрал екені анықталды.

  • Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында жүргізілген коучинг сессиялары педагогтардың ынтымақтаса отырып нақты міндеттерді орындауда белсенділігі артатыны және ынтымақтастық дағдыларының қалыптасуына тиімді екені, жалпы коучинг сессиялары мектепті өзгертуде көшбасшылық жасау мүмкіндігінің зор дәлелін тапты.

  • Тәжірибе барысында тағы бір анықтағаным коучинг мұғалімдердің өзара ынтымақтастығын дамытып қана қоймай, нақты кедергілерді шешу мен бағыттарды анықтау барысында жан-жақты ақпарат алмасу мен жаңа идеялар тудырудың, осы мәселе бойынша өзге тәжірибелермен танысудың қайнар көзі болатынына көзім жетті.

  • Мектепті өзгерту барысында әріптестермен талқыланған мәселелер тиянақты әрі ұтымды болатындығына көз жеткіздім.

  • Ата –ананың мектеп туралы ұстанымдары мен көзқарасын өзгерту, сол ата-ананың оқу үдерісіне белсене араласқанда және кедергілерді шешу кезінде тікелей қатысқанда ғана өзгеретіндігі мен үшін енді күмән тудырмайтын мәселеге айналды.

  • Топтық жұмыс жүргізуде оқушы санының аз боғаны тиімді, және мектепте жаппай Lesson study тәсілін енгізу сапалы білімге жетелейтін ұтымды зерттеу жұмысы.

  • Үлгерімі төмен оқушыларды инклюзивті сыныптарда оқыту, дарынды және талантты балалармен қарым қатынастарын шектейді, ішкі күйзеліске әкеледі.

  • Мұғалім мен оқушы арасында үздіксіз «көпіршелердің» бұзылмауы, сабақта жаңа технологияны әдіс тәсілдермен жаңартып өтуде мектептердегі «физикалық, әлеуметтік, аффективтік, академиялық орталардың» қажеттілігі тең дәрежеде шешімін тауып отырса, қазақстанда бәсекеге бейім, заманауи сапалы білім мен ұлттық саналы тәрбиеге қол жеткізуге жол ашылар еді.

Мектепте әріптестеріммен осы тұжырымдамаларыма сүйене отырып, мектептің жұмысына өзгерту енгізіп, дамытуға өз үлесімді қоса аламын және бұл менің басты міндетім болмақ. Коучинг сессиясында танысқан әдістері бойынша жүргізілген іс-әрекеттерден алған білімдерін мұғалімдер өз сабақтарына қолданатындарына қуанышты болды. Осы әдістер біздің мектебімізге қаншалықты тиімді екеніне мұғалім өзі көз жеткізе алады деп ойлаймын. Мен әрбір әріптесімнің шығармашылық мүмкіндігін ашуға, өмірде нәтижелерге қол жеткізуін қолдаймын. Мен әр сабағымда оқушылармен коучинг соңында мұғалімдермен кері байланыс жүргіземін. Әріптестеріммен кәсіби сұхбат жасап, соңында өз рефлексияларын еріксіз жасайтын қалыпқа енді. Бұл менің зерттеудегі жұмыс жоспарымның өзекті қажеттілігі.
































Турганбаева Сауле Орынбасарқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша

сертификатталған коуч

4 бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ОҚО Арыс қаласы


БӘСЕКЕГЕ БЕЙІМ, ЗАМАНАУИ САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ САНАЛЫ ТӘРБИЕГЕ ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ ?































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Научные работы
Просмотров162
Номер материала ДВ-484950
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх