Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "1001 мақал, 101 жұмбақ"

Тәрбие сағаты: "1001 мақал, 101 жұмбақ"

Скачать материал

А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия

 

 

 

 

 

 

Ойын

 

Тақырыбы:

"1001 мақал, 101 жұмбақ"

 

 

 

 

Өткізген: Конкабаева А.А.

                            1 «Ә» сыныбы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арқалық қаласы

сәуір айы

2016-2017 оқу жылы

Мақсаты: 1. Құстар жайында кең көлемде түсінік беру, құстардың адам өмірі үшін тигізетін әсері мен пайда маңызының зор екендігі жайында айтып беру.

2. Халық қазынасы – мақал-мәтелді, жұмбақ, болжамдарды пайдалана білуге үйрету сөздік қорын молайту.

3. Жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Құстар және құс ұясы, баспа әріппен жазылған өлең шумағы.

Түрі: ойын.

         Барысы:

І. Ұйымдастыру.

Қар еріп, су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып, жылынды,

Бұл қай кезде болады?           (Көктем)

 

Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

(Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың жауаптары тыңдалынады)

Дұрыс, балалар, көктемде құстар ұшып келеді екен.

-         Күзде жылы жаққа кетіп, көктемде оралатын құстарды қандай құстар дейміз?

-         Жыл құстары.

-         Ал, қыстап қалатын құстарды қандай құстар дейміз?

-         Отырықшы құстар.

-         Дұрыс айтасыңдар, балалар.


Зере:         Орманға бара жатқандар,

                  Аңшылық дәмін татқандар,

                  Өтінем, түгел бәріңнен,

                  Көктемде құсты атпаңдар!

                  Сенімін оққа сатпаңдар!

                  Кішкентай әнді сақтаңдар!

                 Оларда титтей жүрек бар,

                  Жүректі жо – жоқ атпаңдар!

                  Қанаттыларды қақпаңдар,

                  Солармен атқан ақ таңдар!

                  Көктемнің гүлі сияқты,

                  Көктемде құсты атпаңдар!

                  Саятқа бара жатқандар.

Балалар, біз бүгін құстар туралы «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынын өткізгелі отырмыз. Енді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.     Ғылым ісінің орынбасары: Абдибекова Г. С.

2.     2 «Ә» сынып тәрбиешісі: Шойбасова Т.

3.     3 «А» сынып тәрбиешісі: Қалмағанбетова Д. Б.

Енді ортаға ойынға қатысушы мақалшыларды шақырайық.

1-ші ойыншы: Нурманова Жұлдыз.

2-ші ойыншы: Бәшір Мейірбек.

3-ші ойыншы: Қойшыбай Ақбаян.

Ойынға қатысушы мақалшылар өздерін таныстырады.

1-ші ойыншыға сұрақ: Қандай құсты жақсы көресің?

2-ші ойыншыға сұрақ: Құстардың қандай пайдасы бар?

3-ші ойыншыға сұрақ: Сіз үшін ең әдемі құс?

Бәрімізге де сәттілік тілеймін.

І. Мақалдың жалғасын айту.

         Шаңырақ тұрмас уықсыз, (құс қона алмас, құйрықсыз). Ерді талап ұшырар, (құсты қанат ұшырар). Ер елге паналайды, (аққу көлге паналайды). Ер атымен, (құс қанатымен). Қоғам көзі көл, (аққу болып жүзіп көр). Ер қартайса қазаншы болар, (бүркіт қартайса, тышқаншыл болар). Жаралы жүрекке тимеңіз, (балалы үйрекке тимеңіз).

ІІ. Жұмбақ шешу.

1.     Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі.         (Қарлығаш)

2.     Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып-қонып, жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там-тұмдап.       (Қарға)

3.     Шұнтиып қос құлағы,

Түнде көрер қырағы.    (Үкі)

4.     Шуға бөлеп жағаны,

Қанаттарын қағады.    

Айдын судың түлегі,

Шабақ іздеп жүреді.     (Шағала)

5.     Көлдің көркі, сәні екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Адамдар оны атпаған.

Бұл қай құс, балалар?            (Аққу)

6.     Орманға жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға қылып,

Тоқ-тоқ соғады.            (Тоқылдақ)

Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығарылып, қалған екеуі жалғастырады.

ІІІ. Екі ойыншының мақалдары.

1-ші ойыншы.

Құртақандай торғай да, (өз ұясын қорғайды).

Шынайы гүлдің иісін, (бұлбұл ғана сезеді).

Есек мақтанып, тұлпар болмас, (қарға мақтанып, сұңқар болмас).

Қарға қарқылдаса, (қысты шығарады).

Сауысқан қыран боламын деп, (жүрісінен жаңылды).

2-ші ойыншы.

Топтасқан сауысқан, (қазды да жем етер).

Күндіз бүркіт алса, (түнде үкі алар).

Баба бүркіт барлап ұшады, (бала бүркіт шарлап ұшады).

Жапалақ сипағанмен, (сұңқар болмас).

Қаз келсе, жаз келер, (қарға келсе, қатқақ кетер).

Арыстан тышқан ауламас, (қыран шыбын ауламас).

Ән: «Көктем келді» Орындайтын:Жаманова Аружан.

      Мақалшылар жеңімпазы анықталды.

     Сонымен балалар, құстар біздің досымыз екен. Олар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғап, бізге пайдасын тигізеді екен. Сондықтан да елімізде жыл сайын екі рет табиғат қорғау жұмысын жүргізеді. Құстар мен өсімдік, жан-жануарларды қорғау біздің басты парызымыз.

Қорытынды тұжырым:

1 «Ә» сыныбында «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойыны өткізілді. Ойынға Нурманова Жұлдыз, Бәшір Мейірбек, Қойшыбай Ақбаян қатысты. Оқушылар құстардың адам өмірі үшін тигізетін әсері мен пайда маңызының зор екендігі жайында айтып берді. Оқушылар өздерінің мақалдап сөйлеу шеберліктерін көрсете білді. Ойын соңында Нурманова Жұлдыз І орын, Қойшыбай Ақбаян ІІ орын, Бәшір Мейірбек ІІІ орынға иеленді. Оқушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойыны өз мақсатына жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "1001 мақал, 101 жұмбақ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2017 892
    • DOCX 676 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конкабаева Айткул Ансагановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Конкабаева Айткул Ансагановна
    Конкабаева Айткул Ансагановна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4530
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 255 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 265 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология воспитания и детско-родительских отношений

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе