« Біз бәріміз доспыз! » атты балаларға
арналған психологиялық тренинг.
Өткізілген күні : 10.12.2018ж.
Өткізілген топ : «Балапан»
Мақсаты : Топта жағымды көңіл- күй қалыптасытру.
Міндеті : Балалар ұжымын топтастыруға өзіндік үлес қосу.
Қажетті материалдар : түрлі -түсті карточкалар,әр түрлі фигуралар салынған парақшалар.
1.Кіріспе.
«Шаттық» шеңберіне тұрып қол шапалақтап амандасамыз, «Мен сені көргеніме қуаныштымын » деп көршісіне қарап әрбір бала шеңбер бойынша айтып шығады.
2. «Ормандағы жауын» ойыны.
Балалар біз бәріміз орманда келе жатырмыз деп елестетеміз,күн ашық күн шығып тұр,кенет қара бұлт шықты жұдырығымызды т.үйеміз,ақырындап жел соқты қолымызбен тербелеміз,сосын жаңбыр жауды тырысылдап қолымызбен жерді тырысдатамыз,күн қайта ашылып,күн шықты.
3. «ИӘ,ЖОҚ» ойыны
Менің казір балалар сендерге сөйлемдер айтамын,ИӘ болса қол шапалақтаймыз,ЖОҚ болса аяғымызбен жер соғамыз.Мысалы:Мысық шатырда жүреді,Машина суда жүзеді,Тамақ орындықта піседі,Қасқыр орманда жүреді, т.б.
4.«Фигураларды орнына қой » дамытушы жаттығу.Балалардың алдына біренеше түсті фигуралар таратылады,әр фигураны өз түстері бойынша жылдам әрі дұрыс өз ұяшықтарына орналыстырамыз.
Тренинг соңында балалармен кері байланыс орнатылды.
Педагог – психолог Ж.Д.Рамазанова