Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / «Білім берудің жаңа салалары» баяндама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Білім берудің жаңа салалары» баяндама

библиотека
материалов

«Білім берудің жаңа салалары»

Еліміздің келешегін айқындайтын нәрсе-білім. Ел келешегі-жас ұрпақты жан-жақты білім иесі етіп тәрбиелеудің маңызы зор. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры»,-деп атап көрсетті. Ендеше, елімізді өркениетті елдер қатарына қосатын жас жеткіншекті білім нәрімен сусындататын мұғалім болмақ. Ұстаз өз мамандығының шебері болғанда ғана табысқа жететіні белгілі, сонда келешегіміздің жарқын болатыны сөзсіз. Білім- тоқтаусыз, толассыз үдеріс. Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Қол жеткізгің келсе әрекет ет, күш сал. Ол- өз бетінше білім алу. Ал өз бетінше білім алу үшін танымдық қажеттіліктер мен қызығушылығың күшті болуы керек. Заманыңа сай мықты білімді болу – тек қана өз қолыңда. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп , жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Осыған орай қазіргі кезде өз ісіне шебер, іскер мұғалім қажет екендігі рас. Сондай білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал білім беру әдістемесі сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілі. Сындарлы оқыту теориясында: -оқушылар өз бетінше білім алуды ұйымдастырады; -сыни тұрғыдан сапалы шешім қабылдауға үйренеді; -оқушылар ашық сұраққа өмірден мысал келтіре отырып, салыстыра алады. Үш айлық курс барысында тәжірибеме пайдалануға «Сындарлы оқыту теориясының» әдіс- тәсілдерін үйрендім. Онда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерінің мазмұны мен әдіс –тәсілдерін үйрендім. Ұстаздың басты міндеті-жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуға, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау. Ұстаз аталмыш міндеттерді жүзеге асыруда ақпаратты технологияны тиімді қолданып, сапалы білім беруге ерекше көңіл бөлуі қажет. Сапалы білім оқушының сабаққа қызығушылығы болған кезде ғана жүзеге асады. Дәстүрлі сабақтарда жаңа сабақты меңгеруде сынып оқушыларын толық қамти алмаймыз, бірі-сабақты түсінбесе, екіншісі бұл материал таныс, сондықтан оқушыға тыңдау қызықсыз, үшінші оқушы бір сарынды сабақтан жалығады. Нәтижесінде орташа деңгейдегілер материалды игеруге деген қызығушылығын жоғалтады, ал қабылдау деңгейі төмен оқушы белсенді болғанымен оқу үдерісіне ене алмайды. Мұның себебі –оқушылардың психологиялық тұрғыдан әртүрлілігінде. Есту, жазу, сезіне отырып көру арқылы қабылдайтын оқушылар үшін электрондық –оқулықтар өте тиімді. Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Сондықтан, қандайда бір пән болмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, мен қолданылатын жұмыс түрлеріне сәкестігі. Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әртүрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Оқушы бойына білім, дағды,құндылықтарды қалыптастыруда ана тілі пәнінің алатын орны ерекше.Әрбір оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойланып сөйлете білу-ұстаздың шеберлігінің жемісі. Мұғалім оқушыны «объект»түрінде санамай, «субъект» ретінде таныса, қарым-қатынас жасаса, яғни,бұл жаңа білімдік парадигма. «Егер сен маған айтсаң,мен ұмытып қаламын,көрсетсең есте сақтаймын,ал егер сен менің әрекет жасауыма мүмкіндік берсең мен үйреніп аламын»-деп ұлы ғұлама айтпақшы оқушы үнемі өз білімін жетілдіргенде ғана білім шыңына жетеді. Мұғалім оқушылардың бойында өз бетімен білім алуға,өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға,өзі де заман талабына сай өзгеруі керек. «Қалай оқу керектігін үйрету» моделінің атауы «өзін –өзі реттеу» үдерісіне жатады. Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді пайдалану барысында өзін-өзі реттеген оқушы: 1)айқын мақсат қояды; 2)сұраққа –жауап береді;3)тәуекелге барады; 4) идеялармен экспиремент жасайды; 5)кеңес береді; 6) қатесін табады;7) нәтижелерін қадағалайды. Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді ұтымды,шебер қолданып,мұғалім мен оқушы қойылған мақсатқа бірлескен іс-әрекетпен жетіп жатса,бұл нағыз сабақ болады. Бұл жобада маған ең бірінші ұнағаны оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфераның оқыту барысында жағымды әсер етуі.Тапсырманы жеке орындаған оқушыға жауап бергенде топтың атынан шығып, «біз» деген есімдіктерді пайдаланып,баяндауы болды.Өз топтарын алға сүйреп, «әлсіз» оқушыларды алға тартты,ынталандырды.Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрады. Еліміздің ертені болатын бұл оқушылар,қазірден бастап болашақтың тізгінін қолына алу керек.Қазіргі таңда олардың негізгі мақсаты: сапалы білім алу,оқу үдерісіне тікелей өздері жауапты екенін түсіну. Сабақтың көрнекілік ұстанымын техникалық құралдар арқылы жүзеге асыру- оқушыларда білімге деген қажеттілікті тудыру ынталандыру және берілетін білімінің түсінуін қамтамасыз ету. Қазіргі оқушылар оқулықпен шектеліп қалмай АКТ материалдарын пайдалану, сол сабаққа байланысты көп нәрсені ұқтыруға мүмкіндік береді.«Қызығушылықты ояту» кезеңі белгілі ғалым Выготскийдің «Ең алдымен бір әрекетке тарту үшін сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқолық жаса» деген көзқарасы нақтылап тұр.Оқушылардың логкалық ой-өрісін дамуына және өздігінен жұмыс істеу қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді. Қоғамда ақпараттық технологиялар күннен күнге дамып өрістеп келеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Өз тәжірибемде оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында әр түрлі әдістерді пайдаландым. Жаңа тақырыпты ашу үшін «бұл туралы не білетін едік, есімізге түсірейікші» деп оқушылардың 2-3 минут ойландыру арқылы бұрынғы білетінін ой елегінен өткізіп, ойлана білуге бағыттадым. Мысалы: 3«б» сыныбында өткізген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты сабағымда жұмбақ шешу арқылы қызығушылығын ояттым. Жұмбақты оқушылардың өзіне оқытып, бұл құс туралы не білетінін сұрадым . Одан кейін бейне жазба көрсету арқылы оқушылардың назарын сабаққа аударып ертегі туралы түсінігін кеңейтім.Бұдан кейін ертегі кейіпкерлері (айдаһар, түлкі,маса,қарлығаш) бойынша топтастыру жасау арқылы, постермен жұмыс жасап,оқушылардың кейіпкерлерге сипаттама беріп ,сөздік қорларын жетілдірдім.Одан кейін талантты және дарынды оқушыларға «Құстар біздің досымыз» атты эссе жазу,ал жас ерекшеліктеріне қарай оқыту үшін оқушыларға достық,мейірімділік,жақсылық туралы мақалдар,жұмбақтар шешу,төрт жол өлең шығару,қарлығаштың сурет салу тапсырмалары орындалды.Тек қана түрлі әдістер арқылы,қызықты да қиын тапсырмалар орындау барысында оқушылардың таланттылығын анықтаймыз, дарындылығын даралаймыз және жас ерекшеліктеріне сай оқыта аламыз.Осы қағидаттарды бұлжытпай сақтаған кезде ғана аталған оқушылар үлкен табыстарға жете алды.Бірақта,менің байқағаным,бір сыныпта отырған жас шамасы әртүрлі оқушылар арасында аса сызып көрсететін айырмашылықтар болмайды екен.Тапсырма беруде «оңайдан қиынға» деген ұстанымды ұстанған жөн.Оқушыға тапсырманы бергенде,қаншалықты орындағанын көргенен кейін тапсырманы қиындатамыз,бұл олардың деңгейін көрсете алатын болу керек.Оқушыда сөйлеу мәдениеті,аудитория алдында еркін сезіну,өзіндік даралық пікірін дәлелдеуге,топ шешімімен санасу жаңа оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің тиімділігі мол екенін көзім жетті.Табысты оқуға қол жеткізуге мүмкіндік берген модуль-сыни тұрғыдан ойлау.Бұл сабақтың нәтижелі болуына көп ықпал етеді.Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын сыни тұрғыдан қарап,бағалау жасады.Оқушылар қызығып оқиды,өз пікірлерін жеткізеді,мәтінмен жұмыс жасауда, өз бетімен ,жұппен, топпен оқу және әңгімелеу түрлері пайдаланады ,диалогтік оқыту дамытуда әңгіме дебат,топтық әңгіме,зертеушілік әңгіме түрін,сұрақ қоюда түрткі болу,сынақтан өткізу,қайта бағыттау сұрақтар қойылады,инсерт әдісі,миға шабуыл,оқушыларға ойлану мен талқылауына ықпал етіледі. Тақырыптың мазмұнын ашып,айқын көзқарастар айтып,әдептілік сақтап,бір-бірін сыйлау деген сияқты топтық ережелерді сақтауға тырысып,ең маңызды олар бір-бірін тыңдауға үйренеді,оны «тапсырма»талап етеді.Менің байқағаным ,әр оқушы өз денгейінен жоғары жауап бере алады екен,тек оларға шыдамдылық таныту керек.Сабақ соңында оқушылармен кері байланыста бүгін мен не үйрендім , маған не ұнады? әдісі оқушылардың қызығушылығы мен келесі сабақты мұғалім неден бастау керек екенін біліп отырады,өзін саралайды, өзіне жаңа талаптар қояды. Оқушылар әр жасаған жұмыстарын өз өзін бағалау,жұппен,топпен, бірін-бірі екі жұлдыз, бір ұсыныс беру арқылы және топтар бірін бірі дескриптор арқылы бағалауды тез үйреніп алды. Оқытудың бұл әдіс тәсілдері оның ішінде ойындық әдістерді қолдану арқылы жүйелі, оқушылардың ойлау қабілетінің икемділігін дамытуға, оларды құр жаттауға емес, ойлай білуге, соның шешімін табуға үйренеді.Осындай нәтижелер көрсек мұғалімнен бақытты адам болмас,өйткені білімді шәкірт мұғалім еңбегінің жемісі.Уильям Уордтың «жай мұғалім-хабарлайды,жақсы мұғалім-түсіндіреді,керемет мұғалім-көрсетеді,ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегендей мұғалім тек бағыттаушының рөлінде бола тұрып,оқыту үдерісінің қызықты әрі тиімді болуына тікелей өзі жауапты. Мен де өз тәжірбиемде АКТ-ны қолданып сабақ өткізудің көп артықшылықтары бар екендігін байқадым. Сабақ барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін АКТ арқылы бақылауға, тәжірибе жасауға ақпарат жинақтауға, бағалауға, талдауға, синтездеуге болады. Сонымен қатар күнделікті сабақ жоспарымды Блум таксономиясы бойынша жазуды тиімді екеніне көз жеткіздім. К.Д.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деп бекер айтпаған. Ал, жаңа форматтағы үш айлық оқытудың кэмбридждік әдіс-тәсілін үйренгеннен тапқанымыз көп болды.Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің білім беру саласына тереңінен сіңіссе, білімді де тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықты бойына сіңірген жастар өсіп шығары белгілі. Ал, жастар – еліміздің  болашағы. Болашағымыз жарқын, еліміздің де іргетасы мығым болса, өмірімізде әрлі болары анық. Білімнің мазмұнымен қоса, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ақпараттық технологияны пайдалана отырып, мағынасына терең мән бере оқытуды көздейтін оқытудың кэмбридждік әдісінің бізге берері көп. Сол себепті еліміздің әрбір мұғалімі бұл оқыту әдісін меңгеруден бас тартпауы тиіс деп есептеймін


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Сондықтан, қандайда бір пән болмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, мен қолданылатын жұмыс түрлеріне сәкестігі. Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әртүрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Оқушы бойына білім, дағды,құндылықтарды қалыптастыруда ана тілі пәнінің алатын орны ерекше.Әрбір оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойланып сөйлете білу-ұстаздың шеберлігінің жемісі. Мұғалім оқушыны «объект«түрінде санамай, «субъект» ретінде таныса, қарым-қатынас жасаса, яғни,бұл жаңа білімдік парадигма. «Егер сен маған айтсаң,мен ұмытып қаламын,көрсетсең есте сақтаймын,ал егер сен менің әрекет жасауыма мүмкіндік берсең мен үйреніп аламын»-деп ұлы ғұлама айтпақшы оқушы үнемі өз білімін жетілдіргенде ғана білім шыңына жетеді
Автор
Дата добавления 23.03.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1162
Номер материала 36409032350
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх