Предпросмотр материала:
Аялай біл, сен деп соққан
жүректі
Жаныңда жүрген жақын адамдарды
сыйлауға, құрметтеуге
үйрету
Адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән –мағынасын
түсіндіру;
Жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
Жақын адамдарды сыйлай, қадірлей
білуге үйрету
Тыныштық сәті
Үй тапсырмасын тексеру
«Адамды сүйе біл»
С.Байжанов
Сұрақ.
Мәтінді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
Жанымыздағы жақсылықты байқамаудың, сезінбеудің себебі неде деп ойлайсыңдар??
Өз жақындарыңды қалай бағалап жүрсіңдер?
Жақындарыңның қадірін жетіп, қадірін біліп, түсініп жүрсіңдер ме?
«Аялау», «қадіріне білу» «қадіріне жетуә деген қалай түсінесіңдер?
Айналадағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма?
Сол кезде не сезіндің?
Адамдар саған «рахмет « айтты ма?Ал өзің ше?
Дәйексөз.
Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз- оны жалғызсыратпайтын айырылмас адал досы-өзінің ОЙЫ ғана Оралхан Бөкей
Сұрақ
Балалар сендер қалай түсінесіңдер?
Өзінің ойлағанын дұрыс орындаса, жан-жағына сондықтан «жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, ал жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»,-дейді халық.
ОЙЛАНАЙЫҚ, ПІКІРЛЕСЕЙІК
Жанағы кинодағы көргендей ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалай түсінесіңдер?
«Аялау, қадірлеу » деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
«Отбасындағы жарасымдылықтың сыры неде?
Ата – ананың мейірімін қалай бағалайсыңдар?
Әлдилеп, аялап
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.
Ана туралы жыр
Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі Әні: Ш.Қалдаяқов
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған.
Өтеуге борышым,
Анашым жан сырым.
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін
Қолыма түспеді.
ЖАҢА АҚПАРАТ
Жаныңда жүрген жақын адамдарға
жүрек жылуын жеткізе біл.
Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері,
құрбы – құрдастар, достар арасындағы сыйластық,
құрмет - адамдардың
бір- біріне мейірім – шапағаты.
Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне біл,
оларды аялай біл. Әрбір қарым – қатынасты
ізгі ниетке құрған жағдайда
ауызбіршілік сақталып жүректер
үйлесімділік табатыны сөзсіз.
ДӘЙЕКСӨЗ
Табиғаттағы барлық жылу-күннен,
Өмірдегі барлық жылу-адамнан.
Бүгінгі тақырып бойынша бір сәт түпкі жүрегімізге
үңіліп, анаға деген махаббатыңды неге теңер едіңдер,
Сол туралы сурет салайық!
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС
Үй тапсырмасы:
«Аялай біл, сен деп соққан
жүректі» тақырыбына
шығарма жазу
ТАПСЫРМА
Ананың
Аялы алақаны
Күлкісі
Мейірімі
Ыстық жүрегі
Мейірімді көздері
Жан жылуы
Махаббаты
1. Мен үшін ананың ….қымбат
2. Мен үшін әке …..
Әке
Асқар тау
Отбасын асыраушы
Ақылшы
Қамқоршы
Мақтаныш
Қорған
Отбасының тірегі
Бала
Болашағы-мыз
Бауыр етіміз
Асыраушы-мыз
Өмірінің жалғасымыз
Көмекшіміз
Ақылшы-мыз
Үмітіміз
3. Отбасындағы бала .....
Ана – әлемнің байлығы. Әке – қамқоршы, қорған
Бала - болашағымыз
Тыныштық сәті
Тыныштық, тыныштық, тыныштық
Тыныштық бар жерде,
Тыныштық бүкіл әлемде
Балалар сендерге ата-ана жүрегінің лүпілін сезе білуге, олардың жанарынан күннің нұры шашылсын.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ !
Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілейміз
Сабақ мақсаты: жанында жүрген жақын адамдарды /отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар/ сыйласуға, құрметтеуге үйрету.
Міндеттері:
- адамдардың бір-біріне деген мейірім – шапағатының
мән-мағынасын түсіндіру;
- жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
- жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
1. Сіздерге әсер етті ме?
2. Тыныштық сәтіне жеттіңдер ме?
Әр уақытта бір-біріне нұр шашып жүріңдер, көңілдерін жадыраңқы болсын.
В каталоге 7 152 курса по разным направлениям
Учебник: «Литературное чтение (в 2 частях)», Климанова Л. Ф., Горецкий В.Г., Голованова М.В. и др.
Тема: Проверим себя.