Инфоурок Логопедия, Дефектология Рабочие программыТақырып: Дауыссыз С дыбысы мен әрпі.

Тақырып: Дауыссыз С дыбысы мен әрпі.

Скачать материал

Тақырып: Дауыссыз С дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту.

Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Жануарларды сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: Күрекше, тәтті тосап, жаңғақ шағу, әткеншек, сағат тілі жаттығуларын жасау.

Дұрыс тыныс алу жаттығулары: Мұрынмен дем алып, мұрынмен дем шығару.Ауызбен дем алып, ауызбен дем шығару.

Саусақ жаттығуы: Баулармен жұмыс

С дыбысының профилі- дыбысты айтқанда тістер жақындайды. Еріндер жымияды.Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі, тілдің арасы көтеріңкі. Тамақ дірілдейді. С-қатаң дауыссыз дыбыс.

Буын сөздер қайталау: Са, Со, Ас, Ыс, Су.

                                        Ыс, Со, Ас, Са, Су.

Буын сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Са,Со, Су, Сал, Сана.

Мысалы: Сал-1 буын,3 әріп, 3 дыбыс.

С-қатаң дауыссыз.

А-жуан дауысты.

Л-үнді дауыссыз.

 Сергітту сәті: Құстарға біз ұқсайық

                         Қане қанат жазайық

                         Ұшып-ұшып алайық

                          Орнымызға қонайық

Сағаттың қандай түрлерін білесің?

-қол сағаты.

-қалта сағаты

-қабырға сағаты.

Не? Қайда тұр? Сұрағына жауап беріңдер. Мысалы:Кинотеатр алдында. Үйдің артында. Шкафтың үстінде. Столдың астында.

Схема бойынша буын сөздер оқу.

Са-СА-Са-Сағат.

Со-Со-Со-Сона

Ас-Ас-Ас-Асық.

Ыс-Ыс-Ыс-Ыстық.

С-дыбысын естігенде қол шапалақтау.

Ш, Ж, З, С

С, З, Ш, Ж

Ж, З, С, Ш

Жануарлар қалай дыбыстайды?

Сиыр-мөңірейді.

Ит-үреді, қыңсылайды, арсылдайды.

Бұлбұл-сайрайды.

Қасқыр-ырсылдайды.

Борсық-пырсылдайды

Жылан-суылдайды.

 Жұмбақ шешейік.

Білезікке қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? ( С )

Жаңылтпаш жаттайық:

Қаламқас

Казанды ыс

Жейік ас.

Жаттау «Бес саусақ»

Бас бармақ, қойды баға ғой,

Сұқ саусақ, шөпті шаба ғой,

Ортан қап, суға бара ғой,

Аты жоқ қолға жұмыс жоқ

Шынашақ ұйықтап қала ғой.

                   ***

Сара келіп сабақтан

Сан шаруаны тындырды:

Самаурынға салатын

Сексеуілді сындырды

Сазан балық қуырды,

Сауды сары сиырды.

.

Сабақты бекіту. Бүгін қандай әріп өттік? С әріпі. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтың соңы.

 

 

 

 

 

Тақырып: Дауыссыз Ж дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту. Сөз байлығын молайту.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Таза, ұқыпты жазуға, мейірімділікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: Кесе, тәтті тосап, түтікше - қоршау, әткеншек, сылақшы жаттығуларын жасау.

Дұрыс тыныс алу жаттығулары: «Футбол» Мақсаты: Мақтадан домалақтар жасау. Бұл-доптар, қақпа. Екі кубик немесе карындаштар. Бала «мақта доптарды» үрлеп «қақпаға гол» салуға тырысады.

Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату

Ж дыбысының профилі. Еріндер домалақтанып алдыға созылған.Тілдің ұшы үстіңгі таңдайға көтерілген,бірақ оған тимейді.Тілдің шеттері үстіңгі азу тістерге жабысқан.Тілдің арқасы көтеріңкі.Тіліміз кесекке ұқсайды. Тамақ дірілдемейді. Ж - ұяң дауыссыз дыбыс.

Буындарды қайталау:  Жа-Ша-Жа.

                                        Жу-Шу-Жу.

                                        Жо-Шо-Жо.

                                        Жы-Шы-Жы.

Жа, Жо, Жу, Жоқ, Жасыл-буын сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Мысалы: Жасыл-2 буын,5 әріп, 5 дыбыс.

Ж-ұяң дауыссыз.

А-жуан дауысты.

С-қатаң дауыссыз

Ы-жуан дауысты.

Л-үнді дауыссыз.

 Сергіту сәті: Біз кішкентай баламыз

                         Өсіп-өніп толамыз

                         Күнге қарай талпынып,

                         Көкке қолды созамыз

                         Қанат қағып ұшамыз

                         Қарлығаштай самғаймыз

                         Бір отырып, бір тұрып,

                         Жаттығулар жасаймыз

Поездбен жол жүрдіңдер ме?

Поездбен қайда бардыңдар?

Ұнады ма?

Ж дыбысы бар суреттер теру. Жол, жолбарыс, жаңғақ, жылан, жер, жан, жастық. Оларға сөйлем құрастырып айту. Мысалы: Мен жолға шықтым, зоопарктен жолбарыс көрдім. Мен жаңғақты жақсы көремін. Мен жыланнан қорқамын. Мен осы жерде тұрамын. Менің анам жақсы жан. Мен жастықсыз жатамын.

Ж--дыбысын естігенде қол шапалақтау.

Ш  С Ж  З

З  С  Ш  Ж

Ж  Ш  С  З

Сөздерді қайталау.

Жай-шай                                    Шағал-жағла

Шана-жана                                 Шер-жер

Шу-жу                                        Шапалақ-жапалақ

Шолақ-жолақ                             Шелек-желек

Шатыр-жатыр.                           Шара-жара

Ж дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан ?

Жас, жал, жар, жан, жат, жол -басында

Әже, көже, қоржын, ереже - ортасында

Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? Күн суытады. Жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғаяды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Жарқанат пен жолбарыс (жаттау)

Жарықтан қорқар жарқанат,

Жапыраққа жабысқан.

Жалықпаған жолбарыс,

Бір-бірімен алысқан.

Жаңылтпаш жаттайық:

Жағажай

Жағажайда-Қамажай

Жағажайды жағалай,

Жүгіреді қамажай

Жұмбақ шешейік.

Аспай піскен,

Кайнамай түскен.   ( жеміс ).

Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады.  (жапырақ ).

Сабақты бекіту. Бүгін қандай дыбысты өттік? Ж дыбысы.Сендерге бүгінгі тақырып ұнады ма?

Сабақтың соңы.

 

 

 

Тақырып: Дауыссыз К дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту.

 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Таза , ұқыпты жазуға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Дұрыс тыныс алу жаттығулары: «Қайық» Мазмұны: Кез-келген домалайтын қалам және ағаш шығыршықты алыңыз. Осы затты үстелдің үстіне қойыңыз да, балаға «үрлеу» керектігін айтыңыз. Деммен ол зат айналып, домалайды.

Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату

Артикуляциялық жаттығулар:Күрекше, кесе, құс тұмсығы, жаңғақ шағу, әткеншек, сағат тілі жаттығуларын айнаға қаратып жасау.

К дыбысының профилі.Тілдің ұшы астыңғы тіске жабысқан. Тілдің арқасы үлкен төмпешік болып таңдайға тиеді.Шығатын ауаның қысымынан тілдің арқасы таңдайдан алынады. Тамақ дірілдемейді. К-қатаң дауыссыз дыбыс.

Буын сөздерді қайталау: Ка, Ко, Ку, Кы.

                                           Ку, Ко, Ка, Кы.

                                           Ко, Ку, Ка, Кы.

Ко, Ку, Кы, Көк, Көктем- сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Мысалы: Көк-1 буын,  3 әріп, 3 дыбыс.

К-қатаң дауыссыз.

Ө-жіңішке дауысты.

К-қатаң дауыссыз.

Сергітту сәті: Құстарға біз ұқсайық

                         Қане қанат жазайық

                         Ұшып-ұшып алайық

                          Орнымызға қонайық

Сөзді аяқта: ...өктем; ....өк; ....үл;

Сөйлем құра: Қазір көктем мезгілі. Көктемде жер көгереді. Пештің күлін шығару керек.

Жекеше, көпше түрде айту керек.

Кітап-кітаптар

Кілем-кілемдер

Кірпі-кірпілер.

Әріп, буын, сөз, сөйлем оқу.

К-әріп

Кү-буын

Күз-сөз

Күзде жапырақтар сарғаяды-сөйлем.

К-дыбысын естігенде қол шапалақтау.

Т, П, Қ, К

К, Т, Қ, П

П, К, Т, Қ.

К-дыбысы сөздің қай жерінде?

Кеме, кесе - басында

Терек, шелек- соңында

Мереке, береке,текемет- ортасында.

 

Жаттау «Көбелек»

Қызыл,сары, қоңыр көп

Алуан, алуан көбелек

Торға түсіп қалмашы,

Торғайға жем болмашы.

Сабақты бекіту. Бүгін қандай дыбысты өттік? К дыбысы. Сендерге бүгінгі тақырып ұнады ма?

Сабақтың соңы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып: Дауыссыз Г дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту.

Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Г дыбысының профилі. Тілдің ұшы астыңғы тіске жабысқан. Тілдің арқасы үлкен төмпешік болып таңдайға тиеді.Шығатын ауаның қысымынан тілдің арқасы таңдайдан алынады. Г-ұяң дауыссыз дыбыс.

Дұрыс тыныс алу жаттығулары: Мұрынның үстіне домалақтанған мақтаны қойып, үрлеп ұшыру. Ауаны тілдің ортасынан шыққанын қадағалау.

Артикуляциялық жаттығулар: Айнаға қарап күрекше, тәтті тосап, жаңғақ шағу, әткеншек, кесе, көпір, құс тұмсығы жаттығуларын жасау.

Саусақ жаттығуы: Ағаш, әтеш, қоян, құлып, доп

Буын сөздер қайталау: Га, Го, Гү, Ге, Гу.

                                        Гы,Го, Гү, Гу, Гүл, үлгі.

Буын сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Мысалы: Үлгі-2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс.

Ү- жіңішке дауысты.

Л-үнді дауыссыз.

Г-ұяң дауыссыз.

Сергіту сәті:

 Біз кішкентай баламыз,

Өсіп- өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып, ұшамыз

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

І-жіңішке дауысты.

Гүлдерді ата:

-раушан.

-қызғалдақ

-түймедақ

-көкнәр.

-лала.

Дыбыстар қатарынан табу.

К  Ж З  Г

Д   Л  Р  Г

Г   К   Д  Л.

Сіріңкенің шиімен г дыбысын көрсету. Әріп, буын, сөздер оқу.Г-Га-Газет.

Жаттау «Ақ көгершін».

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бір кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыққан,

Бақыт құсы болсын деп,

Ұшырамын қолымнан.

Жұмбақ шешейік.

«Егіз» деген-екінші,

«Сегіз» десек-үшінші

Бұл қай әріп екенін

Өзің қарап түсінші ( Г )

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын,

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимаған? ( Гүл )

Сабақты бекіту. Бүгін қандай дыбыс өттік? Г дыбысы бар сөздер айтыңдар. Егін, егіз, шеге, гүл, жүгері, бәйге, жүген. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтың соңы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып: Дауыссыз Х дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту.

 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Кітапты сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: Айнаға қарап күрекше, тәтті тосап, жаңғақ шағу, әткеншек, кесе, сағат тілі, құс тұмсығы жаттығуларын жасау.

Дұрыс тыныс алу жаттығулары: «Жапырақтар түсуде». Мазмұны: бұл жатығуда түрлі-түсті қағаздарды жапырақ формасында қырқып (сары, қызыл, жасыл) алуыңыз қажет. (Ағаштың өз жапырақтарын пайдалануға болады). Бұл жапырақтың ағаш бастарынан ұшып түсуін бейнелейміз.

Саусақ жаттығуы: Ағаш, әтеш, қоян, құлып, доп

Х дыбысының профилі. Тілдің ұшы астыңғы тістен алшақтау, тілдің арқасы үлкен төмпешік болып көтерілген.Тамақ дірілдемейді.Х-қатаң дауыссыз дыбыс.

Буын сөздер қайталау: Ха, Хо, Хи, Ху.

                                        Хо, Ху, Ха, Хи

                                        Хи, Ху, Ха, Хо

Ха, хи, Ху, Хат, Халат буын сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Мысалы: Халат-2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс.

Х- қатаң дауыссыз.

А-жуан дауысты.

Л-үнді дауыссыз.

А-жуан дауысты.

Т-қатаң дауыссыз.

Сергіту сәті:

 Біз кішкентай баламыз,

Өсіп- өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып, ұшамыз

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

Кітапхана тақырыбына әңгіме құрастырып айту.

 Біздің мектепте үлкен кітапхана бар.Онда қызықты кітаптар көп. Кітапханаға оқушылар көп барады. Менде кітапханаға көп барамын. Райхан апай- кітапханашы. Ол маған кітап береді.

Дыбыстар қатарынан табу.

К  Қ  БХ

Қ  Б  Х  К

Қ  Х  К  Б.

Сіріңкенің шиімен Х әрпін жазыңдар.Әріп, буын, сөздер оқу.

Ха,Хо, Хи.

Хат, хор, Хан. Хабар,

Халат, хикая.

Емхана, дәріхана, асхана.

Қиынды әріптерден сөздер құрау. Саяхат, халат, хат, хор, хан, шахмат, хабар.

Жаңылтпаш айтайық.

Хакім хат ашып отыр,

Хат ашып, шатасып отыр.

Ол хатты қате ашып отыр.

Жұмбақ шешейік.

«Қарада» жоқ, «ханда» бар

«Қағазда» жоқ, «хатта» бар

Қане ойланып көрейік,

Бұл әріпті кім табар?( Х )

Сабақты бекіту. Бүгін қандай дыбыс өттік? Х дыбысы. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтың соңы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып: Дауыссыз Һ дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту.

Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Тазалыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: Айнаға қарап күрекше, көпір, жаңғақ шағу, әткеншек, кесе, сағат тілі, сылақшы,құс тұмсығы жаттығуларын жасау.

Саусақ жаттығуы: Бүлдірген жинау

Дұрыс тыныс алу жаттығулары: Футбол» Мақсаты: Мақтадан домалақтар жасау. Бұл-доптар, қақпа. Екі кубик немесе карындаштар. Бала «Мақта доптарды» үрлеп, «қақпаға гол» салуға тырысады.Бұл жапырақтың ағаш бастарынан ұшып түсуін бейнелейміз.

Һ дыбысының профилі. Еріндері өзінің алдыңғы және соңындағы дауысты дыбыстардың ыңғайына қарай өзгеріп отырады. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістердің арасы а дыбысын айтқандағыдай қашықтықта болады.Тілдің ұшы астыңғы тістерге тіреліп тұрады да, үсті кесіліп, жатады.Жұмсақ таңдайдың артқы жағындағы кішкентай тіл ауаның серіппесінен тербеліп, ашылады да, дыбыс көмейден шығады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын ауа жолын жауып тұрады. Дауыс шымылдығы ашық болады.Һ-қатаң дауыссыз дыбыс, ауызды, тіл арты.

Буын сөздер қайталау: Ха, Хо, Хи, Ху.

                                        Хо, Ху, Ха, Хи

                                        Хи, Ху, Ха, Хо

Һа, Һо, Һу, Жиһаз  буын сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Мысалы: Жиһаз-2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс.

Ж- ұяң дауыссыз.

И-жіңішке дауысты.

Һ-қатаң дауыссыз.

А-жуан, дауысты.

З- ұяң дауыссыз.

 Сергіту сәті: Жалғыз саусақ, тіпті де

                       Ұстай алмай жіпті де.

                       Екі саусақ бірікті,

                       Ине қолға ілікті.

                       Үш саусағы өнерлі,

                       Қала салсақ, жол салсақ.

Жиһаздарды атаңдар? Мысалы: стол, орындық, диван, шкаф, киім ілгіш.

Дыбыстар қатарынан  табу.

К Қ Һ Х

Қ Һ  Х  К

Қ  Х  К  Һ.

Ауада Һ дыбысын текшемен жазыңдар.

Һ дыбысы бар сөздер айтыңдар. Һ дыбысы сөздің қай жерінде Гауһар, жиһаз, қаһарман. Қаһарман суретін көрсетіп әңгіме құрау.

Қазақ халқы-қаһарман халық. Оның Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты батырлары болған. Мәншүк сияқты қаһарман қыздары да көп. Қазіргі кезде еліміздің қаһарман ұлдары мен қыздарына халық қаһарманы деген үлкен атақ беріледі.

Жаттау «Айдаһар» өлеңі

Қазақтың көне жерінде,

Айдаһар өмір сүріпті.

Патша боп, көп жыл тұрыпты.

Күшсізді талай жалмапты,

Тіссізді талай қандапты.

Сабақты бекіту. Бүгін қандай дыбыс өттік? Һ дыбысы. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтың соңы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып: Дауыссыз В дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту.

 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Спортпен шұғылдануға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау.

Алдыға 2 адым жасап дем алу, артқа 2 адым жасап дем шығару

Артикуляциялық жаттығулар: Айнаға қарап күрекше, кесе, сылақшы, әткеншек,сағат тілі,жаттығуларын жасау.

Саусақ жаттығуы: Баумен жұмыс

В дыбысының профилі. Астыңғы ерін созылып, үстіңгі тіске жабысқан. Үстіңгі ерін сәл көтеріңкі. Үстіңгі тістер көрініп тұрады.Тілдің ұшы астыңғы тістерге жабысып тұрады. Тілдің арқасы майысқан. Шығатын ауа үстіңгі тістер мен астыңғы еріннің арасынан өтеді. В-ұяң дауыссыз дыбыс.

Буын сөздер қайталау: Ва, Во, Ве, Ву.

                                        Во, Ву, Ва,Ве

                                        Ве, Ву, Ва, Во

ва, во, ву, вокзал  буын сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Мысалы: Вокзал-2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс.

В- ұяң дауыссыз.

О- жуан дауысты.

К- қатаң дауыссыз.

З- ұяң дауыссыз.

А-жуан дауысты.

Л-үнді дауыссыз.

Сергіту сәті: Өкшесін баспай аяқтың,

                       Отырайық қисаймай.

                       Қолды жайып қанатша,

                       Жұдырықты түйемін.

                       Саусақтары талғанша,

                       Ашып, жұмып көрейік.

                       Белімізді жазайық,

                       Демімізді алайық.

Поездбен жол жүрдің бе? Поезд неден тұрады? Поездбен жүрген ұнай ма?

Қиынды әріптермен сөздер құраңдар вокзал, витамин, автобус, велосипед, волейбол. Оларға сөйлем құрастырып айтыңдар. Мысалы: Мен 5 вагонда келдім. Маған велосипед әперді. Мен волейбол ойнай аламын. Жаннұр автобуспен қайтады. Мен вокзалға бара жатырмын.

Жұмбақтар шешейік.

Қосылса 13

Арасы,

Қандай әріп,

Қарашы

Дыбыстар қатарынан табу.

Д  В  Ж  З

К  Г  В  З

В  Л  К  Ж

Сабақты бекіту. В дыбысы бар сөздер айтыңдар. –трамвай,аквариум. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтың соңы.

 

Тақырып: Дауыссыз Н дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту.

Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Асты қадірлеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: Айнаға қарап кесе, көпір, сылақшы, әткеншек, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ жаттығуларын жасау.

Дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау. Мұрынмен дем алып, мұрынмен дем шығару. Ауызбен дем алып, ауыздан дем шығару.

Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату

Н дыбысының профилі.Тілдің ұшы астыңғы тістерге тіреледі. Тілдің арқасы төмпешік тәрізді жиырылған және үстіңгі тістердің төмпешігіне алдымен жиналған. Шығатын ауа- мұрыннан шығады. Тамақ дірілдейді. Н-үнді дауыссыз жабысқан дыбыс.

Буын сөздер қайталау: На, Но, Не, нан, ана  буын сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Мысалы: На-1 буын, 2 әріп, 2 дыбыс.

Н- үнді дауыссыз

А-жуан дауысты.

Сергіту сәті: Өкшесін баспай,

                       Отырайық қисаймай.

                       Қолды жайып қанатша,

                       Жұдырықты түйемін.

                       Саусақтары талғанша,

                       Ашып, жұмып көрейік.

                       Белімізді жазайық,

                       Демімізді алайық.

Бидайдан жасалатын тағамдар: Нан, тоқаш, бауырсақ.

Ана, әке, ата, аға сөздеріне сұрақ қойыңдар Ана-кім?

Сөздер оқу: нан  на,отан но, панп ну, тана ны.

Әріптер кассасымен жұмыс.

Жұмбақтар шешейік.

Ас біткеннің анасы-

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталған.

Соңғы әрпін де қарашы. (Н)

«Күн» мен «түн» сөзін қарашы немен аяқталады?

Сабақты бекіту. Н дыбысы бар сөздер айтыңдар. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтың соңы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып: Дауыссыз Ғ дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту.

 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Оқушыларды бір- бірін силауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: Айнаға қарап кесе, көпір, сылақшы, әткеншек, ине, сағат тілі жаттығуларын жасау.

Дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау. Мұрынмен дем алып, мұрынмен дем шығару. Ауызбен дем алып, ауыздан дем шығару.

Саусақ жаттығуы: Баумен жұмыс

Ғ дыбысының профилі.Еріндері, өзінің алдындағы немесе соңындағы қосылып айтылатын дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: ға, ғу, ғы. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі, ал арты жұмсақ таңдаймен желбезекке қабысады да, іштен келген ауа қысылып шыққан кезде дауыс дірілдейді. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрын ауа жолын жабады. Дауыс шымылдығы жабық болады. Ғ-ұяң дауыссыз дыбыс, тіл арты жуан.

Ға, ғо, ғы, аға, ағаш сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Мысалы: ға-1 буын, 2әріп, 2 дыбыс.

Ғ-ұяң дауыссыз.

А-жуан дауысты.

 Сергіту сәті: Ормандағы аюдың

                       Құлпынайы көп екен,

                       Теріп, теріп алайық,

                       Қалтамызға салайық.

Ауа көліктерін атаңдар? Ұшақ, тікұшақ, ғарышкер деген кім? Сөйлем түрінде жауап беріңдер. Зымыранды жүргізетін адам ғарышкер деп аталады. Ғарышқа ұшатын адам-ғарышкер.

Буын сөздер қайталау.

Ға         Ғани

Аға       Ғарыш

Таға

Жаңылтпаш жаттау

Талғат, балға тап,

Тағы да жаңғақ шақ.

Шақсаң, сақ шақ.

Тақпақ жаттау.

Аспан, аспан арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шаламын.

Мен ғарышкер боламын!

Ғарышкер мен боламын!

Болам десем, боламын!

Сабақты бекіту. Ғ дыбысы бар сөздер айтыңдар. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтың соңы.

                      

 

 

 

 

 

Тақырып: Дауыссыз Р дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту.

Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Тазалыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Тыныс алу жаттығулары. Мақтадан доп жасап футбол ойнау.

Артикуляциялық жаттығулар: Айнаға қарап ат шауып келеді, тәтті тосап, күрекше, әткенщек жаттығуларын жасау.

 Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату

Дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау. Мұрынмен дем алып, мұрынмен дем шығару. Ауызбен дем алып, ауыздан дем шығару.

Р дыбысының профилі. Тілдің ұшы үстіңгі тістердің артындағы төмпешікке тірелген. Тілдің шеттері үстіңгі азу тістерге жабысқан. Тіл қасыққа ұқсайды. Тамақ дірілдейді. Р-үнді дауыссыз дыбыс, тіл арты жуан.

Ра, ро, ру, ара, арпа сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

 Мысалы:

Ра-1 буын, 2 әріп, 2 дыбыс.

Р-үнді дауыссыз.

А-жуан дауысты.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар

                       Алдымнан жел еседі.

                       Кіп-кішкентай ағаштар,

                       Үлкен болып өседі.

Дыбыстар арасынан Р дыбысын естігенде шапалақтаңдар.

А Т П  Г  Ғ  Р

П  Ғ  Р  Т  А  Н

Ы  П  Т  Р  Ғ  Н

Қандай жабайы аңдарды білесіңдер. Арыстан, жолбарыс, арқар, қасқыр.

Буындар, сөздер айту.

Ра, Ро, Ру, Ря, Ры, Рә

Ара, тара, нар, арпа, арна, парта

Зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтыңдар.

Ара-аралар                          Ат- аттар

Нар-нарлар                          Ағаш-ағаштар

Парта-парталар                   Бала-балалар

Тақпақ жаттау

«Р»-ға тілің келе ма?

Қырларда құр,-деші,

Жайылып жүр,-деші,

Біреуі қарауыл

Қарап-ақ тұр,-деші,

Ал енді өзің-ақ

Р-р-р-р-деші.

Бал араның жыры

Баратыным-қыр,

Қонатыным-гүл.

Теретінім-нәр

Беретінім-бал.

Сабақты бекіту. Бүгін қандай әріп өттік? Р дыбысы. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Тақырып: Дауыссыз Л дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: дыбыстың пайда болуы. Дыбыстарды буын сөздерде дұрыс, нақты айту. Дыбыс есту, қабылдау қабілетін дамыту.

 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Айна, профиль, қиынды әліппе, әріптер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: Айнаға қарап «кесе» жаттығуын жасау жолы. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек. Сондай-ақ күрекше, ине, әткеншек- тілдің ұшын жоғары-төмен бағытта қозғау.

 Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату

Дем алу жаттығулары «Қайық». Мазмұны: кез келген қалам немесе ағаш шығырықты алыңыз. Осы затты тегіс үстелдің бетіне қойыңыз да, балаға «үрлеу» керектігін айтыңыз. Деммен ол зат айналып домалайды.

Л дыбысының профилі. Еріндер жымиған күйде.Тілдің алдыңғы бөлігі үстіңгі тістердің төмпешігіне тиеді. Тілдің арты астына түседі. Тіл қысымда болады. Шығатын ауа тілдің шеттерінен шығады. Тамақ дірілдейді. Л-үнді дауыссыз дыбыс.

Л-дыбысы сөздің қай жерінде?

Лақ, лай, ләйлек, лимон-басында

Бала, алма, балапан, құлпынай-ортасында

Бал, қол, бел, гүл, ел, жеңіл-соңында

Буын сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Мысалы:

Ла-1 буын, 2әріп, 2 дыбыс.

Л-үнді дауыссыз.

А-жуан дауысты.

Малдың төлдерін ата. Мысалы: Лақ, қозы, бұзау, бота.

Тіл ұстарту жаттығулары. Буындардан сөз құрау, сөздерден сөйлем құрау.

Ла-ла-ла-әдемі қала

Ло-ло-ло-дедім мен «алло»

Лу-лу-лу- тәртіпті болу.

Лы-лы-лы-араның балы

Лі-лі-лі- балқаш көлі

Ли-ли-ли- ақылды Али

Ел-ел-ел-бірге ойнайық кел

Ле-ле-ле- қатесіз сөйле

Ал-ал-ал-бұзылмас қамал

Ұл-ұл-ұл-арамшөпті жұл

Ол-ол-ол-жалғыз аяқ жол

Іл-іл-іл-жеті атаңды біл

Ыл-ыл-ыл-табылмас ақыл Л әрпін естігенде қол шапалақтау.

М,  И,  Ы,  Л.             Л,  О,  Е,  Ы.                   Е,  Ө,  Р,  Л.

Жаңылтпаш айту.

Шілікті шаптым,

Жілікті шаптым.

Шілікті жақтым,

Жілікті шақтым.

Жұмбақты шешіңдер:

Балықта бар да, нанда жоқ

Халықта бар да, ханда жоқ   (Л әрпі)

Сабақты бекіту. Бүгін қандай әріп өттік? Л дыбысы. Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырып: Дауыссыз С дыбысы мен әрпі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 1219
    • DOCX 48.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шайымбекова Назгуль Аманжолқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19761
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности наставника в общеобразовательной организации

Наставник в образовательной организации

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Скотоводство: организация работ по содержанию и разведению крупного рогатого скота в различных условиях

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе