Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Ардақтайық ананы!"

Тәрбие сағаты "Ардақтайық ананы!"

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ардақтайық ананы!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды аналарын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ой -өрістерін, тілдерін дамыту.

Тәрбие сағатының түрі: топ арасындағы сайыс.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер.

Тәрбие сағатының өту барысы: ұйымдастыру кезеңі.


Жоспары:

І «Мерекең құтты болсын, аяулы анашым» (оқушылардың аналарын құттықтауы)

ІІ «Жеңісім - анама» (топтар арасындағы сайыс)

Кіріспе:

Мұғалім:

  • Балалар, менің мына өлең сұрағыма жауап беріңдерші:

Саған жарық сыйлаған кім?

Жылатуға қимаған кім?

Жөргегіңді ауыстырып, құндақтап,

Сен деп жанын қинаған кім?

Сен ауырсаң жүдеген кім?

Күдігі тез үдеген кім?

Айыққанша, қосылғанша қатарға,

Тілеуіңді тілеген кім?

Қателессең кешірген кім?

Жан дүниеңді түсінген кім?

Бесіктегі іңгәлаған кезіңнен

Ақ сүт беріп өсірген кім?

Оқушылыр:- Анам!

- Ендеше, балалар, бүгінгі біздің «Ардақтайық ананы!» атты тәрбие сағаты, сендердің мына отырған аяулы аналарыңа арналады.

Көктеммен бірге, көктемнің ең тамаша, ең әдемі, сұлулықпен, нәзіктіктің мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, аналар мерекесі де келіп жетті. Сондықтан ардақты аналар, ұстаздар, сүйкімді қыздар сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, өмірдегі бар жақсылықтарды тілеймін!

Ең бірінші ана керек балаға,

Ақ аналар, жүріңдерші аман! - деп тәрбие сағатын бастаймыз.(Өту жоспарымен таныстыру)

І бөлім.(Оқушылар аналарын құттықтап өлеңдерін арнайды)

1 – оқушы:

Біз ғана емес,

Қадыр тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген – тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

2 – оқушы:

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

(Оқушылар бастарын иіп, аналарына еңбек сабағында дайындағын сыйлықтарын ұсынады)

Е. Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әні орындалады.


ІІ бөлім.«Жеңісім – анама» сайыс.

Жоспары:

  1. Топты таныстыру.

  2. Сұрақ – жауап

  3. Өнер сайысы.

  4. Тосын сұрақ (тығырықтан шығу)

  5. Сөз құрау

  6. Мақал – мәтел сайысы


Әділ қазы сайлау.

  1. Топты таныстыру. (1 – ші топ өзін таныстырып, сәлемдеседі).

Топ жетекшісі: Біздің топ – «Тапқырлар»

Ұраны – «Тереңірек ойлаймыз, таппай бәрін қоймаймыз!»

Сайыс туын нық ұстап қолымызға,

«Тапқырлар» деп ат қойдық тобымызға

Сұрақтарға жауап беріп, ән де айтамыз,

Қыдыр ата жар болсын жолымызға.

Сәлемдесу:

Бермейміз қолымыздан намыс туын,

Ақтаймыз анамыздың артқан жүгін

Баршаңызға жолдаймыз ыстық сәлем,

Әділетті болар деп сайыс бүгін

(2 – топ өзін таныстырып, сәлемдеседі)

Топ жетекшісі: Біздің топ – «Алғырлар»

Ұраны – «Сайысқа әркез жараймыз, алғырлықты қалаймыз»

«Алғырлар» деп неге атадық тобымызды ?

Деген сауал мазалар бойыңызды

«Алғыр» болсаң сайыста жеңерміз деп,

Саралап, қортып шықтық ойымызды.

Сәлемдесу:

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық

Алғырлар тобы алда болмыз деп, баршаңызға

Сәлем жолдап, келіп тұр, ортамызға

Мұғалім: Құрметтейік, ата – ана, халқымызды,

Шығарайық бар әлемге даңқымызды

Әрқашан береке – бірлікте боп,

Ұмытпайық ата – дәстүр салтымызды,- дей келе салт – дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берейік.

  1. Сұрақ – жауап. (Карточка түрінде берілген сұрақтарды таңдап алып, жауап береді)

1. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар.

1. Қазақтың ұлттық киімдерін атаңдар.


2. Жас сәби дүниеге келгеннен кейін жасалатын қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?

2. Үйлену тойында жасалатын қадай салт – дәстүрлері білесіңдер?


3. Қазақ қыста жейтін малының етін не деп атайды?

3. Қымыз қай малдың сүтінен жасалады?


4. Анаңның мінезін сипаттап бер.

4. Анаңның келбетін сипаттап бер.


Мұғалім: Қазақтың жас – кәрісі өле - өлгенше,

Самарқау тұра алмайды өнер десе.

Ендеше өнерлі ұл-қыздарды қарсы алайық,

Құрметтеп, қошеметтеп қол соғайық, - деп, өнер сайысына кезек береміз.

  1. Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.


  1. Жағдаяттан шығу.

І топқа: Бүгін сенің анаңның туған күні болатын. Сен оны құттықтауды ұмытып, сабаққа кетіп қалдың. Сабақтан келсең, анаң көңілсіз. Анаңның туған күні екені есіңе түсті, не істейсің?Анаңды қалай қуантасың?


ІІ топқа: 8 – наурыз мерекесі күні кішкентай Айдос анасына фотоальбом сыйлады. Анасы сыйлыққа ақшаны әкесінен алды деп ойлады, бірақ әкесі ақша бермеген еді. Айдос ақшаны қайдан алды деп ойлайсың? Егер сен Айдостың орнында болсаң, ақшаны қайдан алар едің?

5.«Ойлан тап» «Мерекеңізбен» сөзінен берілген уақытта басқа сөздер құрау. Топ мүшелері ақылдаса отырып жазып, оқиды.(Мысалы: мереке, із, мекен, біз т.б)


Мұғалім: Қастерлеп бабалардың дара үнін

Әр сөзінен өзіме алам үлгі.

Ендігі сәт әр топ мақал айтсын

Дәріптеп қазағымның даналығын.

6.Ана туралы мақал – мәтел айту сайысы.

Қорытынды. Сайыс қорытындысын жариялау үшін, сөз әділ қазылар алқасына беріледі.(Топтарды марапаттайды). Аналар балаларына тілектерін арнайды.

Мұғалім: Ана мейірі күн көзімен пара – пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңдар ақ ниетті аналар!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін» әні



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ардақтайық ананы!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 131 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 5315
    • DOCX 43 кбайт
    • 65 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хайруллина Нурзифа Кадылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18063
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 488 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек