Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Қазақ тілі сабағын дәстүрлі емес әдіспен өту

Қазақ тілі сабағын дәстүрлі емес әдіспен өту

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі сабағын дәстүрлі емес әдіспен өту

 

Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұның аша білу.

Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз.

Білім берудің талабына сай әр кезеңдегі білім парадигмалары өз міндеттерін атқарады. Ал, бүгінгі талап басқаша. Мұндағы басты мақсат – келешек ұрпақты жан-жақты қалыптастыру, яғни, терең білімді, рухани -шығармашылық қабілеті жоғары, сыни ойлау мүмкіндігі бар, өз бетімен ізденіп игерген білімін іс жүзіне асыра алатын тұлға дайындау.

Мақсаты – айқын. Аталған мақсатқа жетудің тиімді жолы ретінде оқытудың әр алуан технологиясын, әдістемесін пайдалану керек екені сөзсіз.

Технология мен әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі  жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Менің өз әдісім – ізденіс, ізденіске жұмылдыру.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.

Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік тіл – менің тілім ” тақырыбында сабақ өттім.  Сабақтың тәрбиелік мақсаты өз Отанына, өз тіліне деген сүйіспеншілік  сезімдерін арттыру болса, осы мақсатты бетке ұстай отырып жұмысымды құрастырдым. Экрандағы көріністер туралы алдын-ала тапсырма берілді. Сабақ  барысында оқушылар  “Тіл туралы” заң ата заңымыздың қай бабында , қай бөлімінде екенін білді. Осы сабақтарда мультимедиялық проекторды қолданудың маңызы қандай десек, біріншіден, оқушылар үлкен әсер алады, қасиетті тіліміз  жөнінде көп мағлұмат алып, білімін тереңдетеді. Өз бетімен жұмыс істеу арқылы өз күшіне деген сенімділік пайда болады, патриоттық тәрбие алады.

Өзім сабақ беретін сыныптарда оқушылардың танымдық ой-өрісін қалыптастыру мақсатында сабақтың әр кезеңінде өз қалауыммен жаңа тақырып түсіндіру алдында, өтілген тақырыпты қайталау мақсатында, жаңа тақырыпты бекіту үшін сабақ соңында, тіл дамыту сабақтарында немесе пән бойынша аудиториядан тыс өткізілетін шараларды  мультимедиялық проекторды қолдануға көңіл бөліп жүрмін.

Мультимедиялық проекторды қолданудың оқытушыға береріне келсек:

·                    Оқушының танымдық күшін қалыптастыру;

·                    Барлық баланы оқыту;

·                    Оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

·                    Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

·                    Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;

·                    Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену. (оқушыларға алдын-ала тапсырма беріледі)

Мультимедиялық слайдтарды қолдану, әсіресе дәстүрлі емес сабақтарда ыңғайлы. Үлгі ретінде мен сіздердің назарларыңызға сабақтарымнан бірнеше мысал келтіргім келіп отыр. Мысалы алсақ

 

Сөздік жұмысын жүргізгенде технология стратегиясының бір түрі – “Ассоциацияны” қолдануға болады. “Ассоциация ”. “Қазақстан” сөзін естігенде қандай сөздер ойыңызға келеді? Жазыңдар.  Бірінші оқушылар дәптерлеріне ойына түскен сөздерді жазады, содан кейін экранда төмендегі кесте шығады. Осы кесте бойынша мәтін құрастырады.

Тәуелсіз Қазақстан” тақырыбы сабағы бойынша проектор қайталау кезеңінде қолданылды. Проектордан еліміз және оның бас қаласы бойынша маңызды көріністер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері оқушылардың назарына ұсынылады, сонымен қатар “Астана”, “Қазақстан” тақырыбындағы сөзжұмбақтар арқылы қайталау жұмысы жүргізіледі.

Экранда: сөзжұмбақ Астана

1.     Астананың бұрынғы аты.

2.     Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?

3.     Астанадағы тәуелсіздік символы.

4.     Астанадағы университеттің аты.

5.     Астана өңірінде өндіретін қасиетті тағам.

6.     Болашақтың символы елестейтін мүсін.

 

А

 

 

 

 

 

 

 

С

 

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

Н

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

Бағдарлама бойынша берілген тіл ұстарту сабақтарының тақырыптары оқытушылардың қалауынша, сондықтан да өз қалауым бойынша (оқушылар орыс мектебінде оқыған, қазақ халқының салт-дәстүрлерін атүсті білетінін байқадым) бір тіл ұстарту сабағымды қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, соның ішінде сәбилерге байланысты рәсімдерге арнадым. Салт-дәстүр туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелескеннен кейін  мультимедиялық проектор арқылы бірнеше көріністер мәтіндерімен экранға түсірілді. Сол суреттер және мәтіндермен түрлі әдісті қолдана отырып жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде:

·                         Оқушылардың сөйлеу қабілеті дамиды;

·                         Тілдік қорын жетілдіреді;

·                         Салт-дәстүр туралы танымы тереңдейді;

·                      Ұлттық сана – сезімін оятуға әсерін тигізді;

       Ал, грамматикалық тақырыптар бойынша слайдтарды сабақты қорытындылау кезеңінде қолданған өте тиімді деп есептеймін.

   Мысалы: “Сөз құрамы” тақырыбын алсақ қос сөз, біріккен сөз, қосарлы сөз тақырыптары бөлек-бөлек сабақтарда өтіледі. Осы сабақты қорытындылағанда “Сөз құрамы” слайдын  экранға түсіріп, қорытындылау жұмысын жүргізсек ұтымды.

 “Үстеуді” өткенде мекен, мезгіл, себеп, мақсат, сын-бейне, мөлшер үстеулері де бөлек-бөлек сабақтарда өткізілсе, қорытындылау сабағында “Үстеу” тақырыбындағы слайд арқылы қорытындылау жұмысын жүргізсек, оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімін тұжырымдауға, ойын жинақтауға әсерін тигізетіндігі сөзсіз.

Қытайдың даналық сөздерін еске түсірсек:

                              Айтсаң - ұмытып қаламын,

                              Көрсетсең – есімде сақтаймын, 

                              Жасатсаң – үйренемін - дейді.

     Сөйтіп, жүйелі түрде оқу үрдісінде мультимедиялық проекторды қолданып отырсақ, біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы арттырады, екіншіден, оқушы да ұтады, себебі өз ойын еркін жеткізуге мүмкіншілік алады, өз бетімен еңбек етуге баулиды, өздерін сөйлету оқушының ой-өрісін дамытуға септігін тигізеді, оның тақырып бойынша  танымы кеңейеді.



































Тіл үйретудегі дәстүрлі емес сабақ түрлері



Бүгінгі таңда, білім беру жүйесінің жаңартылуы кезінде, жаңа технологияларды пайдалану өзекті болып табылады. Бүгінгі ұстаздың алдында жаңа талаптар қойылады. Әсіресе, тіл үйрену барысында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану білім алушылардың шығармашылық қабілетін ашуға, олардың оқу әрекетін белсендіруге зор мүмкіндік туғызады. Осы міндетті жүзеге асыру үшін «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жасалып, орындалуда. Бағдарламада Қазақстанда мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру және стандарттау, инфрақұрылымын дамыту, үдерісін ынталандыру жүйесін құру; мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейту, дәрежесін арттыру; қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйеге келтіру сияқты міндеттер көзделеді.

Сабақтың нәтижелілігі оқытушының шеберлігі, оның шығармашылық әрекетіне байланысты. Сол себептен, барлық оқытушылар өз сабақтарында әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Соның ішінде дәстүрлі емес сабақ түрлері ерекше орын алады. Дәстүрлі емес сабақ түрлері білім алушылардың белсенділігін артттыру, саналы түрде білім алу, өз бетімен білім алуды қамтамасыз етеді. Осындай сабақ түрлері білім алушылардың жалпы оқу және көшбасшылық дағдыларын қалыптастырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Дәстүрлі емес сабақ түрлері : іскерлік ойындар, бинарлық сабақтар, КТК- сабақ, театр-сабақ, жарыс-сабақ, концерт-сабақ, практикум-сабақ, пресс-конференция, консультация –сабақ, диспут-сабақ, жобаны қорғау сабағы, семинар-сабақ және т.б.

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қарастырайық. 

Іскерлік ойын  ең белсенді сабақтардың бір түрі. Оның барысында проблемалық жағдаят, рөлдер мен рөлдік мақсат, ұжымдық әрекет, кәсіби әрекеттің имитациясы көзделеді. Іскерлік ойын оқу процесін белсендіреді, пәнге деген білім алушылардың қызығушылығын тудырады, олардың материалды игеру деңгейін арттырады, командада жұмыс істеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, ынталары мен жадын дамытады, өз пікірлерін дәлелдеп, қорғай білуге үйретеді. Ойын әрбір білім алушыға өзіндік шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен, іскерлік ойындар қысқа мерзімде оқыту мақсаттарына  жетуге зор әсер етеді.

Бинарлық сабақ  — пәнаралық байланыстарды нығайтуға жол ашатын дәстүрлі емес сабақ түрі, оны екі оқытушы жүргізеді. Бұл екі оқытушының шығармашылық процесі, ол білім алушылардың шығармашылық процесіне айналады, өйткені екі ғылым түйісінде кез келген проблеманы зерттеу  әрқашанда үлкен қызығушылық, жоғары уәж тудырып, шығармашылық ізденіске жол ашады.

КТК- сабақ жарыс-сабақ түріне жатады, ол  білім алушылардың бойында көрермендердің танымал және сүйікті бағдарламасына ұқсайды.  КТК- сабақ түрін тақырыпты қайталау, қорытындылау барысында пайдалануға болады. Оның барысында  материалды еске түсіру, міндеттерді шешу, шығармашылық тапсырмалар түрлері  ұсынылады.  Топ екі командаға бөлінеді. Олардың білімін әділ қазылар алқасы (білім алушылар қатарынан) бағалайды. Тақтада олардың алған ұпайлары жазылып отырады.

Театр-сабақ түрі белгілі сценарий, театр атрибуттарының (актерлер, көрермендер, сахна, декорация) болуын талап етеді. Осындай сабақ түрі білім алушыларды халық шығармашылығына тартып, жеке тұлғаның эмоциялық қасиеттерін дамытады, тамаша сезімін тәрбиелейді.

Жарыс-сабақ  түрі ұжымдық әрекетке негізделеді, осында білім алушыларды ұжымдық тәрбиелеу, команда алдындағы жауапкершілік сезімін ояту мақсаттары жүзеге аысырылады. Жарыс –сабақтар мазмұны,  құрылымы, ұймдастырылу формасы жағынан әр түрлі болады. оның барысында күрделілігі алуан түрлі тапсырмалар ұсынылады.

Концерт – сабақ түрі қарапайым және қызықты емес болып көрінеді. Білім алушылары оқылған тақырып бойынша топ алдында өздерінің дайындаған нөмірлерін көрсетеді. Оның барысында музыкалық фрагменттерді немесе көрнекілерді (сурет, слайд) пайдалана алады. Осындай сабақтың негізгі мақсаты — білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталған  әдіс-тәсілдерді пайдаланған жөн.

Ізденіс — сабақ түрі білім алушылардың әр түрлі көздерден өз бетімен білім ала білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Осындай сабақтарда олар әр түрлі анықтамалық құралдарды, энциклопедияларды, оқулықтарды, көркем әдебиетті пайдаланып, сұрақтарға жауап ала алады. Сабаққа дайындалу барысында және сабақ үстінде білім алушылар «сарапшыларды» немесе Интернетті пайдалана алады.   Бұл сабақ түрі білім алушылардың өзін-өзі бақылауға үйретеді.

Практикум –сабақ түрі  білім алушылардың алған білімдерін, дағдыларын таныс және таныс емес оқу жағдаяты барысында пайдалануға мүмкіндік береді, оларды алған ақпараты бойынша өз пікірлерін қалыптастыруға,  кез келген мәселенің себеп-салдарын дұрыс анықтауға, материалдын маңыздылығын түсінуге, алдыңғы сабақтарда алған білімдерінің нәтижелілігін бағалауға үйретеді.

Пресс-конференция сабағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады. Білім алушыларды белгілі бір мақсатты шешуге үйретеді. Конференция барысында білім алушылар шығармашылық талқылауға қатысып, мәселенің шешу жолдарын табуға дағдыланады.  Тақырыптық конференция белгілі бір өзекті мәселе бойынша жүргізіледі. Осындай сабақтарда пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.  Тақырыпты білім алушылардың  өздері белгілеп алғандары дұрыс болады. Ол үшін сауалнама жүргізу немесе ауызша сұрақтартар қою әдісін пайдалануға болады.

Консультация –сабақ түрі  материалды жақсы игермеген, тапсырманы дұрыс орындай алмаған, сабақты босатқан, өздік жұмысты орындай алмаған, білімін тереңдеткісі келген  білім алушыларға көмек көрсету үшін өткізіледі. Консультацияларды уақытында, жоспарлы түрде өткізіп отыру керек, сонда ғана олар нәтижелі болады. Тұрақты түрде өткізіліп отыратын консультация-сабақтары білім алушылардың өз бетімен жұмыс істей алу қабілетін дамытып, олардың ой-өрісін кеңейтеді, оқу процесін жүйелі басқаруға мүмкіндік береді.

Диспут – сабақ түрі —  пікір талас түрі. Бір тақырып бойынша білім алушылардың әр түрлі пікірлері ортаға салынады.  Осындай сабақтарда білім алушылардың ойлау қабілеттері қалыптасады. Олар педагогикалық мақсаттарды да шешуге мүмкіндік туғызады. Сабақ барысында білім алушылар әңгімеге қатысып, өз пікірлерін білдіріп, дәлелдеуге, диалогке қатысып, қажетті сұрақтарын қоюға, келісу-келіспеушілік білдіруге  үйренеді.  Диспутке қатысу үшін тақырып материалын жақсы білу керек. Ол үшін қосымша әдебиетті пайдаланған жөн.  Диспут-сабағында оқытушы үйлестірушінің рөлін атқарады, ол пікір-таластың дұрыс бағытта жүруін бақылап отырады.

Жобаларды қорғау сабағының мақсаты — білім алушылардың сабақта алған білімін бекіту, оларды жоба арқылы қорғау, қорытындылауға үйрету. Жобаны қорғау барысында білім алушылардың эстетикалық талғамы, еңбек мәдениеті, логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Білім алушылар  өз еңбегін қорғауға ұсынып, оқытушы мен топтастарының сұрақтарын ажауап береді, өз пікірлерін дәлелдейді.

Семинар-сабақ үстінде тақырып бойынша алған білімдері тексеріледі.   Семинарға алдын ала дайындалу керек. Оқытушы әрбір білім алушының білім деңгейі және қабілеттері бойынша тапсырмалар дайындайды.  Семинар –сабақққа барлық білім алушылар дайындалады. Осында жалпы тапсырмалар (жоспар құру, анықтамалық әдебиетті оқу), топтық тапсырмалар (  баяндама жасау, презентация жасау, әдебиетті іздестіру, интервью алу), жеке тапсырмалар (мәнерлеп оқу, қорытынды жасау, талдау жасау, баяндама жасау) көзделеді.  Семинарда әрбір білім алушының  өз міндеті белгіленеді. Негізгі мақсат – өз бетімен еңбек ету, проблеманы шешу жолдарын табу.

Сөйтіп, дәстүрлі емес сабақ түрлері дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде тіл үйренушілердің  қазақ тілін оқытуда тіл мен ойлау қабілеттерін  дамытуға мүмкіндік туады. Қорыта келгенде, қазақ тілін оқыту барысында сатылы, жүйелі жұмыс жүргізілуі үшін дәстүрлі емес сабақ түрлерінің маңызы зор. Өйткені жалғыздың аты шықпас, жаяудың шаңы шықпас дегендей, игілікті істің нәтижелі болуы үшін мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, абыройын асқақтату жолында еңбек ету бәрімізге мәртебелі міндет.

Әдебиет:

  1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», 1-бет.

  2. Аяжанова Ж.Х., Әзімбаева Р.О. және т.б. «Мемлекеттік тілі жеделдетіп оқыту бағдарламасы, Петропавл, 2005ж.

  3. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, 2005 ж.

  4. Оралбаева Н., Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1996ж.

  5. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005ж.



Автор
Дата добавления 20.06.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров68
Номер материала ДБ-127243
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх