Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫН ӨТКІЗГЕНДЕ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫН ӨТКІЗГЕНДЕ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

Скачать материал

 

«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫН ӨТКІЗГЕНДЕ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

                                    Тлеубердинова М.С

                                         Ағылшын тілі

Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру                                   мектебі

Қазіргі таңда сапалы білім – жарқын,нұрлы болашақтын кепілі.Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта көп тілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым- қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің міндетіміз.Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көп тілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесінде біздерге,яғни мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл шетел тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.Қазіргі заман талабына сай мұғалім үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс- тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс-әрекетіне байланысты болмақ. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін мұғалім  өз мамандығына деген сүйіспеншілігі зор болу керек. Негізінен, сабақ үстінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығу пайда болады. Оқушыларға әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы сабақты жаңаша әдістемелікпен өткізу керек. Пән мұғалімі ретінде менің алдыма қойған мақсатым- ағылшын тілінің қажеттілігін оқушыларға жан-жақты түсіндіріп, ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету. Осы мақсатқа жету үшін талмай іздемпаздықпен еңбек ету қажетпін,әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып,оқушылардың білім алуға ынта-ықыласын оятып,тілді үйренуге құштарлығын арттыру басты мақсатым болып табылады.

Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту. XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан бүгінде шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:

- сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;

-интербелсенді тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;

-сабақты ойын түрінде өткізу;

-сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану;

Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады . Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

Менің тәжірибем аз болса да, сабақ беруде өзімдік методикам қалыптасты. Заманауи сабақтың дәстүрлі сабақтан гөрі тиімді екені сөзсіз.Сондықтан да мен сабағымды толығымен ойын түрінде өткізбей,сабақтың әр кезеңіне ойын элементтерін қосамын.Мысалы сабақты біз шаттық шеңберден бастаймыз,бір-бірімізге кішкентай допты лақтыру арқылы жылы лебіздер тілейміз.Оқушылар осының өзінде ойын элементтерін көріп,қызығады,ойын барысында олардың әрқайсысы жаңа сөздер еске сақтайды.

Сабақтың келесі кезеңі топқа бөліну.Оны да әртүрлі тәсілдермен жасауға болады.Мысалы бір сабақта олар  пазл арқылы топқа бөлінсе,екінші сабақта түстер,сандар немесе логикалық мағынасына қарай заттарды топтастыру арқылы топтарға бөлінеді.

Келесі кезең (балалар оны өте қызық көреді) өткен сабақтын тақырыбын постер жасау арқылы еске түсіру, қайталау,мысалы соңғы сабақта біз саn модальді етістігін өткен болсақ,екі топқа әртүрлі іс-әрекеттерді сипаттайтын қиылған суреттер,екі кейіпкер,мысалы мысық және құс,ақ кағаз,желім беріледі.Оқушылардың міндеті мысықтың,құстың істей алатын және істей алмайтын іс-әрекетін көрсету.Постерді қорғаған кезде олар топтың ішінен спикерді сайлайды,одан кейін бір-бірін смайликтер арқылы әділ бағалайды.Біз ойлағандай олар бір бірін мақтап қана қоймай әділ шешімді қабылдайды.Осының өзінде үлкен тәрбиелік мәні зор.Осы тақырыпты бекіту үшін ойынды де қолдануға болады.

 «At the Zoo» ойыны. 
Мақсаты: can модальді етістігінің қолданылуын үйрету. 
Ойынға қажет құралдар: әр түрлі партаға қойылған ойыншық аңдар. 
Ойын барысы: оқушылардың біреуі – экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады. 
Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly. 
Келушілер: Can it hop? 
Экскурсовод: No, it can’t. 
C
осын басқа оқушы экскурсовод  болады да, ойын ары қарай жалғасады
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут. 

Сабақтың тақырыбына байланысты ән жаттап айтудың өзінің бір ерекше орны бар.Оқушылардың әндетіп,іс-әрекетпен көрсетіп айтқан сөздері есте жақсы қалады.Сондықтан да біз әр сабақта ән жаттауға тырысамыз.

Әрине ойын тәсілдер көп,бірақ менің балаларыма ұнайтын ойындардың бірі ол, I am a teacher (Мен мұғаліммін).Мұғалім ағылшын тілінде командалар береді.Мысалы Отыр! Тұр! Айнал! Шапалақта! Секір! т.б Оқушылар сабақтан сабаққа үйренген командаларды орындарынан тұрып орындайды,одан кейін бір оқушы мұғалім болып тақтаға шығады да балаларға өзіңнін есінде қалған командаларын айтады.Балалар қайталайды.Өз тәжірибемде қолданатын ойындардың бірі ол

«Whose birthday is today?» ойыны.Мұғалім оқушыларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”. 
Оқушылар: What colour is her hear? 
What colour are her eyes? 
What is her nose like? 
What is she wearing? 
What is her hobby? –
деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді. 
Тиімді қолдана білген ойын арқылы білім беру сапасын арттыруға болады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді. Нәтиже:

 1. Әр оқушының шығармашылығы артады.

2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады.

3.Оқушының жеке қабілеті нықталады.

 4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.

5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды.

 6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.

 Қорыта келгенде, шет тілін оқыту үрдісінде ойын түрлерін пайдаланубіріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіденбалалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойынды дұрыс ұйымдастыру оның нәтижелі болуының басты себебі екенін есте ұстау абзал.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫН ӨТКІЗГЕНДЕ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.10.2015 1866
    • DOCX 22.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлеубердинова Майгуль Сайфуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45464
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов