Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМен пәніммен мақтанамын Сап Түзеу

Мен пәніммен мақтанамын Сап Түзеу

Скачать материал

Сап түзеу, Мен дүниетану және еңбек пәндерімен мақтанамын!

 

Тақырыбы: «Күз кереметі». 

Мақсаты: Оқушыларға берекелі күздің қыры мен сыры және ырысы мен қуанышы туралы түсінік беру. Өздерінің қатысуымен сахналық көрністер қойып, таным қабілеттерін ашу. Жыл мезгілдерінің төресі болған күз жайлы өздері білетін ойларын ортаға салу. Қоршаған ортаны аялауға, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі:  Сап түзеу

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сюжеттік ойындар, сахналық қойылым, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: үнтаспа, күзге байланысты суреттер, шарлар, т/б

Жүргізілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

А) Әр сынып оқушыларын  тұрғызу;

Ә) Рапорт беру

Б) ГИМН

В) Барысы:

Мұғалім сөзі:

Күз дегеніміз, біріншіден байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім. Осының бәрі күзде әбден пісіп-жетіледі. Дала да, егін де, орман да –бәрі сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді. Екіншіден, күз-ет пен май. Мал да, аң да, құс та күзге дейін семіріп болады. Күз-қауырыт еңбектің кезі. Барлық адам қысқа өзіне керектінің барлығын осы мезгілде жасап алады. Бүгін,  оқушылар, барлық жыл мезгілдерінің ішіндегі сұлтаны болған күз жайлы бар білетінімізді ортаға салмақпыз. Сондықтан бүгінгі «Күз кереметі» атты  сап түзеуімізге қош келдіңіздер дей отырып, шағын көрінісімізді бастаймыз.

Ерасыл:

Алтын сары, қызыл, көк-

Алуан-алуан жапырақ.

Аяулым:

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

Іңкәр:

Күн шуақта маужырап,

Жатыр еді атырап.

Балауса:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Нұрай:

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Медина

Бақтың іші алаша,

Ал билейік, шаттанып.

(жапырақтар тербеліп билейді де қолдарындағы жапырақтарын шашады)

(ортаға ақсақалды Күз-ата шығады)

Күз.  (Нәби)

Уа, өрендерім, армысыңдар, бармысыңдар. Бүгін мен сендердің алдарыңда өзімнің балаларыммен таныстырмақпын. Мынау менің үлкен ұлым -Диқаншы. Мынау менің кіші ұлым -Бағбан. Иә, балаларым қандай еңбек еттіңдер көрсетіңдер.

Диқаншы: (Ұлан)

Күз, мен жерге дақылдар салдым, оларым өсіп жетілді. Көкөністер салдым олар да өсіп жетілді. Бәрі бүгінгі күз кереметіне келді. Ендеше соларға сөз беріп көрейік.

(ортаға «Дақылдар» шығады)

Бидай (Мерей)

Нана анасы-бидаймын,

Елге ырыс сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қабыма мен сыймаймын.

Арпа (Әлима)

Күміс мұртты арпамын,

Ырыс-құтты арпамын.

Еңбек етіп, баптаған,

Еліме сый тартамын!

 

Тары (Үміт)

Ақ, қарамын, сарымын,

Мен-өнімді тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын.

Күріш (Аружан)

Күнді сүйген күрішпін,

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім.

(дақылдар тербеліп   хормен : Осы өнімнің бәрі де қазақ даласына молшылық әкелсін )

Ән: Мен, Қазақтың қызымын!

Нәби : Жарайсыңдар өрендерім! Бір жасап қалдым ғой.

Диқаншы: Ата, енді көкөністер мен жемістерді де байқап көрейік.

Қарбыз –қауын (Азат)

Ей, мен қарбызбын, қауынмын.

Кереметтің бірімін.

Жерде өсіп жетілер,

Жемістің мен бірімін.

Қияр (Жанайым)

Мен қиярмын қиярмын,

Банкағада сиярмын.

Салтақа да қоса бер,

Міне сондай қиярмын.

Картоп (Мансұр)

Құрдай мен жей алмас,

Майонезде қоса алмас.

Бірақ майға қуырса,

Жеген адам кете алмас.

Қоп-қоңыр картоппын, картоппын.

Хор: Күз,  сізге мың алғыс!

Күз: Ал, менің бағбан ұлым не айтар екен.

Бағбан: (Ерғанат) Күз менде құр келгем жоқ. Барлық жемістер пісіп толды. Адамдар жинап, кампот, тосап жауып жатыр. Сол жемістер жайлы білгіңіз келе ме?

(ортаға жемістер шығады, алма, алмұрт, өрік, шабдалы, шие)

Алма (Аделина)

Бәрінен тәтті алмамын,

Дастарқаннан қалмаймын.

Бәрі маған қызығып,

Қарағаннан ұялып,

Сол себепті қызылмын.

Өрік (Дулат)

Мен өрікпін, өрікпін,

Өзім сондай көрікпін.

Құр салса да табаққа,

Дастарқанға көрікпін.

Шабдалы (Әлімжан)

Мен әдемі  шабдалы,

Бәрі маған қарайды.

Кампот, тосап, қайнатар,

Бар адамға пайдалы.

Хор: Күз,  сізге мың алғыс!

Күз-Нәби: жарайсыңдар, қырандарым! Екі ұлымының еңбегіне халқы риза болса мен риза. Айналайын ұлдарым, елге қызмет еткендерің маған қызмет еткендерің. Жарайсыңдар!

  Барлық оқушылар: Алтын күз, әуенімен ырғақты би орындай отырып, жасап келген  қол өнерлерін көрмеге  қояды!

Мұғалім: Тек күз осындай қуаныштарынан басқа тағы үлкен қуаныш сыйлап жүр .

Күзде оқушылар мектепке  асыға келген күн  «Білім күні!»,  Қазан айында «Ұстаздар күні» , қасиетті «Құрбан айт» мерекесі болып өтті. Сондықтан да  барлық адамзаттық  жүректеріңізге күздің күніндей жылылық пен молшылық  тола  берсін деген тілекпен бүгінгі сап түзеуімізді аяқтамақпыз. Дастарқандарыңызға күздің мол ырысы құйылсын !

Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мен пәніммен мақтанамын Сап Түзеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.04.2017 741
    • DOCX 18.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Багыбаева Айгерим Амангелдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22125
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек